Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет2/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#142328
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті


“Экономика және құқық” факультеті

“Құқық” кафедрасы

“Мемлекет және құқық теориясы” пәні бойынша 050115 “Құқық және экономика негіздері” мамандығының студенттері үшін


ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай 2007 ж.

9. лекция сабақтары
Тақырып: 1

Мемлекет және құқық теориясы пәні мен әдісі

Мемлекет және құқық әдістері
Жоспар:



    1. Мемлекет және құқық теориясы жөніндегі түсінік.

    2. Мемлекет және құқық теориясы пәнінің әдісі, қызметі, құрлысы.
    Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымының ролі.

Жалпы теорияның пәні, оның мазмұны

Әр ғылымның өз саласында обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне –предметіне айналады. Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси экономикалық, мәдени - әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым – қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрлысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, функцияларын зерттейді.

Мемлекет пен құқықты бір – бірінен айыруға болмайды. Олар обьективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси – экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық –нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.

Осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс-тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.

Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы обьективтік және субьективтік заңдылықтарын, әдіс – тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесінде болған жақсы жақсы тәжірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.

Мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму обьективтік заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты.

Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:



  • қоғамның қалыптасу, мемлекет және құқықтың өмірге келу заңдылықтары;

  • қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;

  • қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсаты.

Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады:

Онтолгиялық функция – (грек...шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.

Гносеологиялық функция – (грек..білім теория) таным теориясы арқылы мемлекет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.

Эвристикалық функция – (грек.. табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс – тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.

Әдістемелік функция – мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.

Саяси функция – қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі - сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.

Идеологиялық функция – жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеялард біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.

Тәжірибелік-ұйымдық функция – тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыру қажет.

Болжау функциясы – жалпы қоғамдағы саяси – құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп, басқару бағдарламасын дайындауы қажет.

Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.

Мемлекет және құқық теориясының белгі – нышандары. Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты зерттеп, оның обьективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымның бір саласы.

Жалпы теория мемлекеттік – құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным мәселелерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық жеке тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Құқық және мемлекет теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі мәселелерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту; жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу.

Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория-ғылым нені зерттейді ?-деген сұраққа жауап береді. Методика – ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді ? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл обьективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәірибеде дәлелденген.

Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсресе бұл өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана – сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты – адамның бостандығы, құқығы, қадір – қасиеті, ар-намысы.

Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.

Мемлекет және құқық теориясы барлық заң ғлымының салаларының обьективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады.

Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы дилектикалық даму процессінде болғандықтан ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады.

Теориялық білімді нығайтуға ықпалын тигізетін үлгілер 1



Мемлекет және құқық теориясы



Теорияның пәні


Теорияның әдісі


Теорияның пәні






Теория – “Ғылым нені зерттейді” деген сұраққа жауап береді



“Ғылым қандай әдіс – тәсілменен зерттеу жүргізеді?” – деген сұраққа жауап береді.





Теория:

Мемлекет және құқықтың пайда болуын, дамуын және қоғамды басқарудағы жалпы объективтік заңдылықтарын қарастырады




Методиканың зерттеу әдісі – философияның заңдары мен санаттары






Тақырып: 2

Мемлекеттің пайда болуы.

Мемлекеттің пайда болуы, оның белгілері.
Жоспар:





  1. Алғашқы қауымдық билік және оның экономикалық негіздері.

Алғашқы қауымдық қоғам – адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Дамдардың дене құрлысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процес бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отрды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінеді.

1. Жабайы адам дәуірі 40-12 мың жылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын: тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасып қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда – дайынды игерушілік дәйірі. Бұл кезеңде қиыншылық, ашаршылық жиі болды.

2. Экономиканы қолдан жасау дәуірі – 12-4 мың жылдықтар арасы. Бұл кезеңде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-сезім, білімі жоғарылады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік қалыптасты. Металургия, керамика өмірге келді. Малшылық-егіншілік арқылы сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс пайда болуы мен іс - әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптсатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш – қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Европалық елдерде – мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде – мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта аристократиялық республика болып қалыптасты.


Тақырып: 3

Мемлекеттің шығу дайындылығы
Жоспар :

  1. Мемлекеттің шығуы туралы теориялар

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін тәртібін қоғамдық мүде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері сегінші жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл – уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Сегіз жыл – бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын оқиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.

Қазақстан Конституциясы мемлекетіміздің беріктігін нығайта түсті, билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде бекітті. Азаматық қоғам институттары құрылды, адам құқығы сақталуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.

Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі. БҰҰ-ның мүшесі болыд. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және үкіметаралық 800-ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды.

Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттіліктің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды реттеп және бағыттап отыруға қабілетті біртұтас мемлекеттілік билік қалыптасты.

Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл – күйіне, ұлттық сананың түлеуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды.

Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің Конституциямыздың баянды етілген.

Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынған.

Тақырып: 4

Мемлекет типологиясы.

Жоспар:


  1. Мемлекет типологиясының қалыптасуы.

  2. Мемлекеттің маркстік типологиясы.

  3. Құл иеленуші мемлекет.

  4. Феодалдық мемлекет түрі.

5. Социалистік мемлекет түрі.


Мемлекеттерді жіктеу процестері олардың тарихи дамуын дұрыс түсіну үшін қажет. Типология – қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмұны мен нышандарын түсіну үшін қолданатын әдістер мен тәсілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүние жүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз –бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз обьективтік процесс.

Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси мазмұнымен және алдында тұрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономикалық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғамның дифференциациалау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардың мүдесін қорғайды, басқару процесінде қандай демократиялық әдістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.

Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғамды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К. Маркс, Ф.Энгельс,, В.И. Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесін қорғайтын құрал деп түсіндіреді. Марксистік тұрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттер. Бірінші рулық қоғамда мемлекет әлі болған жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіне революция арқылы өтеді. Мемлекеттің негізгі мақсаты – бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байланысты. Марксизм мемлекетті – бір таптың екінші тапты қанау аппараты деп анықталады. Типті осындай бөлудің прогрессивтік те, негативтік те, жақтары бар.

Мемлекетті типология әдісінің хронологиялық түрі. Бұл әдістің ьірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, Рим және ежелгі тарих, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезеңдері (1555-1650), өзгеріс және дағдарыс кезеңдері (1650-1800), одан кейін ХІХ-ғасыр және қазіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің дамуын бұл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын келесі кезеңдерге бөлетіні жақсы мәлім:

1). Ежелгі мемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс мемлекеттердің тарихы оған біздің дәуірге дейін төртінші мың жылдығында пайда болған Египет мемлекетінен бастап, Вавилон, Қытай, Ассирия, Үндістан, Персия және басқа шығыс мемлекеттері жатады. Бұл кезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияларға жатады. Бұдан кейін көне дәуірдегі антикалық мемлекеттерінің кезеңдері басталады, бұл кезең біздің эраның 476 жылына дейін созылады.
2). 476-жылдан басталған кезең орта ғасырларға жатады, бұл кезең шығыс мемлекеттердің тарихында қараңғы ғасырлар деп аталады, ол ислам цивилизациясымен байланысты, бұл араб халифаттың көлеңкесінде пайда болған ислам мемлекеттерінің тарихы. Европа мемлекеттерінде бұл кезең феодалдық мемлекеттердің тарихы, ол ағылшын буржуазиялық революциясына дейін жалғасады.
3). Келесі кезең ХХ-ғасырдың басына дейін жаңа ғасырларға жатады.

4). Ал қазіргі ХХ ғасыр қазіргі дәуір деп аталады.

Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологиялық бөлудің көп прогрессифтік жақтары бар. Мемлекет қай таптың мүддесін қорғайды немесе оның экономикалық жағдайының ерекшеліктері бар ма деген сұрақтарға жауап бергеннен басқа, бұл даму кезеңінің, дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар екенін анықтайды.
Шығыс мемлекеттері. Оған біздің дәуірге дейінгі 4-мыңжылдықтың соңында Египет мемлекеті, одан кейін 3 мыңжылдықта

- Шумер, Ассирия мемлекеттері, 2-мыңжылдықта – Үндістан, Қытай, Хатердің патшалығы пайда болғаны белгілі. Марксизм бұл мемлекеттерді құл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, бірақ бұлардың құл иеленушілік мемлекеттерден айырмашылығы өте көп. Олар шығыс деспотия деген ерекше мемлекеттік типті құрады. Бұл мемлекеттерді біріктіретін жалпы негізгі нышандары бар: экономикасында рулық қоғамның қалдықтары көпке дейін сақталғаны белгілі. Сондықтан жеке меншікпен қатар қоғамдық және мемлекеттік меншігі қалыптасты. Экономикалық жағдайға климаттың ерекшеліктері өзінің әсерін тигізді. Қоғамның мүддесін қорғау үшін жер суару және басқа жалпы жұмыстар жүргізілді. Осы мемлекеттер ұлы өзендердің Хуанхе, тигр, Евфрат, Ніл жағасында орналасты. Бұл елдердің саяси жағдайларын дұрыс түсіну үшін осы ерекшеліктерді ескеру қажет. Құлдық институттың ерекшеліктері болатын. Құлдар көбіне мемлекеттің, қауымның және әрбір жанұяның жеке меншігінде болады. Жердің жеке меншігі күшті дамыған жоқ. Шығыс мемлекеттерде көбіне монархия түрінде дамыды. Құқықтың жазылу түрлері де пайда бола бастады, мысалы, Ману, Хамурапи заңдары. Шығыс мемлекеттер тарихтағы бірінші мемлекеттердің типін құрады.

Әрбір құқықтық саланың өзінің прогрессивтік жерлері бар. Мысалы, қылмыстық сала мынадай негізгі принциптерге кепілдік береді: заңда жазылмаған іс қылмыс емес, бір қылмысқа бір жаза, жазаның ауырлығы қылмысқа сәйкес болуға тиіс, адамды қинайтын жазалар қолданбауы тиіс. Азаматтық құқықтық салада шарттардың және өнеркәсіптің бостандықтары, некені мемлекеттің тіркеуі, некеде екі жақтың теңдігі.
Мемлекеттің қалыптасуы

Алғашқы қоғамның ыдырауы, мемлекеттің пайда болу себептері:

-қосымша құнның пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы,

-қоғамның тапқа бөлінуі,

-қанаушылықтың қалыптасуы,

-қанаушы тап өзінің үстемдігін жүргізу үшін мемлекет құрады




Мемлекеттің қалыптасуы туралы теориялар:

-шарттық теория

-органикалық теория

-діни теория

-ішкі, сыртқы үстемдік теория

материалистік теория



Мемлекеттің алғашқы қоғамнан өзгешіліктері:

-халықты территорияға сәйкес біріктіреді

-жеке қоғамды басқаратын аппарат құрады

-мемлекеттік салық қалыптасады





Азия типтік мемлекеттердің қалыптасуы, олардың өзгешіліктері



Рим, Греция мемлекеттерінің қалыптасуы, олардың ерекшеліктері


Феодалдық мемлекеттердің құрылуы, оның себептері



Тақырып: 6

Мемлекет нысаны.

Жоспар:



    1. Мемлекет нысанының түсінігі.

    2. Басқару нысаны. Монархия. Республика.

    3. Ұлттық мемлекеттің нысаны.

    4. Әкімшілік аймақтық құрылым нысаны.
    Мемлекеттік саяси режим.

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін, 1993 жылғы Конституцияның орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси жүйесі құрылды.

Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалды.

Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы – түріктер, бергі атасы – қыпшақтар өмір сүрген. ХV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы ХХ-ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.

Мемлекеттің нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді. Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-мемлекеттің құрылысы, олардың демократиялық іс -әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі обьективтік процес. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге әсерін тигізді.

Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі жән жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бірінші, Ата-түрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннің саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70-жылдан аса уақытқа үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.

Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Республика мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерле мен органдар республикада болмайды. Республиканың ең бірінші түрі – Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған ер адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі, бар әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін заң шығарды. Басқа органдар бесжүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауаптыы болатын.

Жаңа кезеңде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және парламенттік республикалар. Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық, заңсыздық көргеннен кейін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен, мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Президенттік республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару билік – президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында. Президентті халық сайлайды. АҚШ-та 4 жылда бір рет президенттік сайлауы өтеді.

Парламент республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолында жиналған. Каинет пен премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі параламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет - әлсіз президент.

Мемлекеттің нысаны

Мемлекеттің нысаны үшке бөлінеді



Мемлекет басқару нысаны

Мемлекеттің жоғары аппаратының құрылысы, оларды құру тәсілі, аппараттының бір-бірімен байланысы.






Мемлекеттің құрылымдық нысаны

Мемлекеттің әкімшілік аймақтық және ұлттық құрылысы, автономиялардың, өлкелердің бір-бірімен байланысы, орталық аппарат пен жергілікті органдардың қарықатынасы







Мемлекеттің саяси басқаруының режим нысаны




Жалпы мемлекетті басқару тәсілдері, саясаттағы демократияның деңгейі






Тақырып: 6

Мемлекеттің қызметі (функциясы).

Жоспар:


  1. Мемлекет қызметінің түсінігі және мазмұны.

  2. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері.

Өткен тақырыптарда мемлекеттің пайда болуын, оның мазмұнын, типологиясын, нысанын, әкімшілік – аймақтар құрылысын, саяси, әкімшілік басқаруын жан-жақты қарастырып өттік. Бұның бәрі мемлекеттің статистикалық көрінісі. Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындалуына, қандай қызмет атқруына назар аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.

Функция – заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде – мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланады. Функциясы мемлекеттің таптық мазмұнынан сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал – демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас

Мемлекеттік қызметтің орындалу тәртіптері: жеке тұлғалар ерікті, еріксіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзіретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.

Мемлекеттік билік толып жатқан субьектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықық нысаны дейді.

Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:

1). Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;

2). Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.

Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:

1). Құқық шығармашылық

2). Құқықты орындаушылық

3). Құқықты қорғаушылық

Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субьектісі мемлекеттік орган болады.
Тақырып: 7

Әр типтегі мемлекет функциясы.

Жоспар:



  1. ҚР функциялары.

Мемлекет функциясының түрлері.

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп – басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функция өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияның ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:

Экономикалық функция – мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:



  • бірінші - салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп, басқру

  • екінші – экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту:

  • үшінші – ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс);

Әлеуметтік функция – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты – адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыта – адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.

Қаржы реттеу функциясы – қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп, басқарп отыру. Бюджеттің (кірісі мен шығысын) дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырды. Жергілікті басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді. Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден аппараты тексеріп, бақылап отырады.

Мәдениет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана – сезімі, білімі, әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.

М
Мемлекеттің қоғамның барлық саласында атқаратын жұмысының негізгі бағыттарын функция дейді.
Функцияның түрлері:
емлекеттің функциялары



Функцияның түсінігі




Ішкі функциялар



Уақытша функциялар

Тұрақты функциялар

Сыртқы функциялар уақытша функциялар




Қорғаныс


Экономикалық


Экономикалық



Әлеуметтік






Қаржыны бақылау



Саяси




Заңдылықты, құқықтық тәртіпті бақылау



Мәдени


Ғылыми- техникалық


Халықты тәрбиелеу



Бейбітшілік, халықаралық демократияны сақтау


Экологияны сақтау




Халықаралық достық




Тақырып: 8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет