10. Жаңа үйге көшкен кісіге қандай тілек айтылады?
А) Көш көлікті болсын! В) Бақытты бол! С) Ас болсын! Д) Алдыңа қойған масатыңа жет! Е) Шаңырағың биік болсын!
11. Берілген үзіндіге байланысты қойылған сұрақты табыңыз. Жазда күн ыстық болады. Жазда демалыс күндерінде қала адамдары саяжайларға барып демалады, жағажайларға барып суға шомылады. Жемістер, көкөністердің көбі піседі.
А) Жазда ауа райы қандай болады? В) Жазғы демалыста қайда демалғанды ұнатасыз? С) Жазғы демалыста адамдар не істейді? Д) Жаздыгүні не піседі?
Е) Жазда адамдар қайда шомылады?
12 .Берілген мақаланың айдарын анықтаңыз. Алматыда жексенбі күні ҚР кубогы үшін болған кездесу жеңімпаздың есімін анықтады. Кубок ойынының ақтық кезеңінде «Алматы» футбол клубымен бақ сынаған «Ақтөбе» ойыншылары ойын басымдығына толық ие бола отырып, оң нәтижеге қол жеткізе алды. «Супер кубокты» жеңіп алған «Ақтөбе» биылғы жетістігінің қатарына ҚР кубогын де қосып алды.
А) саясат В) мәдениет С) әлеумет Д) денсаулық Е) спорт
13. Таныс емес кісіге тіл қатып, мәлімет сұраңыз.
А) сізге үлкен рахмет В) Кешіріңіз! Сізден сұрауға бола ма? С) Жолыңыз болсын! Д) алғыс айтамын! Е) Сізбен танысқаныма қуаныштымын!
14. «Сізді құттықтаймын!», «бақыт тілеймін!» деген сөз тіркестері қашан қолданылады?
А) өтініш білдіргенде В) кешірім сұрағанда С) тілек білдіргенде
Д) сенім білдіргенде Е) қуанғанда
15. Таңдануға байланысты қолданылатын сөз.
А) Бірінші рет естіп тұрмын. В) Сіз жас көрінесіз! С) Кешірім өтінемін.
Д) Алғыс білдіремін. Е) Мол бақыт тілеймін!
16. Рұқсат сұрау мағынасында қолданылып тұрған құрылымды белгілеңіз.
А) Шығуға бола ма? В) Досың жазылды ма? С) Шай ішуге барасың ба?
Д) Кітапханаға барасың ба? Е) Бұл баланы танисың ба?
17. Өкініш мағынасын білдіріп тұрған құрылымды белгілеңіз.
А) Біздің үйге қонаққа келуіңізді өтінемін. В) Өкінішке орай, ол келмеді.
С) Абырой болғанда, ол ештеңе демеді. Д) Бұл кітапты сыйлайын деп едім.
Е) Егер сізге қиын болмаса, айтып жіберіңізші.
18. Өтініш мағынасын білдіру үшін қолданылатын сөзді табыңыз.
А) жұмысшы В) құрылысшы С) айтушы Д) көрші Е) жүргізуші
19. Ескертуге байланысты сөзді белгілеңіз.
А) Танысайық. В) Байқа, есіңнен шығып кетпесін.
С) Білесің бе? Д) Қарсы емессің бе? Е) Бүгін келесің бе?
20. Таңдануда қолданылатын сөзді табыңыз.
А) Әрине, міндетті түрде. В) Бұлай болуы мүмкін емес.
С) Алғысымды білдіремін. Д) Айтып жіберіңізші. Е) Кешірім өтінемін.
Достарыңызбен бөлісу: |