С. тіліне
Д. пішініне
-
Ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениетті тұлға
А. оқушы
В. студент
С. қазіргі маман
Д. ата-ана
-
Көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін қалыптастыру үшін қазіргі ... мен ... бейімделу керек деп есептейді
А. қазіргі әлем мен отандық мәдениетке
В. білім мен тәрбиеге
С. шеберлікке
Д. өмірге
-
Болашақ мұғалімдерді дайындау мақсатында алдымен мәдениет-танымдық дайындығын көтеру үшін ......деген сұраққа жауап іздеуіміз керек
А. білім дегеніміз не?
В. шеберлік дегеніміз не?
С. рефлексия деген не?
Д. “жалпы мәдениет дегеніміз не?”
-
Материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы
А. мәдениет
В. білім
С. тәрбие
Д. кәсіп
-
“Мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек” дейді
А. Абай
В. американ психолог-гуманисі А.Маслоу
С. Шоқан
Д. Шәкәрім
-
Руханилық, кәсіби-біліктілік, кәсіби әрекетке операциялық-технологиялық дайындығы, шығармашылық белсенділік және бейімделу қабілеттілігі
А. педагогикалық ұғымдар
В. пед.тех.критерийлері
С. шарттары
Д. кәсіби-тұлғалық даму деңгейі критерийлері
-
Кәсіби-әрекетке саналы қызығу, қарым-қатынас жасай білу, түсінісу, адамгершіліг, сөз бен іс біріліг, құндылықтарды бағалау
А. рухани көрсеткіштер
В. кәсіби-біліктілік көрсеткіші
С. шығармашылық белсенділік көрсеткіші
Д. бейімделу қабілеттілігі
-
Болжам жасай білуі, әрекет жетістігі, әдіс-тәсілдерді қолдана білуі, күрделі міндеттерді шеше білуі, зерттеу жүргізе білуі, ұйымдастырушылығы
А. шығармашылық белсенділігі
В. рухани көрсеткіші
С. бейімделгіштігі
Д. кәсіби-біліктілігінің көрсеткіші
-
Әрекетте шығармашылық элементтерін қолдануы, өз шығармашылығын балаларға үйрете білуі, балалар шығармашылық қабілетін дамыта алуы
А. рухани көрсеткіші
В. шығармашылық белсенділігі
С. бейімделу қабілеттілігі
Д. кәсіби-біліктілігінің көрсеткіші
Сабақтың тақырыбы: К.С.Станиславскийдің бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудағы театрлық жүйесі принциптері.
Сабақтың жоспары:
1. Педагогикалық шеберлікті жүзеге асыру және қалыптастыру жолдары.
2. К.С.Станиславский жүйесінің принциптері.
Теориялық мәліметтер:
К.С.Станиславский жүйесінің принциптері.
Станиславскийдің ілімі, оның таныс жүйесі мұғалім дайындауда көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Станиславский жүйесі - әмбебап, жан-жақты әдіс. Ол актермен жұмыста – педагог үшін де мүмкіндіктерге бай , себебі бұл әдіс жан-жақты үйлесімді, адамгершілікті және кәсіби тәрбиеде. Станиславскийдің әдісі техникалық тәсілдер мен ережелердің жинағы болып табылмайды. Жүйенің басты мақсаты – актер шығармашылығын өзімен ауыстырып алу емес, ал керісінше оның қабілеттілігінің еркін және толық ашылуына орай жағдай жасау. Бұл жағдай педагогқа да ауадай қажет. Олар мұғалімге бақылаусыз қысымнан құтылуға көмектеседі, өз мүмкіндігін білместіктен. Сонымен жүйе еркін шығармашылық үшін қандай жағдай жасайды?
Станиславскийдің жүйесінің бірінші және басты принципі (қағидасы) өмір шындығы - реалистік (шындық тұрғысынан) өнер принципі болып табылады. Өмір шындығына қойылатын талаптар оның жүйесінде барлығы келісілген түрде терең бойлаған. Сахнаға екіжүзділікті, өтірікшілікті, қасақана тәртіп бұзушылықты жіберіп алуға болмайды. Қазіргі біздің мектептерде бұл керек десеңіз, кірмек түгілі тамырлап терең бойлап кеткен – барлық әкімшілік аппаратында және мұғалім іс-әрекетінде немесе міндетті іс-шараларда. Органикалық, табиғилыққа тірі қағидаға не енуі мүмкін?
Міне осы жерде Станиславский мектебінің екінші маңызды принципі көмекке келеді – аса жоғары міндет туралы ілімі. Аса жоғары міндет дегеніміз, суретші не үшін өз идеясын адамдардың санасына ендіргісі келеді, қорытынды есебінде неге ұмтылады. Аса жоғары міндет –суретшінің ең ардақты, қымбатты, ең мәнді тілегі, ол – оның идеялық белсенділігінің мазмұны. Аса жоғары міндет туралы еске түсіре отырып, суретші материалдарды, техникалық тәсілдер мен мәнерлі құралдарды таңдап алады.
Біз өзіміздің педагогикалық қызметімізде аса жоғары міндет туралы жиі ұмытамыз: не үшін жұмыс істейміз, есептей келе неге ұмтыламыз осы? Педагогикалық шығармашылықтың әр түрлі стадиясына орай аса жоғары міндет түрлі деңгейде болады, олардың арасынан үш негізгігісін бөліп қарастыруымыз мүмкін:
-
Жалпы аса жоғары міндет, педагогтың қызметіне қатынасы және оның азаматтық зрелости түсінігін бейнелейді.
-
Этаптық аса жоғары міндет (Этапные сверзадача): жеке сабақтың, тұтас курстың т.б.аса жоғары міндет.
-
Ситуативтік аса жоғары міндет, әр түрлі жағдайда және іс-әрекеттерде пайда болады.
Мысалы, мұғалімге “А.П.Чеховтың шығармашылығы” деген тақырыпта әдеби кеш өткізу жоспарланған. Бұл жерде мұғалімнің этаптық аса жоғары міндеті қандай? Іс-шара іс-шара үшін бе? Әрине, жоқ. Чеховпен танысу үшін бе? Жоқ. Мұғалімге ең алдымен маңыздысы сол, балалар ұжымдық еңбектің қуанышын, біргеліктегі іс-әрекеттің қуанышын сезінуі: “мен-ұжымға”, “маған-ұжым”, үлкен, жауакершілігі мол істердің өздерінің қатысуымен өтіп жатқандарын сезінуі. Осы аса жоғары міндетте А.П.Чеховтың рөлі қандай? Істің мәні мынада, Чеховтың шығармашылығының жалпы аса жоғары міндеті – адамды бұрынғы қараңғылықтан жұлып алып және оның өмірін шындығында да әдемі ету – мұғалім идесымен үндесу. Жеке аса жоғары міндет, ситуативтік, біргеліктегі іс-әрекеттердің белгілі бір кезеңдерінде пайда болады: өзара қарым-қатынастағы репетицияда кенеттен пайда болатын дөрекілік немесе мәтінді біледі, бірақ қимыл-қозғалысы келінкіремейді, себебі пластикалық жасалып үйретілмеген және т.б. Міне мұғалім қызметінде пайда болады сквозные действие, ал Чехов армандайды адамдық қарым-қатынастағы ішкі және сыртқы әдемілікті, пошлосты , рухани мешеулікті көргісі келмейді. “Адамда барлығы әдемі болуы керек – бет-пішіні де, киімі де, жан дүниесі де, ойы да”.
Станислвскийдің жүйесінің үшінші принципі – іс-әрекет және белсенділік принципі, бейне мен құштарлықты ойнауға болмайтындығын айтады, бейне және құштарлық роліне әрекет жасау керек, - осы практикалық жүйенің өзегі болып табылады. Бұл принципті кім түсінбесе, оның барлық жүйені түсінбегені. Әрекет – бұл адамдық мінез-құлықтағы белгілі бір мақсатқа бағытталған еріктік акт. Іс-әрекетте физикалық және психикалық бірлік айқын пайда болады. Театр – бұл адам өмірі көрнекті, тірі, нақты адамдық іс-әрекетте бейнеленетін өнер. Актер өз өнерінің әрі жасаушысы және әрі аспабы, оның әрекеті сол образды жасауға өзіе материал болып табылады. Мұның барлығы бізге, мұғалімдерге дәл келеді. Педагогикалық іс-әрекет – бұл белгілі бір мақсатқа бағытталған, біздің сіздермен ерікті актымыз. Мұндай әрекетпен біз биікке көтеріле аламыз, егер фмзмкалық және психикалық бірлік болса, ол негізделген, мақсатқа сәйкес, нәтижелі болуы тиіс.
Мұғалім – жасаушы. Оның шығармашылығы адамдық сөйлеу мен адамдық қимыл-қозғалыста, оқушыларға эмоционалды әсер ете білуде выражается. Озат мұғалімдердің өз оқушыларымен өзгеше әсер ете білуінің өзіндік құпиясы да осында. Оған қалай қол жеткізуге болады? Сабақтың және өз іс-әрекетінің жаңашылдығын қалай сақтауға болады? Керек эмоцияны қайдан алуға болады? Станиславскийдің ізденістері бұл жоспарда мұғалімдерге көмектеседі.
Бақылау сұрақтары:
1. Станиславский жүйесінің басты мақсаты қандай?
2. Станиславский жүйесінің басты принципі қандай?
3. Станиславский жүйесінің екінші принципі қандай?
4. Станиславский жүйесінің іс-әрекет және белсенділік принципінің маңызы неде?
Студенттердің үй тапсырмасы:
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
-
Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)
-
Қызығу дегеніміз не?
-
Студент қызығуын қалай қалыптастыруға болады?
-
Қызығу студент әрекетінің мақсатына, қозғағыш күш-мотивіне айналуы мүмкін. Осыған орай Б.Теплова мен Н.Морозованың пікірлері.
-
Әр түрлі қызығуды қалыптастыру қарастырылуда. Ал америка философы Р.Перри пікірі қандай?
-
“Кәсіби қызығу” ұғымын түсіндіріңіз.
-
Кәсіби қызығудың болашақ мұғалімнің жеке тұлғасын қалыптастырудағы маңызы қандай?
-
“Қызығу” мен “кәсіби қызығу” ұғымын “Венн диаграммасы” бойынша салыстырыңыз.
1.Педагогикалық еңбек объектісі
А. адам
В. бала
С. нәресте
Д. оқушы
Е. ата-ана
2.Тәрбиеленушіге ықпал ететін педагог, ата-аналар, ұжым
А. субъект
В. объект
С. құрал
Д. білім
Е. біліктілік
3. Тәрбиеленушіге ықпал ететін негізгі құрал
А. мұғалім тұлғасы, білімі, біліктілігі
В. объект
С. субъект
Д. құрал
Е. білім
4. Іс-әрекеттің негізгі түрлері: еңбек, қарым-қатынас, ойын, оқу
А. тәрбиенің негізгі құралы
В. тәрбиенің әдістері
С. тәсілдері
Д. принциптері
Е. заңдылықтары
5. “Ұжымдық шығармашылық іс арқылы ұжымның ынтымақтастығы артады”
А. Караковский В.А.
В. Сорока –Росинский В.Н.
С. Кузьмина Н.В.
Д. Макаренко А.С.
Е. Гончарова Т.И.
6. “Балалар өмірін ұйымдастырудың негізгі құралы - оқыту” деп алған
А. Караковский В.А.
В. Сорока –Росинский В.Н.
С. Кузьмина Н.В.
Д. Макаренко А.С.
Е. Гончарова Т.И.
7. Мұғалім іс-әрекетіндегі гуманистік бағыт, оның кәсіби білімі, педагогикалық қабілеті және педагогикалық техника
А. шеберлік сапалары
В. білім деңгейлері
С. білім жүйесі
Д. оқыту әдістері
Е. тәсілдері
8. Педагогикалық шеберліктің негізгі ірге тасы (фундаменті)
А. кәсіби білім
В. мұғалім тұлғасы
С. мінезі
Д. мәдениеті
Е. ұстамдылығ
9. Беретін пәнге байланысты білім, оның әдістемесі, педагогика және психология
А. кәсіби білім мазмұнын құрайды
В. білімдер жүйесі
С. білім орны
Д. білім мәні
Е. білім міндеті
10. Қарым-қатынас жасай білу қабілеттілігі
А. коммуникативтілік
В. перцептивтік
С. тұлға динамизмі
Д. эмоционалдық тұрақтылық
Е. оптимистік
11. Мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі
А. академиялық қабілет
В. дидактикалық қабілет
С. коммуникативті қабілет
Д. ұйымдастырушылық қабілет
Е. тұлға динамизмі
12. Тілдің көмегімен өз ойын, сезімін нақты және түсінікті жеткізуі
А. экспрессивті (сөйлеу) қабілет
В. дидактикалық қабілет
С. коммуникативті қабілет
Д. ұйымдастырушылық қабілет
Е. тұлға динамизмі
13. Мұғалімнің сендіре білуі мен ерікке әсер ете білу қабілеті
А. тұлға динамизмі
В. коммуникативтілік
С. перцептивтілік
Д. ұстамдылық
Е. табандылық
14. Мұғалімнің кәсіби қырағылығы, байқағыштығы
А. тұлға динамизмі
В. коммуникативтілік
С. перцептивтік
Д. ұстамдылық
Е. табандылық
Сабақтың тақырыбы: Шығыс ойшылдары шығармаларындағы мұғалім шеберлігі туралы мәселелер (Әл-Фараби,Қайқабус, Қ.А.Иассауи т.б.)
Сабақтың жоспары:
-
Ғұламалардың ұстаз туралы ойлары.
-
Ой-пікірлердің бүгінгі талаппен үндестігі.
Теориялық мәліметтер:
Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби өзі де ұстаздық еткендіктен мынадай талаптар жүйесін белгілеген: “ұстаздың мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек. Өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздың қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады” дей келе, ұстаз тарапынан оқыту мен тәрбиелеуде барынша ынталылық пен табандылық қажет екендігін айтады.
Қазақ жеріндегі мектеп, медреселерде білім алған ежелгі ғұлама ғалымдар үлгі өнеге алып өскен, аса құнды еңбек Кайкаус патшаның перзентіне арнап жазған өсиетнамасы – “Қабуснама” кітабында “әрбір адам бір істі қолына алса, оны жақсы біліп, әдістерін үйреніп, құпия сырларын игеріп, машықтануға міндетті” екені айтылады. Ұстаз болған адам басқаларға үлгі-өнеге болмағы ләзім.
1 .“Өнеркәсіптің ішінен ілімге талапкер болсаң, өте ұқыпты, ынсапты, қанағатты бол, уақытты босқа өткізуді дұшпаным деп сана;
2. сабырлы әрі салмақты бол, жеңілтек, желөкпелер қатарына қосылма, кеш жатып, ерте тұр;
3. кітап оқу, сабақ беру мәселесіне ерекше көңіл бөл, өз ісіңнен жалықпа, оқығаныңды жаттап қайталаумен жақсы біліп ал
4. естігеніңді көңіліңнен қайталап өткізіп, жадыңа сақтауға тырыс;
5. кітап, қағаз, қалам, қаламұштағыш т.б. қажетті заттарды әрдайым өзіңнің жаныңа қойып басқа нәрселерді маңыңа жуытпа;
6. аз сөйлеп ұзақ ойлан” дейді де, әрбір азаматтың табиғаты осы сипаттас болса деп есептейді.
Жалпы ұстаз туралы өткен дәуірде өмір сүрген ғұламалардың пікірі бойынша, адамға тән жақсы қасиеттердің барлығын бойына жинақтай білген адам – ол нағыз адам.
Айталық, Жүсіп Баласағұни ұстаз тұлғасы туралы жүйелі пікір айтпағанымен, жалпы адамдық жайлы ой тұжырымдарынан мұрат адам бейнесін іріктеп алуға болады: мінезі, қылығы сынық, ізгілікті, ақылды, білімді, парастты, тіл өнерін меңгерген, сабырлы, әдепті, өзін ұстай білетін, адал да әділ.
Білім ордасы, ей ісілердің игісі,
Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе.
Ізгі іс немесе мінезі түзілік,
Екінші –ұят, үшінші-әділдік.
Бұл өлең шумақтарынан осы заманғы педагог ғалымдардың пікіріне сәйкес ойларды, ұстазға тән қасиеттердің белгілерін байқаймыз. Аса таңқаларлық нәрсе: ғұламаның адам қабілетінің өлшеулі болатыны туралы “ақылды адам үйрене алмайды, ақыл адаммен қоса жаратылады, үйренілмейді” деген пікірі.
Түрік дәуірінің ғұламасы Қожа Ахмет Иассауи бар жақсылық бір Алладан дей келе пайғамбарларды өзінің ұстазы санаған, 34 хикметінде: “Ұстаздарға қызмет тым еркіңменен, Ұстаздарға қызмет қылсаң нәжіге апат” деген өлең шумақтарында терең астар жатыр. 37 хикметінде : “жақсылардың соңынан әсте қалма, жолға кірген ақыры мұратына жетер достар” дей келе қайырым, мейірім, достық, әр нәрседе шектен шықпау, белгілі бір мөлшерден аспау, әділдік, адалдық секілді ізгі қасиеттерді мадақтап, сондай адамдардан үлгі-өнеге алуды өсиет етеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Әбу Насыр әл-Фарабидің ұстаз туралы ой-пікірі бүгінгі күнмен қаншалықты үндеседі?
2. Ғұламаның “ұстаз алдымен шәкіртінің ден саулығы мен жан саулығын сақтауға мүдделі болуы керек” деген ой түйіндісіне сіздің пікіріңіз қандай?
3. “Қабуснама” өсиеттерінің қандай да бір бөлігін, сіз өз өміріңізде “ұстана аламын”деп айта аласыз ба?
4. Ғұламалардың ұстаз туралы пікірлері, сізге қандай ой түсірді?
Студенттердің үй тапсырмасы:
-
Түрлі әдебиеттерден “қазақ педагог-ғалымдарының ұстаз туралы айтқан ой-пікірлерін” жинақтаңыз.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1.Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
-Топтастыру жасау.
№3. Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру.
(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)
№3. Педагог-психолог мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру.
-
Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметті атқаруға қажетті қабілеттері мен дағдылары.
-
Бастауыш сынып мұғалімінің өз шеберлігін арттыруға септігін тигізетін оқытудың дидактикалық кезеңдері.
-
Оқыту үрдісіндегі зерттелініп келген, әлі шешімін таппаған үздік оқитындар мен үлгермейтін балалардың ара жігін жақындатудағы шебер мұғалімнің ролі қандай?
-
А.Дистервергтің “Нашар мұғалім шындықты өзі айтып қояды, ал жақсы мұғалім табуға үйретеді” деген пікірінің, ғылыми дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған бастауыш сынып оқушыларына қатысы бар ма? Бастауыш сынып мұғаліміне ше?
-
В.А.Сухомлинскийдің атап көрсеткен бастауыш сынып мұғалімі қызметінде кездесетін дидактикалық қиыншылықтар.
-
Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметінде талап етілетін мақсат-міндеттер.
1. Мұғалімнің өзін меңгере білу қабілеттілігі
А. эмоционалдық тұрақтылық
В. тұлға динамизмі
С. перцептивтік
Д. оптимистік
Е. шығармашылық
2. “Әуелі бала жүрегінің қозғалысын түсіну керек” деген
А. Сухомлинский В.А.
В. Сорока-Росинский В.Н.
С. Кузьмина Н.В.
Д. Макаренко А.С.
Е. Гончарова Т.И.
3. Бұл сендіре білуге қабілеттілік, бұл ішкі дүние энергиясы, иілгіштік және ынталылық
А. динамизм
В. байқампаздық
С. оптимистік
Д. эмоционалдық
Е. ұстамдылық
4. Педагог-шебердің адамды түсіне білу қабілеттілігі байланысты
А. тұлға динамизмімен
В. ұстамдылықпен
С. қарым-қатынаспен
Д. түсінушілікпен
Е. оптимистікпен
5. Тұлға динамизмі қабілеттілігін меңгеруде неге сүйенеді
А. жаңашыл педагогтардың іс-әрекетіне
В. байқампаздыққа
С. ұстамдылыққа
Д. білімділікке
Е. көңіл-күйге
6. Олардың сабақтары қуатты, ұстанымы жоғары, сөзі сана-сезімге терең әсер ететіндей қабілетті
А. жаңашыл-педагогтар
В. оқытушылар
С. тәрбиешілер
Д. оқушылар
Е. ата-аналар
7. Өзі кейбір жағдайлардан шығу мүмкіндігін қарастыра білетін, тұлғада эмоционалдық тұрақтылық құра алатын, өзін-өзі меңгеруге қабілеттілік
А. эмоционалды тұрақтылық
В. тұлға динамизмі
С. перцептивтік
Д. академиялық
Е. коммуникативтік
8. “Мұғалімнің оқушыға “Ешқашан...” деп айтуға құқы жоқ”
деген
А. халық мұғалімі Т.И.Гончарова
В. Сухомлинский В.А.
С. Макаренко А.С.
Д. Крупская Н.К.
Е. Ушинский К.Д.
9. Өзін басқару біліктілігі мен педагогикалық тапсырманы шешу процесінде әрекет ете білу біліктілігі
А. біліктілік түрлері
В. педагогикалық технология
С. технология
Д. шеберлік
Е. әдеп
10. Сөйлеу техникасын, эмоционалдық жағдайын, өз бойын меңгере білуі
А. біліктіліктің 1-тобы
В. біліктіліктің 2-тобы
С. біліктіліктің өзі
Д. білімділік
Е. дағды
11. Өзара әрекетте қарым-қатынас техникасын меңгеруі, ұйымдастырушылық, дидактикалық қабілеттілігі
А. біліктіліктің 1-тобы
В. біліктіліктің 2-тобы
С. біліктіліктің өзі
Д. білімділік
Е. дағды
12. Мақсатқа сәйкестілік, продуктивтілік, оптимистілік, шығармышылық
А. педагогикалық шеберліктің критерийлері
В. педагогикалық шеберлік
С. ұстамдылық
Д. тұлға динамизмі
Е. эмоциялық тұрақтылық
13. Студенттің кәсіби дайындығының бастапқы деңгейі саналатын шеберлік негіздерін меңгеруде көмектеседі
А. ЖОО
В. мектеп
С. колледж
Д. лицей
Е. гимназия
14. Студентке бағыт беру, білім беру, қабілеттерге баулу, техникамен қаруландыру
А. ЖОО міндеті
В. мектеп міндеті
С. колледж міндеті
Д. лицей міндеті
Е. гимназия міндеті
15. “Мен өзімнің жеңіс қарсаңында екенімді сезінетін едім. Шеберлікті біз түсінеміз. Өйткені көреміз: педагогтың барлық іс-әрекеті мақсатты, ойнылған, реттелген. Ол жағдайды түсіне біледі, оны қайта құра біледі, ситуацияларды табысты шеше біледі, кездейсоқ әсерлермен қамтамасыз ете алады”
А. Макаренко А.С.
В. Сухомлинский В.А.
С. Гончарова Т.И.
Д. Крупская Н.К.
Е. Ушинский К.Д.
Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық және актерлік қабілеттіліктер диагностикасының белгілері мен әдістері.
Сабақтың жоспары:
-
Қабілеттіліктер – мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің алғы шарттары.
-
Педагогикалық және актерлік дарындылық табиғатының мәселесі.
Теориялық мәліметтер:
Болашақ маман қызметінің негізінде жатқан және заманауи мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің алғы шарттары болып табылатын қабілеттіліктер диагностикасының белгілері мен әдістері жөнінде нақты және айқын түсініктің студенттердің кәсіби-педагогикалық дайындығының тиімділігі мен ерекшеліктерін арттыруда маңызы зор. Өмір мұғалімнің нақты ғылыми білімдердің және жалпы адамзаттық рухани құндылықтардың ұстанушысы болуын ғана емес, сондай-ақ өзінің жұмысында жоғары шеберліктің маңызды қайнары болуын, ол нені дұрыс, шабытты және сенімді, қызықты және жөн айтуды білуін ғана емес, сонымен бірге қалай айтуды білуін талап етеді.
Педагогикалық және актерлік дарындылық табиғатының мәселесін, оның диагностикасының белгілері мен әдістерін зерттеу:
-
студенттерді курсқа іріктеу үрдісінде-ақ педагогикалық және актерлік шеберлікке табысты оқытуды болжау үшін;
-
бейімділіктердің, арнайы қабілеттіліктердің, тұлғаның жалпы көркемдік дарындылығы мен шығармашылық әлеуетінің ара қатынасын елестету үшін (кәсіби маңызды ерекшеліктерді айырып және олардың бір-бірімен қалай байланысқанын, қандай психикалық үрдістермен қамсыздандырылғанын анықтау, не нәрсесіз оқытудың болашағы жоқ, ал оқыту үрдісінде не дамитынын ойлаутыруға болады);
-
шамамен кәсіби маңызды ерекшеліктерді анықтағанда қателеспеу үшін;
-
студентке өзінің мүмкіндіктерін, күшті жақтарын және кемшіліктерін түсінуде, қабілеттілік барда мамандықты меңгеру жолында нақты кедергілерді жеңуде жәрдем беру үшін;
-
шығармашылық дербестікті ынталандыратын факторларды белсенді ету және жағдай жасау үшін қажет.
Алдымен педагогикалық қабілеттіліктер құрылымының бөлшегі болып табылатын актерлік қабілеттіліктер белгілерінің мәселесін қарастырайық. Актерлік қабілеттіліктердің тәжірибеде жинақтаған өз белгілері бар. Көптеген театр қайраткерлері, түрлі театр мектептерінің негізін қалаушылар К.С.Станиславский, В.Э.Мейерхольд, Е.Б.Вахтангов, А.Я.Таиров актерге қажет ерекшеліктер мен сипаттар жөнінде жазды.
Адамдардың актерлік дарынды басты ерекшеліктері есебінде түрлі сипаттар аталады:
-
эмоциялы стресс жағдайында өнімді және жалғастыру әрекетіне қабілеттілік;
-
ой тудыруға және әрекет арқылы ойдың трансляциясын жүзеге асыруға қабілеттілік;
-
бір ойыннан екіншісіне ауысуға дайын болу;
-
эстетикалық қызметке, көркемдік образдарды жасауға бағыттылық;
-
қоршаған ортаға әсердің нақтылығы және айқындылығы;
-
түрленуге икемделу, өзін-өзі сендіруге қажеттілік;
-
жеке тартымдылық, сүйкімділік;
Біз жүргізген зерттеу нәтижелері мынаны көрсетеді, яғни педагогикалық мамандықты алатын студенттер адамдардың әртістік (арнайы көркемдік білімдері жоқ) деп айтуға болатын негізгі ерекшеліктері деп мыналарды есептейді:
-
өзімен, өзінің сезімдерімен, ойларымен, күйзелістерімен, ассоциациясымен, іште, жүректе әрдайым пайда болатын дүниемен бөлісу қабілеттілігі;
-
өзінің сезімдерін басу және сыртқа “тастағысы” келетін сезімдерді ғана “тастау” икемділігі;
-
әр түрлі болу, таңдандыру шеберлігі;
-
кез келген істі жүргізіпәкету қабілеттілігі, қызықтырып әсерлендіру, қоршаған адамдарды өзіне сендіруге мәжбүрлеу шеберлігі, тартымдылық;
-
жасы келгенге қарай өмір сүріп жатқан сияқты ойнау қабілеттілігін жоғалтпау;
-
көпшілік алдында батыл болу;
-
дамыған бейнелі ойлау, реактивтілік, жігерлілік;
-
әр түрлі адамдармен қарым-қатынас кезінде жеңілдікті сезіну, барлық жағдайда оларға және өмірге қызығушылық таныту, ақ көңілділік;
-
мықты визуалды және эмоциялық ес (әңгімелесушіні тыңдау және сезіну бейімділігі);
-
еркіндік сезімі, мүмкін еместі елестету шеберлігі;
-
қанағатшылық сезім, әсершілдік;
-
сезімталдық;
-
өмірден, адамдардан әрдайым жаңа бір нәрсе іздеу;
-
шапшаңдық, бай қиял, юмор сезімі;
-
зеректік, түсінгіштік, білімділік.
Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық және актерлік қабілеттіліктер жөніндегі түсініктердің студенттердің кәсіби-педагогикалық дайындығындағы маңызы қандай?
2. Педагогикалық және актерлік дарындылық табиғатының мәселесін, оның диагностикасының белгілері мен әдістерін зерттеу не үшін қажет?
3. Актерлік қабілеттіліктердің белгілері қандай?
4. Актерлік қабілеттіліктің мұғалімнің іс-әрекетіне қатысы бар ма?
5. Адамдардың актерлік дарынды ерекшеліктерінің сипаттарын атаңыз.
6. Педагогикалық мамандықты алатын студенттердің негізгі әртістік ерекшеліктері қандай? Ол сіздің бойыңыздан табыла ма?
Студенттердің үй тапсырмасы:
1. “Педагог және актер” деген тақырыпта эссе жазыңыз.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
-
Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
-
Топтастыру жасау.
(Студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілі. Эсседе бірінші кезекте студенттің өзіндік “Мені” көрініп тұруы керек. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссе – ағымдағы бақылаудың тиімді тәсілі.)
-
Жас мұғалімдердің басым көпшілігінде болатын кемшіліктерді атаңыз және ол не себептен?
-
Практиканттар алғашқы сабақтары туралы шығармаларында қандай кемшіліктерін атап көрсетеді және ол неліктен деп ойлайсың.
-
Студенттердің негізгі кемшілігі дауысты меңгеруде дейді, сіз осыған келісесіз бе?
-
Сөйлеудегі көпшілігінде кездесетін кемшіліктерді айтыңыз.
-
Кемшіліктердің болуы педагогтың оқушыларға ықпалының нәтижесіне өзгеріс әкеледі деп ойлайсыз ба?
-
Жас мұғалімнің педагогтік техникасының жетіспеушілігін қалай жоюға болады? Өз ойыңыз.
1. Бұл күрделі педагогикалық жағдаятты жақсарту мақсатында, оны жаңа деңгейге ауыстыратын, педагогикалық іс-әрекеттің мақсатына жақындайтын, барлық уақыттағы ұғыну
А. педагогикалық тапсырма
В. әдістеме
С. тәсіл
Д. әдіс
Е. құрал
2. Мектептің және бір күні басталды. Сыныпқа оқушы кешігіп кірді.
А. ситуация
В. педагогикалық тапсырма
С. сабақ
Д. тәрбие жұмысы
Е. процесс
3. Үй тапсырмасы тексерілуде. Екі оқушының дайын еместігі байқалды.
А. ситуация
В. педагогикалық тапсырма
С. сабақ
Д. тәрбие жұмысы
Е. процесс
4. Жаңа материал түсіндірілуде, сыныптағы оқушылар бір-біріне записка жазып беруде
А. ситуация
В. педагогикалық тапсырма
С. сабақ
Д. тәрбие жұмысы
Е. процесс
5. Мәселелерді сезінуден және ситуацияны талдаудан басталады
А. педагогикалық тапсырманы шешу
В. сабақ беру
С. тәрбие сағатын өту
Д. есеп беру
Е. үйрену
6. Сезімдерді стеникалық және астеникалық деп бөлген
А. Павлов И.П.
В. Сухомлинский В.А.
С. Гончарова Т.И.
Д. Крупская Н.К.
Е. Ушинский К.Д.
7. Ерік пен ақыл-ой сезімі басым –сабақ беруде, оны эмоциямен толтырады
А. І типтегі мұғалім
В. ІІ типтегі мұғалім
С. ІІІ типтегі мұғалім
Д. ІҮ типтегі мұғалім
Е. мұғалім
8. “Мен осыны қалаймын”, “Сендер жаттауға, меңгеруге тиіссіңдер”, “Сендер міндеттісіңдер” және т.б.
А. І типтегі мұғалім
В. ІІ типтегі мұғалім
С. ІІІ типтегі мұғалім
Д. ІҮ типтегі мұғалім
Е. мұғалім
9. “Мен түсіндіріп жатырмын, бұл ең бастысы, ал түсінесің ба, жоқ па, бұл сендердің проблемаларың. Керек па, біліп ал”
А. І типтегі мұғалім
В. ІІ типтегі мұғалім
С. ІІІ типтегі мұғалім
Д. ІҮ типтегі мұғалім
Е. мұғалім
10. “Өз табиғатыңды тани біл, оны тәртіпке келтір, таланттың арқасында, сен шебер-мұғалім бола аласың” деген
А. Станиславский К.С.
В. Сухомлинский В.А.
С. Гончарова Т.И.
Д. Крупская Н.К.
Е. Ушинский К.Д.
11. Инициативасымен, қиялы дамыған –сабақты өзіндік ерекшеліктерімен құра біледі, балалардың да қиялын дамытып, қызықтыра біледі
А. І типтегі мұғалім
В. ІІ типтегі мұғалім
С. ІІІ типтегі мұғалім
Д. ІҮ типтегі мұғалім
Е. мұғалім
12. Мұндай мұғалімде оқу жеңіл. Олар жаңа нұсқауды күтіп отырмай, жаңа әдістерді өздері іздеп табады
А. қиялы дамыған мұғалім
В. қиялы орташа
С. қиялы төмен
Д. зейінді
Е. зейінсіз
13. Инициативасыз-бірдеңеден жөн-жосық білген маңызды, мұнсыз олар өздеріне сенімсіздеу сезінеді
А. қиялы ІІ типті мұғалім
В. ІІ типтегі мұғалім
С. ІІІ типтегі мұғалім
Д. ІҮ типтегі мұғалім
Е. мұғалім
14. Мұндай мұғалімдерге сабақ конспектісі, оқулық материалы, жаңа нұсқау, әдістемелік құрал, басқа мұғалімнің іс-тәжірибесі көмек беруі мүмкін
А. І типтегі мұғалім
В. ІІ типтегі мұғалім
С. ІІІ типтегі мұғалім
Д. ІҮ типтегі мұғалім
Е. мұғалім
15. Жөн-жосықты алғаннан кейін, оны ары қарай дамыту өзіндік тұрғыдан жүреді
А. І типтегі мұғалім
В. ІІ типтегі мұғалім
С. ІІІ типтегі мұғалім
Д. ІҮ типтегі мұғалім
Е. мұғалім
Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің сыртқы пішін мәдениеті.
Сабақтың жоспары:
-
Педагогтың сыртқы келбеті туралы.
-
Сән және педагог.
Педагогтың сыртқы келбеті туралы.
Мұғалімнің сыртқы пішіні эстетикалық талапқа сай мәнерлі болуы керек. Өзінің сыртқы пішініне ұқыпты қарамаған адам кешірімсіз, бірақ оған шектен тыс мән беруге де болмайды.
Шаштың сәні де, костюмі де, әшекей бұйымдары да мұғалім киіміндегі барлық уақытта педагогикалық міндеттерді шешуде бағынышты болуы керек – тәрбиеленушінің тұлғасына қалыптасуына нәтижелі ықпал етуі тиіс. Косметикаға, сәнді киім кию құқын иемдене отырып, мұғалім барлығына да шектен аспай, жағдайды түсініп тәртіп сақтауы керек. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет әлпетінің қаншалықты жылылығын, қимыл-қозғалыстағы ұстамдылығын, сыртқы келбетіндегі және жүрісіндегі жинақтылығын білдіреді. Оларға қарама-қарсы құбылмалылығы, әбіржушілік, жасандылық және немқұрайдылық. Керек десеңіз, сіз балаларға қалай кіріп келесіз, қалай қарайсыз, қалай сәлемдесесіз, қалай орындықты жылжытасыз, қалай сынып ішінде жүресіз – осы бір майда әрекеттердің өзінде сіздің балаға әсер ететін күшіңіз бар. Сіздің барлық қимыл-қозғалысыңыздан, мәнеріңізден, көзқарасыңыздан балалар өзіне деген өте үлкен сенімділікті, ұстамдылықтың күшін сезіне білетіндей болуы керек. Ұстамды, мейірімді, сенімді болудың арқасында – сіз мәнеріңіз жеткілікті адамсыз және осындай болу арқылы - сіз тәрбиеші ретінде күштісіз.
Мұғалімнің сыртқы көрінісіне тұлғасына, мимикасына, пантомимикасына, киіміне қойылатын нақты талаптар қандай? Оларды қалай басқаруға болады? Осы айтылған элементтердің барлығы адамның ішкі қалпынан өндірістік болып табылады, оларды педагогтың шығармашылық көңіл-күйін өзі реттеу техникасы ұғымымен бастап басқара білу керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Мұғалімнің сыртқы көрінісіне қойылатын талаптар.
2. Мұғалімнің сәніне және киім киісіне қойылатын талаптар.
3. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар.
4. Барлық мұғалім тұлғасына, сәніне көңіліңіз тола ма?
Студенттердің үй тапсырмасы:
1. “Педагог және сән” тақырыбына эссе жазып келу.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
-
Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
-
Бүкіл адамзаттық астары бар философиялық, психологиялық, тарихи, әлеуметтік сипаттарды бойына жинақтаған өте қасиетті ұғым
А. педагогикалық шеберлік
В. бедел
С. педагогикалық техника
Д. кәсіби білім
-
Бұл латынның адамгершілік, ар – намыс дегеннен басқа күш, билік деген мағынаны білдіреді.
А. қабілет
В. эмоция
С. шығармашылық
Д. авторитет
3. Жалған бедел түрлерін анықтаған
А. Ы.Алтынсарин
В. Макаренко А.С.
С. Сухомлинский В.А.
Д. Ушинский К.Д.
-
Үнемі өз қызметімен орынсыз ерсіну, өзінің жетістіктеріне басқалардың ынтасын аудару, қасындағыларға, қызметтестеріне менмендік көрсету
А. такаппарлық бедел
В. басымшылық бедел
С. қашық бедел
Д. сүйіспеншілік бедел
-
Үнемі шамдану, әрбір сұраққа дөрекі жауап беру, қол астындағыларды үнемі үрейде ұстап отыру
А. сүйіспеншілік бедел
В. қашық бедел
С. такаппарлық бедел
Д. басымшылдық бедел
-
Мұндай беделділер қызметтестерін өзінен қашық ұстайды, мүмкіндігінше олармен аз сөйлесуге және ресми түрде сөйлесуге тырысады.
А. басышлықы бедел
В. сүйіспеншілік бедел
С. қашық бедел
Д. такаппарлық бедел
-
Өзінің ерекше өкілеттігіне, өзгешелігіне, жеке басының маңғаздығына сүйенетін адам
А. сүйіспеншілік бедел
В. қашық бедел
С. такаппарлық бедел
Д. басымшылық бедел
-
Ол өзін ойша әріптестерінен бөлекше санайды, өзінің ерекше өкілеттігіне сену және осының арқасында жұмысқа өзінің күш-қуатын жігерін толық жұмсамайды
А. сүйіспеншілік бедел
В. басымшылық бедел
С. такаппарлық бедел
Д. қашық бедел
9. Бұл педагогикалық мәдениет шеңберінен шығып кететін ұғым
А. тәуекелдік
В. іскерлік
Достарыңызбен бөлісу: |