Лекциялардыњ ЌЫСЌа мазм¦НЫ


* Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет7/14
Дата23.11.2023
өлшемі151 Kb.
#484222
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Лекция Кеңестік Казақстан

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- «Мәдени революция» ұғымының мәнін ашу;
- Дәстүрлі мәдениеттің дағдарысқа ұшырауының себептерін ашу;
* Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Культурное строительство в Казахстане: Сб. Докум. И материалов,1975.
- Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции,1992
- Омарбеков Т. XX Қазақстан тарихының өзекті мәселелері,2001.


2. Модуль. 2 Дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі кезең
7-Лекция. Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы кезеңінде (1939-1941жж.) 2 сағат
* Лекция мақсаты:
Версаль-Вашингтон жүйесіндегі дағдарыстың екінші дүниежүзілік соғысқа алып келгенін дәлелдеу. Кеңестік экономикалық модельдің соғысқа дайын болмағанын және Қазақстан экономикасы шикізат базасы ретінде құрылғанын талдау. Соғыс алдында жүргізілген жаппай қуғын-сүргін науқаны кеңестік қарулы күштер жүйесін әлсіреткенін көрсету.
* Түйін сөздер
«Барбаросса», «мобилизация», «фашистік блок», «Антанта», «милитаризм».
* Негізгі сұрақтар
1.Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. Кеңестер Одағының
ұстаған бағыты.
2.Фашистік Германиямен соғыс қарсаңындағы Қазақстан
экономикасы
3.Мәдениеттегі большевиктік концепция

1.30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастады.


Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданында белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксембург мемлекеттерін еш қарсылықсыз басып алды. Бельгияны жеңгеннен кейін негізгі күштер талқандалды. Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер мемлекетін басып алуға дайындықтар жасады. Басып алған мемлекеттердің экономикалық, әскери ресурстарын өз мүддесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз сенді. Ал, Сталин және оның төңірегіндегілер 1939 жылғы келісімге сеніп, Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді.
2.Соғыстың алғашқы айларында Кеңестер мемлекеті соғысқа дейінгі жылдары салынған өндіріс потенциалының көп бөлігінен айырылды. Бұл жағдаймен бір мезгілде мемлекет экономикасын әскери өмірге бейімдеу іс-шаралары жүзеге асырылды.
Қазақстандағы индустрияландыру саясатының аясында Текелі полиметалл, Жезқазған мыс қорыту комбинаты, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттары салынған болатын. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел көлеміндегі түсті металды өндіруші өте ірі өндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түсті металл шығарудан одақ көлемінде 2-ші орынға шығарды. Мұнай өндіруден де Қазақстан алдыңғы орында болды. 1940 жылы мұнай өндірудің көлемі 700 мың тоннаға шықты.Мұнай өндіруден Одақ бойынша 3-ші орында болды. Химия өндірісінен де қазақстан алдыңғы қатарда болды.
Екінші бесжылдық жоспарды орындау кезінде, яғни 1933-37 жылдары кеңес үкіметі ауыл шаруашылығында ұжымдастыруды аяқтау, ауыл шаруашылығын қайта құру, колхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан нығайту міндеттері белгіленді. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін большевиктік партия республика ауыл шаруашылығын саяси нығайту қажет деп, колхоз жанынан саяси бөлімдер құрды. 1935 жылы үкімет колхозға жерді мәңгі пайдалануға берді. Бірақ кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру жолында жүргізген шаралары нәтиже бермеді.
3. 1937 жылы 16 қаңтарда өткен Қазақ өлкелік комитетінің 7 Пленумы партия құжаттарын айырбастау қорытындысы мен партия ұйымының кезекті міндеттерін қарастырып, «халық жауларының көбін анықтап,партия қатарынан шығаруымыз бізді ешбір тыныштандырмау керек, большевиктік қырағылықты өте жоғары көтеру керек, әрбір коммунист троцкистік-зиновьевтік жауларды, фашистер агенттерін, контрреволюциялық ұлтшылдарды әшкерлей білу керек» деп шешті. Бұл концепция кеңестік мәдениеттің негізі болды. Осы жылы жаппай қуғын-сүргін науқаны басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет