Лекциялардыњ ЌЫСЌа мазм¦НЫ


* Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет8/14
Дата23.11.2023
өлшемі151 Kb.
#484222
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Лекция Кеңестік Казақстан

* Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
- Кеңестер-Германия майданының негізгі болғанын дәлелдеу;
- Соғыс жоспарына байланысты коммунистік, либералды, фашистік көзқарастарды талдау талдау;
* Ұсынылатын әдебиеттер:
- Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы,2005
- Казахстан в период ВОВ Советского Союза 1941-1945 гг.: Сб. Докум. И материалов,1965
- Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне,1968


8-Лекция. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.) 2 сағат
* Лекция мақсаты:
Кеңестік қарулы күштері мен экономикасының соғыс алдындағы жағдайын және кеңестік экономиканың шұғыл түрде соғысқа дайындалуын көрсету.Ұлы Отан соғысындағы және тылдағы қазақстандақтардың ерлігін талдау. Соғыс майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігіне байланысты ақтаңдақтарды ашу.
* Түйін сөздер:
«Қазақстанда жабдықталған қарулы күштер», «Қазақстандық Батырлар», «Қазақ аналарының ерліктері», «Тылдағы қариялар мен жасөспірімдер ерліктері».
* Негізгі сұрақтар:
1.Фашистік Германияның Кеңестер Одағына шабуылы және республика өмірін әскери жағдайға көшіру
2. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы қазақстандықтар
3. Соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың еңбектегі ерліктері

1.КСРО-ға қарсы фашистік Германияның соғыс жоспары «Барбаросса» деген атпен белгілі. Бұл жоспар 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделген. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басшыларынан азат ету соғысы басталды.


Батыс шекаралық округтердегі Қызыл әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан үш есе, артиллериядан 1,3 есе басым болды.
Қысқа мерзім ішінде республика өмірін соғысқа бейімдеп қайта құру қиын болды. Бірінші кезекте елдің қорғаныс мұқтажына жұмыс істейтін халық шаруашылығы материалдық және адам ресурстарымен қамтамасыз етілді. Халық шаруашылығы салаларында негізінен әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбектенді.
Соғыстың алғашқы күндерінде КСРО үкіметі жанынан эвакуация жөніндегі Кеңес құрылды. Ал, қазақ КСР халық комиссарлар кеңесі жанынан эвакуациямен келген халықты, өнеркәсіп орындарын орналастыру жөніндегі бөлімдер ашылды.
Соғыстың алғашқы айларында қазақстанға батыс аудандардағы өнеркәсіп орындары көшіріле бастады. 1941 жылы Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь станок зауыты көшіп келді. Петров атындағы мұнай жабдықтарын жасайтын зауыт Гурьевке, Пархоменко атындағы шахта жабдықтарын жасайтын зауыт Қарағандыға көшірілді. Қазақстан тер. Көшірілген өнеркәсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне жақын орналастырылды. Жеңіл өнеркәсіп орындары да Қазақстанға көптеп көшірілді.
Соғыс жылдары мұнай өндіру үш есеге көбейді. Қорғаныс өнеркәсібі үшін Қазақстан металлургтері күні-түні еңбек етті. Өндірілген 100 т. Молибденнің 60 тоннасын Шығыс Қоңырат руднигі өндірді.
2.Қазақстандықтар соғыс майдандарында ерлік үлгілерін көрсетті. Алғашқы фашистердің шапқыншылығын қабылдаған Брест қорғаушылары болды. Брест шекаралық отряды құрамында қазақстандықтар – А.Мүсірепов, К.Әбдірахманов, К.Иманқұлов т.б. болды.
Москваны жаудан қорғауда И.В.Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы жауынгерлері үлкен ерлік танытты. И.В.Панфилов, В.Г.Клочков басқарған бөлімшенің 28 жауынгері М.Ғабдуллин, ҰОС Батыры атағын иеленді.
Курск иіні мен Днепр шайқастарында ерлік танытқан 123 қазақстандықтар ҰОС Батыры атағын иеленді.
Шығыс Европаны жаудан азат етуде 20 қазақстандық жауынгер ҰОС Батыры атағын алды. Олар – В.А.Андреев, Л.И.Беда, Т.К.Абилов т.б.
М.Мәметова мен Ә.Молдағұлованың ерлігі халықтың есінде мәңгі сақталды.
Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. Тек Украина тер 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атақты барлаушы Қ.Қайсеновтің ерлігі жас ұрпаққа үлгі боларлық.
3.Майдандағы ерлікке тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі зор болды. Соғыс жылдары колхоздар мен с овхоздар майданға тек азық-түлік емес, тіпті ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. Соғыс жылдары өнеркәсіп, ауыл шаруашылығында негнізінен әйелдер, қариялар мен жасөспірімдер еңбектеніп, жоспарды асыра орындап, рекордтар жасады. Мысалы, Ш.Берсиев 1 гектардан 155,8 тары алып, әлемдік рекорд жасады. Ы.Жақаев 1 гектардан 172 ц. күріш алды. Қазақстан бойынша бұндай еңбек ерлері басым болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет