16. .....................................ІХ ғасырдағы ірі қала болған. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд аттарымен де белгілі. А) Астана В) Алматы С) Отырар Д) Түркістан Е) Сайрам
17. Г. Булатов екеуі Рейхстаг қабырғасына бірінші болып ту қадаған жауынгер кім? А) Б. Момышұлы В) М. Мәметова С) Р. Қошқарбаев Д) Ә. Молдағұлова
Е) Т. Мұсабаев
18. Тоқтар Әубәкіровке байланысты мәліметті көрсетіңіз. А) екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, жазушы.
В) ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері, сынақшы-ұшқыш.
С) ол Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ұшқыш ғарышкері.
Д) 1945 жылы сәуірдің 30-ы күні Рейхстаг қабырғасына бірінші болып ту қадады.
Е) түркі халқының бірлігін ойлаған ұлы қоғам қайраткері.
19. Мына мәтінде қай мезгіл суреттелген? Күн жылына бастады. Жылғалардан су ақты. Құстар ұшып келді. Ағаштар бүршік атты. А) жаз В) күз С) қыс Д) көктем Е) алтын күз
20. Мақалды жалғастырыңыз.Кітап - ...................... А) білім көзі В) білім бастауы С) білім кені Д) білім теңізі Е) білім бұлағы
Оқылым. 1. Берілген мәтін қандай ресми іс-қағаз түріне жатады?08.05.2010 күні сағат 11-де үлкен залда Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын болады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесу болады. А) резюме В) хабарландыру С) қолхат Д) кепілхат Е) сенімхат
2. Берілген мәтін қандай ресми іс-қағаз түріне жатады?Мен, Айман Әділханқызы Есенова. Mersedes 250 маркалы жеңіл көлігімді жүргізуді ағам Асқар Сәкенұлы Дәулетовқа сеніп тапсырамын. А) анкета В) түсініктеме С) қолхат Д) кепілхат Е) сенімхат
3. Сіздің азаматтығыңыз, отбасылық жағдайыңыз, біліміңіз, қысқаша өмірбаяныңыз, кәсіби біліктілігіңіз туралы мәліметтер берілетін ресми іс-қағаз түрін көрсетіңіз. А) хабарландыру
В) түсініктеме С) қолхат Д) сенімхат Е) резюме
4. «Материалдық көмек беруіңізді сұраймын», «Жатақханадан бір орын беруіңізді сұраймын», «оқуға қабылдауыңызды сұраймын» деген сөз тіркестері қандай ресми құжатта қолданылады? А) резюме В) өтініш С) хабарландыру Д) қолхат Е) сенімхат