Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет6/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#142328
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Құқық нысанының мазмұны


Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде – мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан құқықтың нормаларды адамдардың, заңды түлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. Бұл барлық мемлекеттердің, әсіресе дамыған елдердің, тәжірибесінен белгілі болып отыр.

Құқық нысаны – мемлекеттік биліктің заңға, нормана айналу түрлері. Бұл пікірді дүниежүзілік мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.

Құқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікір бар: бірінші – құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді: екінші – мемлекеттік органдардың қабылдаған актілерін нысан дейді; үшінші - қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормаларды құқықтық нысан дейді. Бұлардың бәрінде шындық бар. Себебі құқықтың маңызы, ролі, ықпалы сан алуан. Мұның қайсысын алсаң да құқықтың неше түрлі маңызы, ықпалы, ролі байқалады.

Соның бәрі құқықтың нысаны.

Құқық нысанының белгі – нышандары, ерекшеліктері:



  1. Қоғамның экономикалық базисна сәйкес қалыптасатын мүдде – мақсатты іске асыратын нормалар;

  2. Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын нормалар.

  3. Бостандықты, теңдікті, әділеттікті қорғайтын нормалар

  4. Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.

Құқық нысанының негізгі түрлері;

Құқықтық әдет – ғұрып. Бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны.

Прецеденттік құқық нысаны – белгілі бір іске байланысты қабылданған шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істтерді қарағанда басшылыққа алынып отырады. Оның екі түрі бар

а) соттық прецедент;

ә) әкімшілік прецедент (басқару органдарының шығарған шешімі)

Заң ғылымы – (құқықтық доктрина) – құқықтың жақсы қалыптасуына, дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана бұл доктрина өте кең шеңберде қолданылады.

Норматив тік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады. Мысалы: ГФР-ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар, кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
Референдумда қабылданған нормативтік актілер заңның бір түрі.

Сондықтан бұл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері: жалпы мемлекеттік, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс, ол саяси күрестің түрі.




Тақырып:15

Құқық нормалары.
Жоспар:


  1. Құқық нормасының түсінігі. Құқық нормасының белгілері.

  2. Құқық норма құрылымы. Гипотеза, диспозиция, санкция.

  3. Құқық нормаларын класификациялау.

Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеумметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтың норма қоғам мүшелерінің мінез - құлқын, іс - әрекетін арнайы ережелермен реттейді.

Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзінде асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді: қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын т.б. демократиялық іс-әрекеттерді біріктіреді.

Құқықтық норманың құндылығы:



  • құқықтық нормалар қоғамды реттеп, басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынасттарына дұрыс бағыт беріп отырады:

  • құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынасттарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;

  • құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады:

  • құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты т.б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады:

  • құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.

Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды рреттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым – қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.

Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Дизпозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі – моделі. Мысалы КР, АЗК, 482 б. Екі немесе көп жаты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозициянының үш түрі болады.

Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. (ҚР-ҚК – 7 б). Гипотезаның үш түрі болады:


  • егерде норманың іс-әрекеті бар жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды:

  • егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды:

  • егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса, мүндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.

Санкция - диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі болады:



  • абсолютті айқын санкия: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу т.б.

  • салыстырмалы айқын санкия: минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстің баптары);

  • альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз ролін дұрыс, уақытында, жақсы оррындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.

Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық болмайды. Конституцияның баптарында кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Қылмыстық Кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс жүзінде норманың элементтері нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің әр баптарында болуы мүмкін.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілер – Кеңесттер, Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал губернатор, әкімдер – тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды. Конституцияға сәйкес мәслихаттардың жергілікті бюджет кірісін қысқартуды немесе шығысын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгізілуі мүмкін.
Құқықтық норма, оның белгілері.

Норманың түсінігі

Құқықтық жүйенің өміоге келген бірінші элементі, мемлекеттің атынан қабылданған орындалуы міндетті ресми органның бақылауындағы заң құжат




Мемлекеттік аппараттың бекіткен немесе қабылдаған нормасы



Құқықтық норманың белгілері

Қарым-қатынастың мүмкіншілік түрлерін, шекарасын анықтап және қатынасушы субьектілердің болашақ тәртібін көрсету


Норманың орындалуы міндетті – ерікті, еріксіз



Қатынасушы субьектілердің құқығы мен міндеттері бірге болады

Қоғамдағы қарым-қатынасты мемлекеттік реттеуші, басқарушы






16 – Тақырып



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет