Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет7/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#142328
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Құқық шығармашылығы.


Жоспар:

  1. Құқық шығармашылығы және нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру.

  2. Құқық шығармашылығының жалпы сипаттамасы, қағидалары

Қоғамды басқаруда мемлекет пен құқық сан алуан нормативтік актілерді өмірге әкеліп, ескіргенін жаңартып, кемшіліктері болса толықтырып отырады. Заң неғұрлым мазмұны жағынан өмір талаптарына сәйкес, халықтың ой мен негізгі мүдделерін терең қамтыса, нысаны жағынан да әбден жетілсе соғұрлым ол тәуелсіз демократиялық мемлекет құру күресіне тиянақты үлесін молынан қосады, заңның беделі артады. Сол себепті заң жобасын жасауға оны жан-жақты талқылауға көпшілік халықтың, қоғам ұйымдарының белсене қатысуы біздің жалпы халықтық мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың мемлекетімізде заңдылыққа айналды. Өте маңызды заң жобалары халықтың талқылауына түседі. Заң қабылдайтын орган – Парламент көпшіліктің ұсыныстарына жеке көңіл бөледі, оның тұрақты комиссияларында мұқият тексеріліп, Парламентке арналған ұсыныстар алынады. Демократияның қағидалары осылайша заң қабылдау саласында іс жүзінде асады. Заң жобасы туралы пікір айтуда азаматтарға, олардың қоғамдық ұйымдарына шек қойылмайды. Мұндай ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарда жан – жақты қаралады. Заң жобасын ұсынудың ерекше түрі бар, оны депутаттар тобы мен мемлекеттің Үкіметі ғана жасай алады. Олардың ұсынған заң жобалары Парламенттің талқылауына түседі. Заңға тәуелді нормативтік актіге де осылай жан-жақты талқылаудан өтіп барып қабылданады.

Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары:

1. Демократизм мен жариялық - шығармашылық процесіне қалың бұқара, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, еңбек ұжымдары, саяси партиялар, апарат, заңгерлер, ғалымдар қатысып, мәселе бойынша жалпы халлықтық референдум жүргізіледі.

2. Заңды кәсіпқойлық – мемекеттің заң шығармашылық органдарының кәсіпқойлық саласын көтеру, оның жұмысына заңгерлерді, ғалымдарды, социологтарды, политологтарды, т.б. тәжірибелі азаматтарды қатыстыру. Заң шығармашылық процестің сапасын көтеру үшін: біріншіден - қысқа және ұзақ мерзімді заң шығару жоспары болу керек; екіншіден - заң және заңға тәуелді нормаларды шығарудың көп жылғы тексерістен, тәжірибеден өткен ережелері болу қажет; үшіншіден – заңның жобасын тәуелсіз ғылыми сараптамадан өткізіп барып, парламеннтте талқылау керек; төртіншіден - парламенттегі депутаттардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру қажет.

3. Құқық шығармашылықтағы заңдылық – жаңа қабылданатын нормалар Конституцияның талаптарына сәйкес өмірге келуі қажет. Егерде мемлекеттің ең жоғарғы өкілетті органдары Конституцияға нұқсан келтірсе, ол мемлекеттен жақсылық күтуге болмайды.

4. Құқық шығармашылық процесінің ғылыми сапасын көтеру – бұл үшін қоғамның саяси - экономикалық, мәдени- әлеуметтік жүйелерін жан – жақты зерттеп, олардың ғылыми тұрғыдан талаптарын анықтап, қорытынды тұжырымдар жасап, оны қалай сапалы заңға айналдыру жолдарын, бағыттарын белгілеу. Ол ғылыми тұжырымдарды тәжірибеден, тексерістен өткізіп алу керек.

Тақырып: 17

ҚР мемлекеттік органдарының құқық шығармашылық қызметттері.
Жоспар 2

1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйеге келтіру түсінігі, оның түрлері.

2. Инкорпорация, Кодификация және оның түрлері.
Құқық шығармашылық мемлекеттің жұмысының ең күрделі, өте жауапкершілікті түрі. Норма шығармашылық қоғамдағы қарым-қатынасттарға тікелей ықпал ететін негізгі жол, құқықа мемлекеттің күш беретін құрал. Құқық шығармашылық тек мемлекеттің жұмысы, мемлекеттің қоғамның, жеке адамдардың мүдде - мақсатын іске асыратын, орындайтын бірден-бір айқындалған жол. Басында норма туралы ой-пікір табиғи жолмен қалыптасып, жаңа қатынастарды реттеуге, басқаруға үлес қоса бастайды. Бірте-бірте ой-пікір норманың жобасына айналады. Сөйтіп мемлекеттік органның қарауына талқылауына түседі.

Құқық шығармашылықтың үш түрі бар:



  1. Тікелей мемлекеттік органның нормативтік актілерді қабылдауы, бекітуі, шығаруы:

  2. Өмірде көп жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік нормаларды қабылдап, бекіту.

  3. Нормаларды референдум арқылы бекіту. Норма шығармашылықтың өзіне тән қағидалары: Әділеттік, демократизм, заңдылық, теңдік, достық, бостандық. Міне осы қағидалар дұрыс дамыса, мемлекеттің жақсы жұмыс жасауының сипаттамасы. Бұл қағидаларды бұзуға жол бермеу керек.

Президенттің актілері. ҚР Президенті бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президенттің жарлықтары Конституция мен Республика заңдарының негізінде және оларды орындау үшін шығарылады. Республика Президентінің жарлығымен

Республика Президентінің актісін шығаруда талап ететін Президенттің Конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады:

Үкімет актілері. Нормативтік жүйеде бұл актілер үшінші оренда тұрады, олар заңдардың және Республіка Президенті актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылатын Үкіметтің нормативтік актілері және қаулылары.

Үкімет актілері алқалық түрде оның отырыстарында дауыс беру арқылы қабылданды, оған Премьер - Министр қол қояды.

Премьер – Министр шығарған нормативтік актілер жеке өкімдерге жатады. Үкімет норма шығару саласында құқығын жүзеге асырады.

Мәслихаттар өз құзіретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер тиісті әкімшілік – аумақтық бөліністің аумағында орындалуға міндетті шешімдер мен өкімдер қабылдайды.




Тақырып: 18

Құқық құрылымы және жүйесі.


Жоспар

  1. Құқық құрылымы және жүйесі туралы түсінік.

  2. Құқық нормасы. Құқық институты. Құқық сапалары.

Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл обьективтік дилектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың обьективтік даму процесіне сәйкес құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.

Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы емес. Ол қоғамнның әр саласына сәйкес обьективтік, диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғамның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Құқықтық құрылым. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы, дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттің құрылысы, саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді.

Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса, құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші сұрақта толығырақ айтылады.

Құқықтық жүйе дегеніміз - әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне қарай, әдет-ғұрып, орындалуының әдістері мен тәсілдері.

Құқық құрылымы дегеніміз – құқықтық нормалардың ішкі құрылымы және олардың дамуының, орындаллуының әдістері мен тәсілдері.

Құқық жүйесі дегеніміз – құқықтың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге бөлінуінің обьективтік заңдылықтары. Құқық жүйесі тақырыптың ең күрделі өзекті мазмұны. Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту, нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.

Құқықтық институт – бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нормалардың және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықта меншік, шарттық байланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік құқықта лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, мемлекеттің органдарының қызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.

Тақырып: 19

Халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдылығы.
Жоспар:

1. ҚР құқық салаларының мінездемесі.
Материалдық құқық - қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, жақтап, қорғап отыратын нормалар. Мысалы; қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық құқықтық нормалар, әкімшілік құқықтық нормалар т.б.

Процессуалдық құқық – материалдық құқықты қалай, қашан, қандай жағдайда қолдауды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық – процесуалдық және азаматтық процесуалдық құқықтарда көрсетілген нормалар.

Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтардың, бірлестіктердің, ұжымдардың, мемлекеттің мүдде – мақсаттарын қорғап, дамытып отырады. Бұл мүдде – мақсаттар екіге бөлінеді; бұқаралық және жеке тұлға мақсаттары. Осы екі мүдде - мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға құқығы қалыптасады.

Құқық жұйесі обьективтік құбылыс. Ол қоғамның деалектикалық даму процесінің обьективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан, құқықтық нормалар субьективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның обьективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыпттасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып жатады. Сондықтан мемлекеттік органдарды реттеп, басқарып жатады. Сондықтан мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму процесі не сәйкес құқықтық нормалар жан- жақты талқыланып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару процесінде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.

Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде субьективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым- қатынастарды жақсы дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді мемлекетті дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.

Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.

Құқық және заң жүйелерінің даму бағытары - құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұныда, сапасы да тереңдеп, жақсара тұседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары:

1). Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құқық пен заңды обьективтік тұрғыдан дамытуды;

2). Құқық жүйесінің дамуы;

3). Заң шығармашылық процестің сапасын жақсарту.


Құқықтың жүйесі, оның құрылыс элементтері.


Құқықтың жүйесі –оның ішкі құрылысы, қоғамдағы барлық нормативтік актілер бір принциппен бір жинаққа бірігіп, сонымен қатар мазмұны тұрғысынан жүйе-жүйеге, элементтерге, тарауға бөлінуі

Құқықтың құрылыс элементтері



Құқықтың саласы

Қоғамдық өмірдің бір саласы және бір-біріне ұқсас қатынасты реттейтін нормалардың жинағы. Мысалы: азаматтық құқық, қылмыстық құқық,



Құқықтың институты

Құқықтық саланың бір бөлігінің қатынастарын реттейтін нормалардың жинағы. Мысалы: құқықтық сауда-сату, жерді арендаға беру.








Құқықтың бөлімі

Құқықтық саласының ұқсас қатынастарын реттейтін нормалардың жинағы.

Мысалы: азаматтық құқықтың “Мідеттік құқық бөлімі”

Құқықтық норма

Құқықтық жұйесінің бірінші бөлімі , бір нақты құқықтық қатынасты реттейтін норма.



20 – Тақырып



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет