30. Болжалдық сан есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
А) Мен анама екі орамал сатып алдым. В) Үйге біреу кірді.
С) Ағам Абай көшесіндегі алтыншы үйде тұрады.
Д) Бұл ауылда жүзге тарта отбасы бар екен. Е) Біз партада төрт-төрттен отырамыз.
31. Үнді дауыссыз дыбыстардан құралған сөзді көрсетіңіз.
А) Машина, бөлме В) ұлу, маймыл С) Аққу, суық Д) дәрігер, қағаз
Е) Әдемі, сұлу
32. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз.
А) Айгүл(мен) бірге В) Есік (пен) терезе С) Ажар (мен) Кеңес
Д) Қаз (бен) үйрек Е) Мұрын (мен) құлақ
33. Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Сағат жөнделді(ме) В) Үйге келді(ме) С) Есікті аш(па) Д) Ақылға келді(ме) Е) Анасын көрді(ме)
34. Қыстырма сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Айналайын, маған көмектесіп жіберші.
В) Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
С) Дос, досқа жаныңды қос.
Д) Менің білуімше, бұл жерге көкөніс жақсы өседі.
Е) Ағыбайдың ұлы боларсың?
35. Тәуелдік жалғауының III жағындағы сөзді көрсетіңіз.
А) Анасы Алматыдан келді. В) Сенің сабақтарың қашан бітеді?
С) Менің отбасым Астана қаласында тұрады. Д) Біздің тобымызда үздік студенттер көп. Е) Сіздің балаңыз өте ақылды.
36. Тәуелдік жалғауының II жақ сыпайы тұлғасында тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. В) Сенің анаң тамақты дәмді пісіреді екен. С) Досы көпті жау алмайды. Д) Оның дұшпандары көп екен.
Е) Сіздің үйіңізге барсақ қалай болады?
37. Күшейтпелі шырайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ата-анаңа мейірімді, халқыңа қайырымды бол. В) Сап-салқын суды тоқтамастан сіміріп салды. С) Ол өте үлкен іс бітірді. Д) Ауа райы салқындау екен. Е) Әр жерден шыққан көкшіл өсімдіктер көріне бастады.
38. Өзгелік етісті табыңыз.
А) Ақылды мақтанса, іс тындырар. В) Қозылар жайлауда жайылды. С) Әдемі, сұлу ән үзілген жоқ. Д) Күн жылынды. Е) Есенбектің ауылы алыстан көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: |