21. Қай сөйлемде бір нәрсені орындауды талап етіп тұр?
А) Ол таңертең ерте тұрды. В) Біздің тауға шыққымыз келеді.
С) Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа. Д) Тіл - қылыштан өткір.
Е) Ел іші – алтын бесік.
22. Септік жалғауы жалғанғанда өзгеріске ұшырайтын есімдікті көрсетіңіз.
А) ешкім В) бұл С) өзі Д) біреу Е) кім
23. Болымсыздық есімдігі қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А) Айбек сабаққа бармады. В) Дүкеннен түрлі заттар сатып алдық.
С) Кейбір сәттерде оның көңіл-күйі түсіңкі болады. Д) Маржан ешқашан сабақтан қалған емес.
Е) Әркімге өзінің туған жері ыстық.
24. Мекен үстеуді табыңыз.
А) Үйдің іші өте жарық екен. В) Университеттің алдында мәдениет сарайы бар. С) Олар артқа шегінді. Д) Әкем бөлмеде газет оқып отыр.
Е) Балалар үйдің сыртында ойнап жүр.
25. Қай сөйлемде синоним сөздер қолданылған?
А) Құдықты шапшаң қазып, самауырды тез қойып жіберіңдер.
В) Ерланның бойы ұзын, Ержанның бойы қысқа.
С) Бұл істің ақ-қарасын ажыратып алу керек.
Д) Ащы мен тұщыны татқан білер. Е) Білім арзан, білу қымбат.
26. Антоним сөздер қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А) Туған елдің биік, асқар таулары алыстан көз тартады.
В) Оның мөлдір, тұнық айдын көлдері - менің ақ бесігім.
С) Жақын мен алысты жортқан білер. Д) Ол өте сабырлы, байыпты жігіт.
Е) Олар бізден алыс тұрады.
27. Қай мақалда антоним сөздер қолданылған?
А) Отан отбасынан басталады. В) Ескі сөз – жаңа сөздің қазығы.
С) Білімді мыңды жығар. Д) Адам болатын бала, алысқа қарайды.
Е) Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
28. Омоним бола алатын сөзді белгілеңіз.
А) ара В) келешек С) бала Д) жеңіл Е) өзен
29. Көмекші есім қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
А) Туған елдің биік, асқар таулары алыстан көз тартады.
В) Асан мен Айдар сыртқа шықты. С) Олар ағасының үйіне барды.
Д) Аурухананың жанынан үлкен дәріхана салынып жатыр.
Е) Олар таңертең жолға шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |