Лексико-грамматикалық тест жұмысы Төл дыбыстар қатысқан сөзді белгілеңіз



бет6/10
Дата05.04.2023
өлшемі96 Kb.
#471761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Тесты по казахскому языку Лексико-грамматикалық

2. Наурыз қандай мереке?
А) діни мереке В) ұлттық мереке С) қызықты мереке Д) қыста тойланатын мереке Е) егін піскенде тойланатын мереке
3. Қазақ халқының ұлттық бас киімдері жазылған қатарды көрсетіңіз.
А) саптама, ішік, тон В) шапан, тымақ, қос етек көйлек С) тымақ, кимешек, сәукеле Д) сәукеле, ішік, бөрік Е) бөрік, кебіс, саптама
4. Қ.А.Ясауи кім?
А) дүние жүзіне әйгілі ұлы ғалым, екінші ұстаз атанған бабамыз.
В) 12 ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым, ақын, философ.
С) түркология тарихында ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды.
Д) дастаны Қашқар қаласында жазылған ұлы әдебиетші.
Е) медицина саласына арналған трактаттар жазды.
5. Жүсіп Баласағұнның еңбегін көрсетіңіз.
А) Диуани хикмет В)Диуани лұғат ат түрік С) Құтты білік Д) Білім кітабы
Е) Музыканың ұлы кітабы
6. Балалық шағы Арыс,Сырдария өзендерінің бойында өткен, білімін тереңдету үшін Бағдад, Дамаск, Каирде болған, «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ойшыл кім?
А) Ибн Сина В) Жүсіп Баласағұн С) Қ.А.Ясауи Д) Әбу Насыр Әл-Фараби
Е) Махмұд Қашқари
7. Томириске байланысты берілген мәліметті көрсетіңіз.
А) Біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырда өмір сүрген, қазақ халқының ұл сұрап сыйынатын тұңғыш енесі.
В) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, сонау скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қолөнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.
С) Сақ тайпасының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшасы.
Д) Барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап айтар, болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай шағын денесіне қарап «Домалақ ене» деп атап кеткен.
Е) Жас нәресте мен екіқабат әйелдердің сыйынатын пірі болған. Оған хакастар, алтайлықтар, тывалықтар, қырғыздар табынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет