Лекциялардың қысқаша конспектілер


Атаулы және нақты айнымалылар. Өсу қарқыны және индекстер



бет3/23
Дата03.03.2023
өлшемі314.5 Kb.
#470323
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Лекциялардың қысқаша конспектілер (1)

Атаулы және нақты айнымалылар. Өсу қарқыны және индекстер
Атаулы ЖІӨ өзгеруі өндіріс көлемінің немесе бағалардың өзгеруімен түсіндірілуі мүмкін. Жалпы бағалар деңгейінің өзгеруі инфляция деп аталады.
Атаулы ЖҰӨ ағымдағы жылдың бағаларымен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ - базалық жылдың бағаларымен. Бұл ЖІӨ үшін де орынды.
ЖҰӨ дефляторы = Атаулы ЖҰӨ / Нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторымен қатар бағалар деңгейін сипаттайтын басқа да индекс бар. Ол тұтыну бағаларының индексі. Біріншісі Пааше индексі, ал екіншісі Ласпейрес индексі деп аталады. Егер (x1, x2, … , xm) – тұтынушылық қоржын деп аталатын тұтынушылық тауарлардың тұрақты жинағы болсын десек, онда:
Тұтыну бағаларының индексі (CPI) = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны / Базалық жылдың тұтынушылық қоржынының құны
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағаларының индексін жалпы бағалар деңгейін сипаттауында олардың арасында айырмашылықтар бар. Пааше индексін есептеу формуласы:
,
мұндағы, - фғымдағы жылдың өндіріс көлемі,
- базалық жылдың өндіріс көлемі.
Пааше индексі ЖҰӨ-нің дефляторына сәйкес келеді және ол өзгермелі тауарлар мен қызметтер жинағы үшін есептеледі. Ал өзгермейтін тауар жиынын есептейтін Ласпейрес индексі болып табылады. Ол тұтыну бағалар индексіне сәйкес келеді. ТБИ (CPI) – экономикадағы жалпы бағалар деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.
ТБИ = Ағымдағы жылдың тұтынушылық қоржынының құны /
базалық жылдағы тұтынушылық қоржынының құны.
Тұтыну қоржыны деп белгілі бір тұтыну тауарлары мен қызметтердің жинағын айтады. Ласпейрес индексін есептеу формуласы:
,
мұндағы, және - і игілігінің бағалары (0 – базистік, ал t- ағымдағы), - базистік жылдағы і игілігінің көлемі.
Сонымен қатар Фишер индексі бар. Ол жоғарыдағы индекстердің кемшілігін жою үшін қолданылады:
.
Бұл индекстер тұрмыс құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір тұрмыс деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар болып табылады. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі тұрмыс құнының өсуін, Пааше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиынын есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Ал, Пааше индексі керісінше. Бірақ Пааше индексінде әл-ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді.
Экономикалық өсу ЖІӨ бір жыл аралығындағы салыстырмалы өзгеруі түрінде өлшенеді.
ЖІӨ өсу қарқыны = (ЖІӨ - ЖІӨ-1) / ЖІӨ-1,
мұндағы ЖІӨ – ағымдағы жылға, ал ЖІӨ-1 – өткен жылға қатысты.
ЖІӨ өсу қарқынын әдетте пайыз түрінде көрсетеді. Қазақстанда 90-шы жылдары өндірістің құлдырауы болған, ал 2000 жылдан бастап ЖІӨ елеулі өсуі байқалады, жылына орташа есеппен алғанда 10 пайызға жуық.
Жұмыссыздық кезіндегі негізгі өндіріс фактор – жұмыс күшінің толық қолданылмауын немесе тиімсіз қолданылуын білдіреді. Халықты үш топқа бөлуге болады:

  • жұмыспен қамылғандар;

  • жұмыссыздар;

  • жұмыс күшіне енбегендер.

Егер адам жұмысқа шығуды күтсе, жұмыстан уақытша босатылған болса немесе жұмыс іздеумен айналысса, ол жұмыссыз адам болып саналады. Адам жұмыспен қамтылған деп есептеледі, егер оның үй шаруашылығында жұмыс істегенін ескермегенде, ол өткен аптаның басым бөлігінде жұмыс істесе. Үй шаруасымен айналысатын әйел адамдар, студенттер, зейнеткерлер және жұмыс іздеуді тоқтатқан адамдар жұмыс күші құрамына енбейді. Жұмыс күшін жұмыс істейтін және жұмыссыздар ғана құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Жұмыс күші саны
Қазақстанда 2006 жылы ресми жұмыссыздық деңгейі 8,1 пайызды құрады, ол экономикалық белсеңді халық санынан 653,8 мың адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет