Лектор: аға оқытушы Өтегенова О. К



бет4/8
Дата17.06.2016
өлшемі1.26 Mb.
#141386
1   2   3   4   5   6   7   8

А. этика


В. эстетика

С. принцип

Д. процесс


  1. Мұғалімдерге моральдық тәрбиенің негізгі принциптері мен заңдылықтары туралы жүйелі білім беру

А. педагогикалық такт

В. понтомимика

С. педагог этикасының міндеті

Д. мимика



  1. Жалпы этикалық ілімнің негізінде оқытушылық еңбектің ерекшеліктерін талдай отырып, мұғалімнің өз әріптестерімен, балалар ұжымымен қарым-қатынасын зерттейді

А. психология

В. педагогика





2. Педагог этикасы мен әдептілігі педагог қарым – қатынасының негізін салушы элемент ретінде.


























Тақырыптар

Бақылау түрлері

Ұпай саны

Апта

саны

1.

Мұғалімнің қарым-қатынас стильдері.










2.

Мұғалім мен актер типтері.

Глоссарий

Тест

4,0 балл

8-апта

3.

Педагогикалық процестегі иландыру мен сендіру.










4.

Педагогтің кәсіптік қызметіндегі жанжалдар.

Тест

Коллоквиум

Тест

4,0 балл

9-апта

5.

Педагогикалық қақтығыстар мұғалімге сын.










6.

Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылықтың ерекше түрі ретінде.

Реферат

Тест

4,0 балл

9-апта

7.

Мұғалімнің педагогикалық еңбегінің мәдениеті.










8.

Педагогтің сана-сезімі мен педагогикалық рефлексия.

Рефера

Глоссарий

Тест

4,0 балл

10-апта

9.

Жаһандану кезеңіндегі педагог даярлығы.










10

“Шығармашылық әлеует” құрылымы педагог-психолог ғалымдардың көзқарастары бойынша.

Глоссарий

Коллоквиум

Тест



4,0 балл

11-апта

11

Педагогикалық шығармашылық-педагогикалық шеберлікті дамыту факторы ретінде.















Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің қарым-қатынас стильдері.
Сабақтың жоспары:


1. Қарым-қатынас мәні.

2. Қарым-қатынас стильдері.

Теориялық мәліметтер:

Қарым-қатынас екі жақты мәнге ие: қатынас және өзара әсер ету. Бұл айсбергтің су асты және су үстіндегі бөліктеріне ұқсас. Мұндағы көрінетін жағы – сөйлеу және сөз қимыл-әрекеттері, көрінбейтін ішкі жағы – қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, сезімдер және т.б. адамды қарым-қатынасқа бағыттайтын әрекет-қимылдар, толғаныстар.

Зерттеулер нәтижелері төмендегілерді аңғартады: балаларға әрқашанда олардың көңіл-күйіне тұрақты қатынаста болатын, оқу әрекеттері мен мінез-құлқындағы кемшіліктерге іскерлікпен қарайтын, олармен байсалды және бірқалыпты мәнерде қарым-қатынас жасайтын оқытушыларға олар әрдайым еркін, сеніммен тілдесетін болады.

Оқушыларға ұнамсыз қарым-қатынаста болу (“сыныптарың жыныма тиді”) , оқытушының тұрақсыз позициясы (көңіл-күйіне қарай жиі өзгеруі) балаларда оған деген сенімсіздік, жағымпаздық, жалған сөйлеу және т.б. ұнамсыз қасиеттерді оятуы мүмкін. Мұндай жағдай жалпы оқу-тәрбие процесіне нұқсан келтіреді.

Жалпы алғанда, зерттеушілер оқытушының сынып ұжымына бағытталған негізгі үш түрлі қатынас стилін ажыратып, қарастырады: тұрақты-ұнамды, төменгі дәрежелі ұнамды, тұрақсыз кейде балаларға ұнамсыз, тұрақты ұнамсыз қарым-қатынаста болатын оқытушылар да кездеседі.

А.А.Леонтьевтің пікірінше: “ұнамсыз, тұрақсыз” оқытушылар өздеріне ұнамсыз көзқарастар келіп шығуына жағдай жасайды. Демек, олар мектепке қайшы, жалпы қоғамға қарама-қарсы әрекетте болады деген сөз.

Психологияда қоғам мүшелерімен қарым-қатынаста болатын әртүрлі басшылық, жетеекшілік ету түрлері анықталған. Оқытушы да өз әсерін жүзеге асырушы басшы болып есептеледі. Басшылықтың негізінде үш стиль кездеседі (әсер ету бағытына қарай).

Авторитарлы стиль.

Оқытушы өз бетінше , жеке топтың жұмыс бағытын анықтай отырып, кім-кіммен отыруы және жұмыс істеуі қажеттігін көрсетеді, оқушылар тарапынан кездесетін әрқандай белсенділік шектеледі, оқушылар күмәндану үстінде болады. Өзара әсер ету формалары – бұйыру, көрсетпе, инструкция, жазалау.

Кейде берілетін алғыс, ризашылық та бұйрық немесе кемсіту түрінде жарияланады. “Бүгін сен жақсы жауап бердің. Сенен мұны күтпеген едім”.

Демократиялық стиль.

Бұл стиль ұжым мүшелерінің пікірлеріне сүйенген жағдайда көрініс табады. Оқытушы істелетін жұмыстың мақсат-міндеттерін әр бір оқушы санасына жеткізуге әрекеттенеді. Олардың барлығын еңбек процесіне белсенді қатыстырады, өз міндетін тек бақылау мен басқаруда деп білместен, тәрбие беру деп те түсінеді. Әрбір оқушы марапатталып бағаланады, және онда өз-өзіне сенім арттырылады, өзін-өзі басқару дамытылады.



Либеральдық стиль.

Бұл стильдің мәні – тәртіпсіздік, бейғамдық. Оқытушы ұжым өміріне араласпауға әрекеттенеді, белсенділік жоқтың қасы, сұрақтар немқұрайды талқыланады, кейбір қарама-қарсы пікірлерге тосқауыл жасай алмайды. Ұжымда тәртіпсіздік күшейеді. Оқушыларда ұнамсыз пікірлер мен көзқарастар пайда бола бастайды.


Бақылау сұрақтары:

1. Қандай стиль ұнамды деп есптейсіз?

2. Қарым-қатынастың екі жақты мәнін қалай түсіндіресіз?

3. Қарым-қатынасты неге айсбергке теңеуге болады?

4. Зерттеулер нәтижелерінен нені байқауға болады?
Студенттердің үй тапсырмасы:

Мұғалімнің үш негізгі стилдерін Венн диаграммасы бойынша салыстыру.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.

-Топтастыру жасау.











1. Мұғалімнің кәсіби сапасы, оның шеберлігінің бөлігі

А. педагогикалық такт

В. такт


С. динамизм

Д. ұстамдылық

Е. диалог
2. Балаға әсер етуде тәрбиелеуші, әрекет етуші құрал

А. педагогикалық такт

В. такт

С. динамизм



Д. ұстамдылық

Е. диалог


3. Бұл мұғалімнің оқушыларға әсер етудегі педагогикалық мақсатқа сәйкес шек қоя білуі, қарым-қатынаста продуктивтік стиль орната білуі

А. педагогикалық такт

В. такт

С. динамизм



Д. ұстамдылық

Е. диалог


4. Бұл кері реакцияға әкеліп соғуы мүмкін: шектен асқан талап – тыңдамаушылыққа, дөрекілікке

А. шектен шығушылық

В. такт

С. педагогикалық такт



Д. динамизм

Е. технология


5. Кәсіби білім дегеніміз

А. шеберлік фундаменті

В. ұстамдылық

С. қабілеттілік

Д. табандылық

Е. тұлға динамизмі


6. Коммуникативтілік қабілет дегеніміз

А. қарым-қатынас жасай білу

В. пәнін жетік білу

С. сөйлеу білуі

Д. оқушыны түсіне білуі

Е. өзін меңгере білуі


7. Академиялық қабілет дегеніміз

А. қарым-қатынас жасай білу

В. пәнін жетік білу

С. сөйлеу білуі

Д. оқушыны түсіне білуі

Е. өзін меңгере білуі

8. Экспрессивті қабілет дегеніміз

А. қарым-қатынас жасай білу

В. пәнін жетік білу

С. тілмен ойын, сезімін жеткізе білуі

Д. оқушыны түсіне білуі

Е. өзін меңгере білуі


9. Тұлға динамизмі дегеніміз

А. сендіре және ерікке әсер ете білуі

В. пәнін жетік білу

С. сөйлеу білуі

Д. оқушыны түсіне білуі

Е. өзін меңгере білуі


10. Перцептивтік қабілет дегеніміз

А. сезіне білу

В. пәнін жетік білу

С. сөйлеу білуі

Д. оқушыны түсіне білуі

Е. өзін меңгере білуі


11. Эмоционалдық тұрақтылық дегеніміз

А. өзін меңгере білуі

В. пәнін жетік білу

С. сөйлеу білуі

Д. оқушыны түсіне білуі

Е. өзін меңгере білуі


12. Перцептивті қабілет дегеніміз

А. қырағылық, байқағыштық

В. пәнін жетік білу

С. сөйлеу білуі

Д. оқушыны түсіне білуі

Е. өзін меңгере білуі

13. Динамизм дегеніміз

А. сендіре білу

В. иландыру

С. көндіру

Д. өзін-өзі ұстау

Е. сенбеу


14. Сөздің көмегімен әсер ету тәсілі

А. сендіру мен иландыру

В. жазалау

С. мадақтау

Д. тапсырма беру

Е. жарысу


15. Адам сенімінің үш компоненті

А. білім, сезім, мінез-құлық

В. бақыт, байлық

С. оқу, тәрбие

Д. құлақ, бұлақ, тұяқ

Е. күш. Қайрат




Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық процестегі иландыру мен сендіру.

Сабақтың жоспары:




  1. Сенім – коммуникативтік қарым-қатынастың негізгі тәсілі ретінде.

  2. Иландырудың педагогикалық процестегі рөлі.



Теориялық мәліметтер:

Оқушыларға ықпал етудегі қайнар көздерінің арасында ең маңызды рөл педагогтің үлесіне тиеді. Мұғалім тәрбиеленушінің мінез-құлқына, іс-әрекетіне, сезіміне, санасына қандай тәсілдермен әсер етеді? Барлық мұғалім жолын енді бастағандар қарым-қатынас жасай алу икемділіктерін өздері жасай ала ма?

Қарым-қатынаста екі негізгі тәсіл коммуникативтік ықпал жасайтын қабылданған, яғни сөздің көмегімен әсер ету: сендіру мен иландыру.

Өсіп келе жатқан адам әлеуметтік ортамен, табиғатпен өзара байланыста болады. Өзара байланыс нәтижесі оның сенімі болып табылады, яғни білім жүйесі, көзқарастары мен қарым-қатынасы, мінез-құлық нормалары.

Сенім шынайы және жалған болады. Шынайы сенім шынайы дүниемен сәйкес болады және адам тұлғасын қоғамдық құндылық ретінде қарастырады. Адам өзінің шынайы сенімін қорғау үшін өлімге де басын тігеді. Жалған сенім, ең алдымен ұжымға да зиянды және қоғамға да. Бұл өзінің және басқалардың жағымсыз көзқарастарынан және өмірлік тәжірибе синтезінен пайда болады.

Біз мектеп оқушыларының жалған сенімдерімен жиі кездесіп отырамыз. Біз оларды тани аламыз ба?

Жалған сенімді жөндеу педагогтың табанды еңбегін қажет етеді. Оны үш бағытта жүзеге асыруға болады: сынып ұжымында қоғамдық пікір қалыптастыру, арнайы құнды дербес өмірлік тәжірибе жасау, дұрыс емес сенімнің жалған екендігін білдіру, дәлеледеу.

Ең алдымен күшті ұжым құруда алыс, орта, жақын перспективаларды оның дамуына бағыттау керек. Әрбір тәрбиеленушінің ұнамды жақтарына сүйене отырып, педагогқа өмірлік сенімді жоюға қадам басуы жеңілдеу болады. А.И.Кочетов жалған сенімді әлсіретуге төмендегі тәсілдерді бөліп қарастырды:



    • жеткіншекті өзін басқалармен салыстыруға үйрету: оны өзі қызығатын адаммен жақын таныстыру, ол оның көзқарастарына қарама-қарсы болуы керек (мысалы, бала оқығысы келмейді, ал оның танысы көп біледі, көп оқиды, міне осыдан кейін ол жаттап алмайтын, білгішсінбейтін болады);

    • жалған сенімнің ертең қайда апарып соғарына мысалдар келтіру (мысалы, осындай кемшілігі бар адамдардың қайғылы жағдайға тап болғаны туралы, оның өз өмірін құртқандығы, бостандық, сертінен, ұятынан айрылғандығы, ол күшті сияқты еді бірақ өмір оның әлсіздігін, түкке жарамсыздығын дәлелдеді. Бұл үшін мысалдарды шынайы өмірден, көркем әдебиеттен, кинофильмнен алып қолдану керек.);

Жалған сенім шындықпен, адамгершілікті жағдайлармен, құндылықтармен орын алмасуы керек. Жалған сенімді жөндеуде қолданылады:

    • жеткіншек рухани өмірде құндылықтармен бетпе-бет келуі: күшті болғысы келеді, сүйікті спорт түрімен айналысу, бұл үшін күн тәртібін орындау керек, жақсы оқу керек; үйірмелерге жазылу керек.

    • Мұғалімнің жалған сенімдегі жеткіншектің мінез-құлқына шыдамдылық көрсетуі: оның дөрекілігіне мұғалімнің ұстамдылық пен әдептілік көрсетуі, жеткіншектің дербес ерекшелігіне құрметпен қарауы;

    • Жеткіншекке сеніммен қарай білу, ол дұрыс емес қылықтар көрсетсе де (“Мен саған қалай көмектесе аламын? Жағдайыңның нашар екендігін көріп тұрмын!”);

Адам сенімі үш компоненттерден тұрады: білім – сезім – мінез. Сенімнен формула келіп шығады: түсіну – бастан өткізу – қабылдау – жасау , яғни түсінемін, сезінемін (басымнан өткіземін), өзіме қабылдаймын, осыны өз іс-әрекетімде және мінез-құлқымда басшылыққа аламын.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қарым-қатынаста сенімнің алатын орны қандай?

  2. Сенімнің түрлері қандай?

  3. Жалған сенімді жөндеуде мұғалімнің еңбегін түсіндіріңіз.

  4. Жалған сенімді жөндеуде қолданылатын тәсілдер қандай?

Студенттердің үй тапсырмасы:

Ильинаның педагогикасынан тәрбие әдістерін, соның ішінде сендіру мен иландыруды оқып, конспектілеп келу.


Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

  1. Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.

    1. Топтастыру жасау.



Сабақтың тақырыбы: Педагогтің кәсіптік қызметіндегі жанжалдар.

Сабақтың жоспары:




  1. Педагогикалық ұжымдағы келіспеушілік.

  2. Келіспеушіліктің түрлері және оны реттеу жолдары.


Теориялық мәліметтер:
Педагогикалық ұжымдағы келіспеушілік.

Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе “климаттық ауытқуды” атауға болады. Әлеуметтік-психологиялық келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушілктер өз табиғатында тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әр түрлі пікірде болады.

Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлға аралық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әрекет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасындағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін.

Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады.



Бірінші топ – кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды.

Екінші топ – педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-құлық пен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. ОЛ педагогтің өз әріптестеріне және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді.

Үшінші топ – педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.
Келіспеушіліктерді реттеу жолдары.

Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің біріздігінен тұрады:



  1. келіспеушіліктің алдын алу;

  2. пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою;

  3. келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау;

  4. келіспеушіліктің түйінін шешу.

Келіспеушіліктің алдын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы қармауы тиіс, сондықтан ол келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қалыптасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс.

Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық мүшелеріне біршама уақыт бір-бірімен араласпау немесе ол араласуды шектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсіптік келіспеушіліктер еңбек жағдайын, оқу-тәрбие үрдісін өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ал тұлғалық сәйкессіздіктен туындаған келіспеушілікті жою күрделі сипат алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердің өмір сүруін мойындайтындай шешім қабылдайды.


Бақылау сұрақтары:

1. “Климаттық ауытқу” ұғымының мәнін түсіндіріңіз.

2. Әлеуметтік - психологиялық келіспеушіліктің пайда болу себебі неде?

3. Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын атаңыз.

4. Келіспеушілікті реттеу жолдары қандай?

Студенттердің үй тапсырмасы:

1. Осы тақырыпқа байланысты кластер жасаңыз.



Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

  1. Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.

- Топтастыру жасау.





1.Жағымды психологиялық климат қалыптастырудағы кедергі жасайтын фактілердің қатарына атауға болады.

А. “климаттық ауытқуды”

В. достықты

С. ұжымшылдықты

Д. ынтымақты

2. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер болып табылады

А. жиналыс

В. Тұлға аралық келіспеушілік

С. ымырашылдық

Д. бейғамдық

3. Педагогикалық ұжымдағы келіспеушіліктің... көрсетуге болады

А. бір тобын

В. екі тобын

С. үш тобын

Д. төрт тобын

4. Кәсіптік – педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер

А. 2-топ


В. 3-топ

С. 4-топ


Д. 1-топ

5. Бұл ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет