Құқықтық мемлекет
Пікірлер
Құқықтық мемлекеттің мазмұны
Макиавелли-азаматтарға бостандық, теңдік беру
Заңның үстемдігі
Монтескье –бостандыққа заңнан басқа тыйым болмау керек
Азаматтардың теңдігі, бостандығы және еркіндігі
Дидро – заңның негізі халық, адам
Мемлекет және адамның өзара жауаптылығы
Кант-мемлекет-халық бірлестігі, ол құқықтық нормаға бағынуы керек
Қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп
Гегель қоғамда барлық жұмыс құқыққа сәйкес болу керек.
Мемлекеттік демократиялық режим
Марксизм – құқықтық мемлекет коммунистік қоғамда болады
Мемлекеттік биліктің бөліну принципі
Тақырып: 11
Құқықтың түсінігі және мазмұны.
Жоспар:
-
Құқықтың пайда болуы.
-
Құқықты қалыптастырудың негізгі тәсілдері, құқық белгілері.
-
Құқық пен мемлекеттің байланысы.
-
Құқықтың шығуының негізгі теориялары
-
Құқықтың функциялары.
Құқық туралы негізгі теориялар.
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет – ғұрып, салт – дәстүр, мораль діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп - басқаруға өте қажет.
Табиғи теория – бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны – адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды –деп түсіндірген.
Құқықтардың түсінігі және мідеті.
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып мемлекетпен бірге өмріге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырды. Олар қоғамның обьективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты.
Құқықтың түсінігі және мазмұны.
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп, басқарып отырады. Олар қоғамның, обьективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақәр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өтейік, құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі обьективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің бірнеше талаптар қойд:
-
қоғамның әкімшілік – териториясында тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;
-
қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болады;
-
ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Осы күрес – қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды; олардың бостандығын қалыптастырады, мінез – құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана –сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым – қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ құқықтың мазмұны, түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс жеткіліксіз.
Құқық оғамды реттеп, басқарудағы негізгі құрал, құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік даму процессінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал.
Құқық философиялық категория, Сондықтан оның мазмұнын, өмірге келуін, дамуын түсінуде әртүрлі пікірлер бар. Бірақ құқықтық нормаларды пайдалануда, сол арқылы қарым-қатынастарды реттеуде, мүдде мақсаттарды іске асыруда, орындауда адамдардың, бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінде, жұмысында ғажап бірлестік бар. Мұның себебі адамдардың, ұйымдардың іс-әрекетінің, жұмыстарының құқық арқылы басталуы, құқық арқылы дамуы, құқық арқылы орындалуы. Құқықтың мазмұнын түсінуде қоғам көлемінде нақты бірліктің болуы. Бұл бірлестіктің анықтылығы қоғамдық тәртіптің дұрыс қалыптасуы, қарым – қатынастардың жақсы реттеліп, орындалуы. Құқықтың құндылығы – қоғамдық масштабқа барлық құбылыстардың шешуші негізі болуында. Бұл ғылыми қорытынды пікірді барлық мемлекеттердің және адам қоғамының миллиондаған жылдар тарихи толық дәлелдеп отыр.
Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, “құқық” деген – ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.
Мысалы: азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерліктің шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың) да құқықтық мүмкіндіктері болады. Бұл көрсетілген жағдайларда “құқық” түсінігі субьективтік мағынада қолданылады.
Құқық – мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелердің (нормалардың) жиынтығы.
Құқықтың түсінігі бірнеше, бірақ мазмұндары біреу – ақ.
Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
-қоғамның және адамдардың мүдде мақсатын қорғау, орындау;
-қарым – қатынастарды реттеп, басқару.
-қоғамдағы дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
-мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзіретін, ара қатынасын реттеп, басқарып отыру.
-халықаралық қатынастарды реттеп, басқару
Құқықтық функция дегеніміз – адамдардың іс - әрекетіне, мінезіне тәртібіне, нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері, сол арқылы қатынастардың дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
Тақырып: 12
Құқықтың типтері және қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық жүйелер.
Жоспар:
-
Құқықтың типтері және қазіргі кезеңдегі негізгі құқықтық жүйелер.
-
Заң типологиясы.
-
Құқықтың тарихи типтері.
-
Қазіргі заманғы құқық жүйесінің жіктелуі.
-
Құқықтың хронологиялық типологиясы.
Заңды типологияның түсінігі және мазмұны.
Құқықтың заңды типологиясы, оның түсінігі мемлекет және құқық теориясының аса күрделі категорияларына жатады.
Құқықтың заңды типологиясының ерекшеліктері қоғамның экономикалық формациясының сипатымен, мазмұнымен анықталады. Заңды типология қоғаммен бірге үзіліссіз обьективтік даму процесінде болады. Бұл процесте қоғамның мазмұны өзгерсе, соған сәйкес құқықтың заңды типологиясы да өзгереді. Құқықтың түрлерін анықтау, типке жіктеу оның даму процесін дұрыс түсіну үшін қажет.
Қазіргі заманда құқықтың мазмұнын анықтап, түрге жіктеудің екі жолы бар: формациялық және цивилизациялық. Кеңестік дәуірде елімізде формациялық бағытты қолданып, құқық пен мемлекеттің типологиясын марксистік теорияның пікіріне сәйкес түсініп келдік. Бұл теорияның пікірі бойынша құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, түрі қоғамның экономикалық базисына байланысты.
Қоғамның диалектикалық даму процесінің әр формациясында әр түрлі экономикалық базис болады. Соған сәйкес мемлекет пен құқықтың мазмұны да өзгеріп отырады – деп түсіндіреді марксизм. Құқықтың заңды типологиясы қоғамның экономикалық материалдық базисына сәйкес нормативтік актілердің таптық мазмұнын анықтап, олардың атқаратын қызметтерінің бағытын белгілеу.
Марксистік теорияның құл иелену, феодалдық, буржуазиялық (ХІХ ғасырдың ортасына дейін) формациядағы құқық пен мемлекеттің мазмұнын, типін, түрін түсіндіру пікірі ғылыми тұрғыдан дұрыс Ал, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі құқық пен мемлекеттің типологиясын түсінуге марксистік пікірді қолдануға болмайды.
Себебі бұл кезеңде буржуазиялық құқық пен мемлекеттің мазмұны, нысаны, типі күрт өзгерді: либерал – демократиялық саяси жүйесі қалыптасты, адамдардың бостандығы, құқықтары жақсы дамиды. Өкінішке қарай, мемлекет пен құқық туралы марксистік теория социалистік елдерде догмаға айналып, олардың мазмұнын, типологиясын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсінуге мүмкіншілік болмайды. Сол себепті социалистік жүйе дағдарысқа үшырап, көпшілігі жаңа нарықты экономикалық жүйеге көшті.
Марксистік теорияның бұл кемшіліктеріне қарап бетті мүлдем теріс бұруға ьолмайды. Адам қоғамының обьективтік даму заңдарын түсінуге, әсіресе өткен формациялардың тарихын жан – жақты ғылыми тұрғыдан зерттеп, білуге бұл теорияның маңызы өте зор.
Буржуазиялық құқық қорғаушы таптар құқығының тарихи үшінші типі. Оның мақсаты – капиталистік қоғамның мемлекеттік құрылысын үстем тап – буржуазияның мүддесін барынша қорғап, заң жүзінде іске асырып отырады. Буржуазиялық құқықтың басты өзгешіліктері:
1). Ол капиталистік жеке меншікті адамның негізгі және қажетті құқығы деп санайды;
2). Қоғам мүшелері заң алдында тең құқылы деп жариялайды, бірақ еңбекшілер үшін жарияланған теңдік пен бостандықтар сайып келгенде қағаз жүзінде қалып отырды. Бұл саяси жүйе ХІХ ғасырдың ортасына дейін сақталып келді. Ғылыми – техникалық прогресс кезінде дамыған капиталистік елдерде либерал – демократиялық саяси жүйе қалыптасып, адамдардың бостандығы мен құқықтары едәуір жақсы дамып, дамушы елдерге үлгі болуда.
Құқықтың заңды типологиясының екінші түрі – цивилизациялық бағыт. Оның негізгі мазмұны құқықтың, мемлекет типтерінің өзгеруіне экономикалық базистің өзгеруі жеткіліксіз дейді. Оған қоса қоғамның мәдени – рухани жүйелері жақсы дамып, олардың сапасының жоғары деңгейде болуы қажет деп түсіндіреді. Бұл пікірді ғалым – заңгерлердің көпшілігі қолдап отыр. Цивилизациялық пікір құқықтың типін, түрін анықтаудағы әдіс – тәсілдері формациялық көзқарастан басқаша. Әлемдегі елдердің экономикалық даму тұрғысын 5-түрге бөледі: үйреншікті жай қоғам, өтпелі кезеңнің қоғамы, даму деңгейі төмен қоғам, дамушы елдер қоғамы, дамыған елдер қоғамы (бұл американдық политолог Уолт Ростау пікірі). Ол дамыған елдердің құқығы мен мемлекетін бірнеше түрге бөледі: технологиялық, индустриялық, постиндустриялық мемлекеттер мен құқықтар.
Бес түрлі қоғамның даму уақытын да жобалап көрсеткен. Қоғамның бірінші түрі – ауыл шаруашылықтың экономикадағы басым кезі.
Екінші түрі - өндірістің ептеп өмірге келе бестауы.
Үшінші түрі- техниканың өндірісте және ауылшаруашылығында қолдана бастауы.
Төртінші түрі – техникалық қоғамның барлық саласында қолдануы.
Бесінші – ғылыми техникалық прогресс арқылы қоғамның қарқынды түрде дамуы. Міне осы 5 кезеңде - 5 түрлі құқық пен мемлекеттің бес типологиясы болды.
Әлемдегі мемлекетттердің саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік, географияллық т.б. ұқсастығына қарай заңды типологияны 20 түрге бөлуде бар. Бұл ағылшын ғалымы А. Тойнбидің пікірі. Сонымен құқықтың заңды типологиясын түсінуде формациялық және цивилмзациялық тәсілдерді біріктіріп зерттегенде ғана ғылыми дұрыс қорытынд тұжырым жасауға болады.
Тақырып: 13
Қоғамның әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық.
Жоспар:
-
Қоғамның әлеуметтік нормалары, түрлері.
-
Қоғамның әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық нормалары.
-
Қоғамдық ұйымдар нормалары.
Әлеуметтік нормалардың түсінігі және мазмұны
Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекетінің реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар
-
қоғамдық маңызы бар іс - әрекеттерге ынталандырудан шығады (мақсат, ой – арман, рухани құндылық т.б.);
-
белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;
-
қоғамдық ұйымның (санкциясының) негізі болуы керек.
Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен, оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек.
Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі, ең көлемдісі, ең маңыздысы. Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.
Көне заманнан ғалымдар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш пікірін айтуға болады:
-
нормативті тұрғыдан қарау бойынша – құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау;
-
социологиялық тұрғыдан қарау бойынша – құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау,
-
философиялық тұрғыдан қарау бойынша – құқықты бостандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.
Құқыққа социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады. Құқықтың үш тірегі бар: қоғамның материалдық деңгейі, мемлекет және имандылық. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске, қоғамның экономикалық жағдайына байланысты. Өндіріс – экономика тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйыымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай жасау. Бұл мүдде – мақсатты шешуде құқық өте зор жұмыс атқарады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды.
Оларды іске асыру үшін, талаптарын орындау үшін мемлекет түрлі әдістермен сан алуан қызмет атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі жеке және заңды тұлғаларға тиісті шаралар қолдана алады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш қуаты, абыройы – мемлекет.
Құқықтың тағы бір тілегі имандылық. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш, бірақ оның талаптары заң емес. Имандылықтың ең күшті құралы – жұртшылықтың пікірі. Құқықта теріс қылықтарға тыйым салады, кінәлі адамдарды жауапқа тартады. Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық талаптарға сәйкес келсе, соғұрлым олардың да, абыройы да жоғары болады.
Техникалық нормалар – адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қарым – қатынас жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми – техникалық прогресс уақытында техникалық норамалардың маңызы өте зор. Табиғатпен байланыста, қоғамның барлық саласында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің ең күрделісі.
Техникалық нормалардың түрлері: құрылыс жұмысында техниканы қолдану нормалары: өндірістегі, ауыл – шаруашылығындағы техника қолдану нормалары; үй- жабдығындағы техника нормалары т.б. саладағы техникаларды қолдану нормалары.
“Техниканың” норма деген құқықтың бұл жүйесін шектеуі мағынада көрсеткендей. Құқықтың бұл жүйесінің шеңбері өте, кең қоғамның барлық саласындағы қарым – қатынастармен байланысып жатады. Техникалық нормалардың түрлері мен бағыттары:
-
Техникалық нормативтік актілер, оның өзі бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік, ауыл – шаруашылық, әскери, т.б. техникалық нормалар.
-
Технологиялық нормативтік актілер, мұның да бірнеше түрлері бар.
-
Экологиялық техникалық нормалар.
-
Табиғат, адамды қоршаған ортаны қорғайтын техникалық нормалар.
-
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар.
-
Халықтың денсаулығын сақтау бағытындағы техникалық нормалар.
-
Мемлекеттік органдарда, қоғамдық органдарда, ұжымдарда пайдаланатын техникалық нормалар.
-
Адамның еңбегін жеңілдететін, қорғайтын нормативтік актілер.
Міне қоғамның сы негізгі салаларында техниканың, технологияның маңызы, ролі жылдан жылға қарқынды түрде өсуде. Осыған сәйкес техникалық нормалар да көбеюде. Ғылыми – техникалық прогресс дәуірінде бұл процесс осы қарқынды түрде дамып, қоғамның барлық саласын, бағытын қамтуға тиіс. Сондықтан бұл процесті сапалы дамыту үшін құқықтық нормаларды уақытында қабылдап, оның бұл бағыттағы қатынастарды басқарып, реттеу жұмыстарын жақсартуды талап етеді.
Әлеуметтік нормалар
Әлеуметтік норма дегеніміз қоғамдық өмірдегі адамдардың тәртібінің ережесі
Әлеуметтік норманың түрлері
Бірлестіктердің, одақтардың қабылдаған нормалары
Әдет – ғұрып нормалары
Діни нормалар
Моралдық нормалар
Құқықтық нормалар
Тақырып: 14
Құқық нысаны.
Жоспар:
-
Құқық нысаны.(қайнар көздері).
-
Құқық нысаны туралы түсінік.
-
Нормативті-құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы, оның түрлері.
-
Заң түсінігі. Құқық және заң. Заң түрлері.
-
ҚР –ның нормативтік құқықтық актілері.
Құқық негіздерінің түсінігі.
Құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория – “Мазмұн мен нысанды” жақсы білу қажет. Мазмұн – белгілі бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы. Ал нысан – мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның құрлымы, ішкі түзілісі. Мазмұн мен нысан қандай құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан оларды бір-бірінен бөліп алуға болмайды. Тек қалыптасқан, белгілі бір нысаны бар мазмұн ғана болмақ. Сол сияқты таза, мазмұнсыз нысан деген де болмайды. Нысан әрқашан да мазмұнды, мазмұн нысанды келеді. Осы екі категорияның өзара қарым қатынасында басты ролді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес нысан да өзгрістерге ұшырайды.
Құқық осы философиялық категорияның заңдарына сәйкес дамып, өзгеріп отырады. Құқық әлеуметтік шындықтың обьективтік құбылысының сыртқы нысаны. Ғылым құқықтың ішкі – сыртқы нысаны. Ғылым құқытың ішкі – сыртқы нысаны болады деп түсіндіреді; ішкі нысаны – құбылыстарды құқықтық тұрғыдан анықталған заңды негіздердің жиынтығы.
“Құқықтың нысаны” және “құқықтың негізі” бір-бірімен тығыз байланыстағы ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Нысан - құқықтың мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негід – құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын көрсетеді.
Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады: материалдық, идеалдық, заңды.
-
материалдық негізге - қоғамдағы экономикалық базистың, меншіктердің талаптарына сәйкес қабылданған нормативтк актілер жатады;
-
идеалдық негізге қоғамдық идеологияның, сананың талаптарына сәйкес қабылданған құқықтық нормалар;
-
заңды негізге – қоғам жақсы, сапалы дамуының талаптарына сәйкес қабылданған нормалар, құқықтық жүйелер. Бұл көрсетілген үш күрделі бағыттан басқа құқықтың негіздерінің тағы бірнеше түрлері бар: әдет- ғұрып, салт – дәстүр, мораль, корпаративтік, діни, нормалар, заң ғылымының қорытынды ұсыныстары т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |