Лекциялардыњ ЌЫСЌа мазм¦НЫ


* Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет2/14
Дата23.11.2023
өлшемі151 Kb.
#484222
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Лекция Кеңестік Казақстан

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары;

- Ұлт зиялыларының қызметі;


- «Революция» және «төңкеріс» ұғымдарының айырмашылығы;
- Қазан революциясы тұсында өмір сүрген саяси партиялардың әлеуметтік құрамы, алдарына қойған саяси мақсаттары;


* Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, 2005
- Нұрпейісов К. Алаш һәм Алаш-Орда,1995.


2-Лекция. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1919-1920 жж.). 2 сағат
*Лекция мақсаты:
«Ақтар» және «қызылдар» топтарының әлеуметтік құрамын және олардың алдына қойған мақсаттарын анықтау. Азамат соғысында ақ гвардияшылардың жеңілу себептерін талдау. Азамат соғысы жылдарындағы большевиктердің азық-түлік мәселесін шешу жолдарын және оның зардаптарын талдау.
* Түйін сөздер:
«ақтар», «қызылдар», «шетел интервенциясы», «бірпартиялық жүйе», «ВЧК».
* Негізгі сұрақтар:
1. Азамат соғысының басталуы және оның себептері. Қазақстан
территориясындағы азамат соғысының ерекшеліктері
2. Алашорда үкіметінің қазақ әскери жасақтарын құру
шаралары
3. Азамат соғысы жылдарындағы социалистік құрылыс. Соғыс
коммунизм саясаты және оның Қазақстандағы ерекшеліктері

1. Азамат соғысы үкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.


Кеңес үкіметінің белсенді әрекеттеріне қарамастан, Қазақстанда азамат соғысының ошақтары өте тез пайда болды: 1917 ж. қарашаның аяғында Орынборда атаман Дутовтың басшылығымен ақ гвардия әскері Орынбордағы Кеңес күштерін шегіндіріп, билікті басып алды. Сол айда Жетісу казак әскері кеңесінің «әскери үкіметі» және революцияға қарсы ошақ Оралда да құылды. Олар да кеңестер үкіметін басып алд. Бұл үш үкімет ақ гвардия офицерлеріне, ауыл-село ауқатты шаруаларына және Алашордалықтарға сүйенді.
1918 жылы азамат соғысы өршіп, кең етек алды. Шығыс майданы Қазақстанның солтүстік батыс территориясын «ақтардан» азат етуде күресті. Жергілікті Ақтөбе майданы Ақтөбе қаласы төңірегін «ақтардан» азат етті. Ал Қазақстанның оңтүстігінде Жетісу майданы құрылды. «Түркістан» майданы Қазақстанның солтүстік батысын «ақтардан» азат етуге бағытталды.
2. Қазақ мемлекеттілігін құруды көксеген Алаш зиялыларының Азамат соғысы жылдарындағы іс-әрекеті де сәтсіз аяқталды. Ақгвардиялықтарға алашордалықтар тарапынан көрсетілген көмек пен қолдауға қарамастан, алашордалықтардың өз билігін орнату мақсатындағы әрекетіне Сібір, Орынбор және Орал қалаларындағы «ақтар» үкіметтері қолдау көрсетпеді. Ақырында Қазревкомның 1920 ж. 5-наурызындағы қаулысына сәйкес Алашорда таратылды.
3. Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті.Қазревком әрекет-қимылда жүрген армияны азық-түлікпен жабдықтау, астықты және басқа тамақ өнімдерін шешу мақсатында «соғыс коммунизм» саясатын жүргізілді. Бұл саясаттың мәні - өнеркәсіпті жаппай национализациялау, басшылықты орталықтандыру, тіршілік үшін маңызды тауарлардың бәрін бөлу, азық-түлік салғыртын, карточкалық жабдықтау жүйесін, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігін, еңбекке бір мөлшерде ақы төлеуді енгізу, тауар-ақша қатынастарын жою болды. Осының ішінде еңбекші халыққа, әсіресе, шаруаларға ауыр тигені азық-түлік салғырты болды. Кеңес үкіметі қала халқын және соғысып жатқан әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін астық өімдерін, мал-мүліктерін қаруланған азық-түлік отрядтарын жіберіп, халықтан күшпен тартып алып отырды. Бұл төтенше шаралар қазақ даласыда аштықтың етек алуына әкелді. Сонымен қатар, «әскери коммунизм» саясаты өлкеде жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды біріңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, біртұтас қазына құрудан, ұсақ және майда өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрінді.
«Соғыс коммунизм» саясаты Ресей империясының басқа да халықтары секілді Қазақстан тұрғындарын да әлеуметтік- саяси және рухани дағдарыспен бірге келетін шаруашылық апатына ұшыратты. 1918-1920 жж. ішінде Қазақстанда 75 пайыз шаруашылық қуаты жойылды. Бөкей губерниясында, Орал, Семей губернияларында, Ақтөбе, Орынбор қалаларында ашаршылық орын алды. 2 млн. 300 мыңнан аса адам ашаршылыққа душар болса, 1-ға жуығы ашаршылықтан апат болды. Өскемен, Павлодар, семей, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде кеңестер үкіметіне қарсы қарулы көтерілістер орын алды. Көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған адам тұтқындалса, 932-сі сотқа тартылды.
* Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Алғашқы РСФСР Конституциясының ерекшелігі;
- Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы «партия диктатурасы»;
- Азамат соғысы мен әскери коммунизмның қазақ қоғамына әсері;
* Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азии и Казахстане: Сб. Документов. Т. 1.,1963. Т. 2.,1964.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет