Лекциялардыњ ЌЫСЌа мазм¦НЫ


* Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет14/14
Дата23.11.2023
өлшемі151 Kb.
#484222
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Лекция Кеңестік Казақстан

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- ҚР алғашқы Конституциясындаағы президент ролі
- 90 жылдардағы экономикалық даму кезеңдері
- 90 жылдадағы әлеуметтік өмірдегі келеңсіз жағдайлар
* Ұсынылатын әдебиеттер
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Ашимбаев Т.Е. Экономика Казахстана на пути к рыеку,1994
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы,1992


15-Лекция. Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта. 2 сағат
* Лекция мақсаты
Қазақстан республикасының экономикалық-саяси және мәдени даму жағдайы қамтылады.
* Түйін сөздер
«халықаралық экономикалық ұйымдар», «халықаралық саяси ұйымдар», «этноұлттық мәдениет», «көпұлтты мемлекет»
* Негізгі сұрақтар
1. ҚР әлемдік қауымдастықтың мүшесі
2. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту шаралары
3. Мәдениет саласы бойынша байланыстар

Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алып отыр. Қалыптасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүниежүзі мемлекеттерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарға, соның ішінде, БҰҰ-да белсенді жұмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздандыруға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді.


«Қазақстан - 2030» стратегиясында көрсетілгендей,әсіресе, соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Сауатты макроэкономикалық саясат еліміздің беделін едәуір көтеруде. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан бюасына шаққанда шетелдік инвистиция тартуда бірінші орында.
Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасы 180-нен астам мемлекет таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Алматы мен Астанада 50-ден астам елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Тәуелсіз Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орнатты.
Қазақстанның сыртқы саясатындағы – елдің шекаралық қауыпсіздігін сақтау. Бізбен солтүстікте Ресей, оң-шығ Қытай шекараласады. Ресеймен шекара мәселесі бірнеше рет көтерілді. Осының нәтижесінде 1992 ж. 15 мамырда ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа және 1999 ж. 28 наурызда қазақстан мен Ресей тарасындағы Әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қытаймен арадағы шекараны заңдастыруға кірісті. 1994 жылы Қаз Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Қытай Премьер министрі Ли Пэн шекара сызығын заңдастырып, келісім-шартқа қол қойды. Сонымен қатар қазақстан бұл жылдары Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстанмен шекара мәселелерін реттеді. Шекара мәселелерін Азия елдерімен тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы маңызды рөл атқаруда.
ҚР тәуелсіздігі мен шекарасының тұтастығын қорғауда Қазақстан қарулы күштері маңызды қызмет атқаруда.
Қазақстанның тәкелсіздікке қол жетуімен рухани өмірде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Әсіресе, білім беру саласында халықаралық қарым-қатынас кеңейді. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан «Болашақ» бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан жыл сайын көптеген студенттер білім алуды шетел мемлекеттерінде жалғастырады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде ұлтымыздың мәдениетін тек өз елімізді ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995 жылы ЮНЕСКО аясында ұлы Абайдың 150 жылдығы, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығы, 1996 жылы 1916 жылғы көтерілістің 80 жылдығы .б. тойланды. Қазақастан бойынша 10 тарихи-мәдени объект Бүкіл дүние жүзілік мұраларды сақтау орталығы жасаған тізімге енді.
* Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- Республикамыздағы демографиялық жағдай;
- Әлемдік терроризм қаупі;
- Ұлттық мәдениет жаңдайы;
- Жеңіл өнеркәсіп жағдайы;
*Ұсынылатын әдебиеттер
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Назаарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы//2008

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет