Лекциялар: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат



бет3/11
Дата17.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#142328
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Мемлекеттік тетігі (аппарат).


Жоспар:


    1. Мемлекеттік апарат түсінігі.

    2. Мемлекеттік орган, оның белгілері.

    3. ҚР мелекеттік органдар жүйесі.

    4. ҚР-дағы сот билігі.

Мемлекеттік аппарат – қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратн және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттің аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктері мен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы “Мемлекеттік қызмет туралы” 5 Заңның екінші бабында: “Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет” делінген.

Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана- сезім құрады.
Мемлекеттік органдардың түрдері және қызметі.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді.

1). Мемлекттік билік органдары: Парламент, Президент және Мәслихаттар;

2). Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқру органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Өкілетті органдар. Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутаты Президент тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімшілік – аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең біп мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзіреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазқстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламенттінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Құқық қорғау органдары. Прокуратура ҚР Конституциясының 83 бабы. Бұл орган мемлекеттің атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік – құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біріңғай қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.

Мемлекеттің аппараты.

Мемлекет аппаратының түсінігі

Мемлекет аппаратының сұрыпталуы






-Арнаулы мемлекеттік басқару органдары

-Тиісті мамандардан құрастырылады,

-толық бюджеттің қарауында болады,

-құқықтық тәртіпті, заңдылықты бақылайды



Мемлекет аппараты құрылуына қарай және сәйкес үш жүйеге бөлінеді





Халық өкілдерінен құрылған аппарат: парламент және мәслихаттар

Мемлекет аппаратының жұмыс атқару принциптері






Халықтың мүддесін орындау



Атқарушы органдар: президент, үкімет, министрлік ведомстволар, жергілікті атқарушы органдар





Жариялы жұмыс істеу

Сот аппараты: Конституциялық Кеңес, барлық сот жүйесі


Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң бақылау



Бостандықты, теңдікті, әділдікті дамыту


Қоғамдағы бірлестіктермен бірігіп жұмыс істеу


Мемлекетте демократияны орнату





Тақырып: 9
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет.

Жоспар:


  1. Қоғамның саяси жүйесі жөніндегі түсінік.

  2. Мемлекеттік биліктің негізгі институттары.

  3. Мемлекет және басқа қоғамдық ұйымдар.

  4. Саяси сапа және саяси мәдениет

Азаматтық қоғам, оның мазмұны мен белгілері.

Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай – бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давит Рекардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша – қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде - мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы обьективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды.
Қоғам – саналы адамдардың бір мүддені, бір мқсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде – мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.

Адамның обьективтік тарихи даму процесінде және күнделікті қарым – қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам азаматтық қоғам т.б. осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.


Азаматтық қоғам – мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік –экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге – аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.

Азаматтық қоғам – мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлеке ттің арақатынасын тәуелсіз – дербестікте дамыту.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет