Лекциялардың қысқаша конспектілері 1 Лекция



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата02.10.2023
өлшемі460.17 Kb.
#479466
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Лекнорм

 
 9 ЛекцияТақырыбы: Мемлекетаралық стандарттау жүйесі. Мемлекетаралық 
стандарттарды қолдану технологиясы. Салалық стандарттар. Нормативті құжаттар 
жөнінде ақпарат. 
Мемлекетаралық стандарттау жүйесінің(МАСЖ) дамуы Тəуелсіз мемлекеттер 
достастығының(ТМД) құрамына кірген мемлекет басшыларымен талқыланған 
«Стандарттау, метрология жəне сертификаттау саласында келісімді саясат жүргізу 
туралы» келісімге
1992 ж. наурызында қол қойғаннан басталды. 
Халықаралық сипаттағы стандарттау, метрология жəне сертификаттау саласындағы 
келісімді саясаттың негізгі мақсаты мыналар: 
- қызмет көрсету мен өнімнің сапасы бойынша тұтынушылардың жəне келісімдегі 
бекітілген əр мемлекеттің мүдделерін қорғау, өмірге қауіпсіздігін қамтамасыз ету
халықтың денсаулығын жəне мүліктерін, қоршаған ортаны қорғауын қамтамасыз ету; 
- өнімнің үйлесімділігін жəне өзараауыстырымдылығын қамтамасыз ету; 
-өндіріс пен сауда арасындағы техникалық кедергілерді азайту, келісім бойынша 
мемлекеттердің өнімдерінің халықаралық саудада бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету; 
- мемлекеттердің шаруалық обьектілерінің əр түрлі табиғи, техногендік жəне де 
табиғи апаттардан қауіпсіздендіру. 
- келісім бойынша ССРО қорындағы нормативті құжаттар сақталды (25 мыңға 
жуық мемлекеттік жəне 40 мың салалық стандарттар, 35 техникалық-экономикалық 
ақпараттық сыныптауыштары) жəне «ГОСТ» немесе қазақша «МСТ» аббревиатурасын 
қолдану да сақталды.
Мемлекетарлық стандарттау жұмысы келесі бағыттарға сай жүреді: 
- мемлекетаралық стандарттау бойынша өнімге нақты жəне міндетті талаптарды 
орнату, олар өмірге қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың денсаулығына, қоршаған 
ортаға қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне үйлесімділігі мен өзараауыстырымдылығын
сынау мен бақылау əдістерін бекіту; 
- ортақ техникалық талаптарын стандарттау; 
-техникалық-экономикалық ақпараттың сыныптауыштарын құру жəне кодтау 
жүйесін енгізу жəне дамыту; 
- мемлекетаралық стандарттар қорын дамыту мен сақтау; 
- мемлекетаралық стандартарды жəне басқа да мемлекетаралық құжаттарды басып 
шығару жəне тарату; 
- стандарттау саласында жұмыс істейтін кадрлардың квалификациясын 
жоғарылату. 
Стандарттау метрология жəне сертификаттау жұмыстарының дұрыс бағытын 
қадағалап отыратын Стандарттау метрология жəне сертификаттау бойынша 
мемлекетаралық кеңес(МАК) құрылды, оған ТМД 12 мемлекеттерінің стандарттау, 
метрология жəне сертификаттау бойынша ұлттық органдары басшылары кірді. 
Оның негізгі функциялары: 
1) стандарттау, метрология, сертификаттау мен аккредитация жұмыс аумағында 
нақты ерекше тиімді бағыттарды анықтау; 


2) стандарттау, метрология, сертификаттау мен аккредитация аумағында негізгі 
жұмыс бағыттарын қарастыру жəне қабылдау; 
3) мемлекетаралық стандарттар жобасын талқылау.
Мемлекетаралық стандарттар бойынша МАК ұйымдастырушылық мəселелерін 
қарастыру жөніндегі негізгі жұмыс органы – стандарттар Бюросы құрылды. Ол Минск 
қаласында орналастырылған (Беларусь Республикасы). 
Мемлекетаралық стандарттарды қолдану технологиясы. 
Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің 80%-ке жуығы мемлекетаралық 
стандарттар бойынша шығарылады жəне сыналады. 
Стандарттау объектісінің ерекшелігіне жəне оларға қойылатын талаптарға 
байланысты мемлекетаралық стандарттардың келесі түрлері қаралады: 
а) негізгеалынушы мемлекетаралық стандарт белгілі бір анықталған іс-əрекет 
аясында ұйымдастырушылық-əдістемелік жағдайларды бекітеді, сонымен бірге əртүрлі 
ғылым мен техника салаларының өзара байланысын жəне техникалық бірлестікті жалпы 
техникалық талаптармен қамтамасыз ету; өнімді шығару жəне пайдалану процесінде 
техника жəне өндіріс талаптарын, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі жəне басқа 
да жалпытехникалық ережелерді анықтайды; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет