Лекциялардыњ ЌЫСЌа мазм¦НЫ


* Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет4/14
Дата23.11.2023
өлшемі151 Kb.
#484222
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Лекция Кеңестік Казақстан

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- ЖЭС-тің мәні және оған көшу себептері;
- ЖЭС жылдарында орнаған саяси тәртіп ;
* Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, 2005
- Верт Н. История Советского государства. 1900-1991,1992.
- Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті,1997.


4-Лекция. Қазақстан ауыл шаруашылығы сталиндік ұжымдастыру жылдарында. 2 сағат.
* Лекция мақсаты:
Индустрализацияны жүргізудің негізгі көзі шаруаларды қанау болғанын дәлелдеу. Іс жүзінде әкімшілік және құқық қорғау органдарының күштеу әдістері нәтижесінде жүзеге асырылған ұжымдастыру науқанының қасіретті зардаптарын ашу.
* Түйін сөздер:
«күштеп ұжымдастыру», «тоталитарлық тәртіп», «сталинизм», «ОГПУ», «үштіктер», «ашаршылық».


* Негізгі сұрақтар:
1. Бай қожалықтарды тәркілеу саясаты және оның нәтижелері
2. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу
3. 30-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл
шаруашылығы
1.1927 жылы 13-15 қарашада өткен Бүкілқазақтық 6 партия конференциясында қазақ шаруаларын жермен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл мәселе аясында қазақ байларын тәркілеу саясатын Ф.И.Голощекин ұсынды.
1928 жылы наурызда Қазақстан Өлкелік комитетінің бюросы қазақ байларын тәркілеу туралы заңды нақтылады. Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар, жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.
1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің «Қазақстанның көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы» арнайы қаулысы қабылданды. Науқанды 1928 жылдың 1-қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқан төтенше әдістермен іске асырылды. Қазақ АКСР әкімшілік ұйымдарының қызметкерлері жер-жерге уәкіл ретінде аттанды. Үлкен асыра сілтеушіліктер орын алды.
Алдын-ала жасалған жоспар бойынша үкімет байлардың 225972 бас малын тәркілейміз деп үміттенген еді. Бірақ бұл үміттері орындалмады. Іс жүзінде 144474 бас мал ғана тәркіленді. Тәркіленген малдың 118919 басы жеке шаруашылықтарға және колхоздарға таратылып берілді. Тәркіленген малдар негізінде 292 колхоз құрылды.
2.Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тәжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде кооперативтендіру арқылы социалистік ірі ауыл шаруашылық ұжымына біріктіру туралы 1927 жылдың желтоқсанында өткен партияның 15 съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп құрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан көмекті күшейту орнына, керісінше, нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуына жол ашты. Қазақстанда ұжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланды. Бұл науқан да қарқынды жүргізілді. Асыра сілтеулер кеңінен етек алды.
Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы 50 проценті, 1931 жылы 65 проценті ұжымдастырылды. Құрылған колхоздардың жағдайлары нашар болды.
Большевиктер жүргізген ұжымдастыру қазақ ауылына үлкен соққы болды. Мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. мал болса, 1933 жылы 4 млн. Қалды.
Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді.Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932-33 жылдары халық аштыққа ұшырады.
3.Екінші бесжылдық жоспарын орындау кезінде 1933-37 жылдары кеңес үкіметі ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды аяқтап, ауыл шаруашылығын қайта құру, нығайту міндеттерін белгіледі. 1935 жылы үкімет колхоздарға жерді мәңгі пайдалануға берді.
1939 жылы 8 шілдеде БК(б(П Орталық комитеті «Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы» қаулы қабылдады.Қаулы негізінде колхоздарды екі-үш товарлы фермалар құру жоспарланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет