Сабақтың тақырыбы: Жаһандану кезеңіндегі педагог даярлығы.
Сабақтың жоспары:
-
Болашақ кәсіби маман сапалары.
-
Болашақ мұғалімнің шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттері.
Теориялық мәліметтер:
Қоғамның жоғары педагогикалық білімді мамандарға қойылатын талаптары соңғы жылдары күрделенді. Жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі көрсету (ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік), ақпараттың және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман. Сондықтан мұғалім білімнің өзіндік құндылығын анық саналы түсініп, өз пәнін жетік білуі тиіс. Ендеше болашақ кәсіби маман мына сапаларды меңгеруі шартты міндет:
1. Ол өз пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үрдістегі әр қатысушының орнын көре білуі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуі;
оқушылардың негізгі құзырлығын қалыптастыруға дайындығы (құндылық-бағдар, жалпы мәдениет, оқу-танымдық, коммуникативтік, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық, құзырлық және т.б.)
2.Оқушылардың адамгершілік-рухани, азаматтық-патриоттық, көп-мәдениетті, экологиялық, денсаулығын сақтау тәрбиесін жүзеге асыра білуі;
3.Білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру (мүмкіндігі шектеулі балалар, дарынды балалар, жетім балалар, ішімдікке, нашақорлыққа тәуелді балалар, т.б.).
Бұндай нәтижеге жету үшін болашақ мұғалімдерді даярлау жоғары оқу орындарында біртіндеп жүргізілуі қажет, тұлға болып сатылап қалыптасуы үшін оған жағдай жасау керек. Ол үшін алынған білім негізінде тұлғаның бағыты айқындалған сала бойынша кәсіби іс-әрекетін қалыптастыру шарт. Болашақ мұғалімдер тәжірибеде жинақталған теориялық білімдерін өмірде қолдану арқылы олардың кәсіби әдісі жинақталады. Сонымен кәсіби іс-әрекеттің технологиясы мен кәсіби өзіндік санасы қалыптасады.
Мамандықты меңгерген әрбір адам оның үш аспектісімен кездеседі: тұлғалық, мазмұндық, процессуалдық (технологиялық). Бұл аспектілер педагогтерге тән (профилге байланысты емес) пәндердің жеке ерекшеліктер іс-әрекетінде бейнеленеді.
Болашақ мұғалімдер “адам - адам” жүйесінде әсер ете білуі керек. Әлеуметтік – гуманитарлық пәндерден алған білім жүйесі болашақ мұғалімдерге оқу орнының педагогикалық үрдісінде ізгілікті қарым-қатынасты саналы меңгеруге көмектеседі. Бұл тек қана балалармен үздіксіз қарым-қатынас ұйымдастырған жағдайда ғана жүзеге асады. Мұғалімнің идеялық-адамгершілік позициясы тәрбие жұмысының әдістемесінде көрініс табады.
Сонымен қатар болашақ мұғалімдерді өндірістік іс-әрекет жағдайына бейімдеу қажет.
Психологиялық бейімделу – педагогикалық үрдісте субъектілердің психологиялық жағдайын түсінуге икемделуі десек, технологиялық бейімделу – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістерін меңгеру. Бұдан басқа жоғары оқу орындарының көлденең және тігінен үйлестірілген педагогикалық әкімшілік іс-әрекеті жүйесіне де болашақ мұғалімдерді бейімдеу қажет.
Болашақ жаңа формация мұғалімін қалыптастырудың басты бағдарына инновациялық, шығармашылық ойлары бар тәрбие идеясы жатады. Соның нәтижесінде әлеуметтік мәнді сипаты, қарым-қатынасы, түрткісі және қалыптасқан құзырлық тірегі бар оқушының жаңа тұлғасы қалыптасады. Сол себепті болашақ мұғалімнен шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттер талап етіледі. Олар төмендегілер:
1.болашақ педагог өзінің мүмкіндігін нақты бағалай білуге үйренуі, әлді және әлсіз жағын, мүмкіндіктерін әділ бағалауды білуі (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, эмоционалды көңіл-күйді көрсете білу, қарым-қатынастық, дидактикалық қабілеттері, ерекшеліктері, т.б.);
2.жалпы мәдени-интеллектуалдық іс-әрекетті меңгеруі (ойлау, есте сақтау, қабылдау, елестету, көңіл бөлу);
3.әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденциясында өтіп жатқан интеграциялық үрдісінде қазіргі білім берудегі көпмәдениеттілігі және мұғалімнің көптілділік даярлығына болжам жасауға бағдарлана білуі;
4.жастарды патриоттық рухта тәрбиелей отырып Отан игілігі үшін жемісті еңбек етуге ұмтылдыру және мемлекет пен қоғам үшін өзінің іс-әрекетінің маңыздылығын түсінуі.
Педагогикалық білім берудің мақсаты – педагог біліктілігінің дамуына көмектесу, кәсіби міндеттерді шешу қабілеттілігін жетілдіру, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі білім беру жүйесінің даму ерекшелігін қамтамасыз ету және жалпы 12 жылдық білім беруді енгізу. Сондықтан еліміздегі педагогикалық білім берудің маңыздылығы педагогикалық кадрлар даярлығының сапасын жетілдіруді, әлемдік білім беру кеңістігінің даму тенденцияларын қоғам дамуының тұрақтылығы контексіне сәйкестендіріп реформалауды қажет етеді. Осыған орай, республикамыздың жоғары оқу орындарында сапа менджменті жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басты мақсат – білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру, елдің индустриялдық-инновациялық стратегиясын қамтамасыз ету, т.б.жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру.
Бақылау сұрақтары:
-
Жаңа қоғам мұғалімі – ол қандай болу керек?
-
Болашақ кәсіби маманның меңгеруі тиіс сапалары қандай?
-
Мамандықты меңгерген әрбір адам оның үш аспектісімен кездеседі. Ол қандай аспектілер, түсіндіріңіз.
-
Психологиялық бейімделу дегеніміз не?
-
Технологиялық бейімделуді қалай түсіндіресіз?
-
Болашақ мұғалімнен шығармашылық бағыттағы педагогикалық іс-әрекеттер талап етіледі. Оларды атап, түсінік беріңіз.
-
Педагогикалық білім берудің мақсаты қандай?
Студенттердің үй тапсырмасы:
1. “Жаһандану кезіндегі педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар” деген тақырыпқа ЭССЕ жазып келу.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
№7. “Шығармашылық әлеует” құрылымы педагог-психолог ғалымдардың көзқарастары бойынша.
№7. “Шығармашылық әлеует” құрылымы педагог-психолог ғалымдардың көзқарастары бойынша.
-
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін зерттеуде үлес қосқан педагог ғалымдар.
-
Өзін-өзі дамытудың шығармашылықпен байланысы бар ма?
-
М.Мерзлякованың зерттеуі бойынша шығармашылық әлеуеттің құрылымы.
-
Шығармашылық әлеуеттің құрылымы болып саналатын “базалық бөліктері” дегеніміз не.
-
Тұлғаның құндылық-түрткілік және эмоционалдық саласы
-
Интеллектуалдық қабілеттер.
-
Психофизиологиялық сала.
-
Шығармашылық әлеуетті И.Мартынюк пен Л.Москвичеваның қарастыруы.
-
Шығармашылық әлеует жүйесі бірқатар эксперименталдық зерттеулерде (В. Моляко және басқалар) келесі негізгі құрамдастармен айқындалған. Ол қандай айқындық, түсіндіріңіз.
-
Зерттеулер аясындағы шығармашылық әлеует құрылымының жиынтығы.
-
Г.Глотова, А.Луктің көрсеткен қабілеттің алты типін атаңыз.
-
Интеллект деңгейлерін е сипаттама беріңіз.
-
Педагогтің шығармашылық әрекетінің өлшемі дегеніміз не.
1. Монолог, диалог дегеніміз
А. ауызша сөйлеу түрлері
В. ойлау түрлері
С. ой қорытындылары
Д. ес түрлері
Е. зейін түрлері.
2.Мұғалімнің өзін тереңірек, нақтырақ, талантты етіп көрсетуге, жұмыста ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін шеберліктер жинағы:
А.Педагогикалық техника
В.әдіс
С.тәсіл
Д.құрал
3.Педагогикалық қатынас икемділігі, сөйлеудің техникасы мен мәдениеті:
А. дауыс, тыныс алу, дауыс мәнері
В. ымдау, пантомимика.
С. өзін-өзі бақылау, шыдамдылық
Д.оқыту
4. Сезім мен қатынастарды мәнерлі көрсету:
А. ымдау, пантомимика.
В. дауыс, тыныс алу, дауыс мәнері
С. өзін-өзі бақылау, шыдамдылық
Д.тәрбиелеу
5.Педагогтың өзінің психикалық жағдайын кәсіби өзіндік реттеуі:
А.өзін-өзі бақылау, шыдамдылық.
В. ымдау, пантомимика.
С. дауыс, тыныс алу, дауыс мәнері
Д.білім беру
6. Педагог хабарлайтын ақпаратты безендіреді
А. педагогикалық техника
В.педагогикалық қабілет
С.педагогикалық үрдіс
Д.педагогика
7.Маманның кәсіби- тұлғалық дамуы деңгейінің негізгі критерийі
А.5
В.4
С.3
Д.1
8.Кәсіби іс-әрекетке саналы қызығу, қарым-қатынас жасай білу, адамдарды түсіне білуі,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, рухани құндылықтарды бағалау
А.рухани көрсеткіштер
В. кәсіби-біліктілігі
С.шығармашылық белсенділік
Д.өнер
9. Болжау, жетістігі, ғылыми жұмысы, шеберлігі, жаңа технологиямен жұмысы, зерттеушілігі, ұйымдастырушылығы
А.кәсіби-біліктілігі
В. рухани көрсеткіштер
С. шығармашылық белсенділік
Д.өнер
10.Белгілі бір саладағы өнер
А.шеберлдік
В. кәсіби-біліктілігі
С. рухани көрсеткіштер
Д. шығармашылық белсенділік
11.Егер алтын құятын ... оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады
А.шебер
В.мұғалім
С.оқушы
Д.ата-ана
12. Егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар
А.өмірге келген адам
В.білім
С.әдіс
Д.техника
13. Бұл “тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы”
А.шеберлік
В.білім
С.тәрбие
Д.оқыту
14. Шеберлік-бұл “тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы”-деген
А.Макаренко А.С.
В. Сухомлинский В.А.
С. Щербаков А.И.
Д.Шоқан
Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық шығармашылық-педагогикалық шеберлікті дамыту факторы ретінде.
Сабақтың жоспары:
-
Педагогикалық шығармашылық туралы ұғым.
-
Педагогикалық шығармашылық кезеңдері.
Педагогикалық шығармашылық туралы ұғым.
Мұғалім еңбегі – ғылым, педагогикалық өнер, таланттылық сияқты элементтерден тұратын әр қырлы әрекет. Әр жастағы, дайындығы мен табиғаты әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік шығармашылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүрлілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру – жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізігі кейіпкері.
Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:
-
педагогикалық ойдың пайда болуы;
-
түпкі ойды талдау;
-
педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;
-
шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В.А.Кан-Калик, Н:Д.Никандров);
-
жаңалықты көру;
-
педагогикалық өнертапқыштық құрастру, модельдеу;
-
жетілдіру (В.И.Загвязинский).
Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, энтузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.
Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қаруы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы т.б.орын алады. Сонымен қатар шығармашылықта мұғалімнің төмендегідей психологиялық сапалары дамиды: жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдай алу, эмоциядағы қалыптылық, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік позиция. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту теориясы үшін әдіснамалық қағидалардың негізгілерінің бірі әрекеттік ұстаным болып табылады. Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар Б.Г.Ананьев, А.И.Леонтьев, А.Р:Лурья, С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский оны төмендегідей сипаттайды. Әрекет – іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және мотив, мақсат, құрал, амал-тәсіл, нәтиже, рефлексия.
Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы белсенділігі туралы Ю.Н.Кулюткин, А.В.Даринский, т.б. атап өткен. Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің даралығын, жасампаздығын қалыптастырады.
Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа субъект-субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады. Себебі - шығармашылық жағдайында жұмыс жасайтын мұғалімнің әрекеті ең алдымен өзіне бағытталады. Ол өзінің “кәсіби дамуының жақын аймағын” ұйымдастыру арқылы ең алдымен өзін дамытады, соның нәтижесінде педагогикалық еңбекті жаңа деңгейге көтереді.
Ғалымдар шығармашылықты әлемді жаңартудың формасы ретінде қарастырады (А.Бергсон, В.И.Вернадский, т.б.). Оны жасаушы адам өзіне табиғаттан берілген қабілеттері мен қажеттіліктеріне орай жасампаздықсыз өмір сүре алмайтындығына, ал кейбір адамдарда шығармашылыққа деген қажеттілік болмай жатса, ол оның деградацияға ұшырауы деп түсіндіреді. Ғылыми-теориялық еңбектерге талдау жасау: тек шығармашылықта, шығармашылық арқылы ғана адам өз табиғи қалпының шыңына шығады, шығармашылыққа қабілетті адам-қайталанбас, біртуар адам (В.А.Караковский), жеке тұлға деңгейіндегі шығармашылық “ішкі” өзін-өзі жсау және сыртқы қоршаған әлемді өзгерту жағдайындағы диалектикалық бірлікте жүреді деген қорытынды жасауға негіз болды.
Прогрессивті даму моделі шеңберінде мұғалімнің шығармашылық әлеуеті: бейімделу, өзін-өзі айқындау және өзін-өзі іске қосу кезеңдерінен тұрады. Бейімделу кезеңіне шығармашылықтың әлеуеттің құндылықтары туралы бастапқы білімдерді жинақтау жатады. Бұл кезеңде ойлау стилін және дүниетанымды қайта құру орын алады. Мұғалім әрекетінде болашақ шығармашылыққа негіз болатын репродуктивті элементтер молаяды.
Шығармашылыққа бейімделу кезеңі оған белсенді араласумен алмасады. Бұл кезеңде мұғалім өз тәжірибесіне жаңа талаптар мен өзінің ішкі қажеттіліктері тұрғысынан баға беріп, оның шеңберінен шығып, жаңа, нақты өмір сұраныстарына сәйкес қызмет етуге бет бұрады.
Өзін-өзі іске қосу кезеңінде мұғалім шығармашыл әрекеттің мәнін түсіну, сол жолда өзін сынап көру, өзінің ашылмаған мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін іске қосады.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуының нәтижесінде болатын өзгерістер терістеуді терістеу және сабақтастық қағидаларына сәйкес жүріп отырады. Жаңа құндылықтар жүйесі, ойлау тәсілдері, тұлғаның шығармашылық тәжірибесі бұрынғыны мүлдем жоққа шығармай, соның негізінде жаңалықты тудырады. Бұл – мұғалімнің өзінің педагогикалық әрекетіне өзіндік сыни баға беру, оның бағытын айқындау, қайта құруды нәтижелі ететін рефлексивтік қабілеттерін дамытудың ең тиімді жолы.
Шығармашылық әрекетті жүзеге асыратын субъект – тұлға. Қандай типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұшқыр, ақылы алғыр болуы керек екендігі ғылымда дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісінен қанағат табу сезімі болуы қажет.
Осыған байланысты “адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады” – деген К.Г:Юнгнің сөзін келтіре кеткіміз келеді.
Бұл шығармашылық – адамды дамытады, шебер етіп шыңға көтеретін факторлардың бірі екеніне – дәлел бола алады. Білімнің гуманистік пардигмасы тұрғысынан қарасақ, тұлғадағы шығармашылық басқа адамдарда жоқ немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады. Таза жаңалықта жаңа “адам” туады, оның келбеті кескінделеді.
Біліктілікті арттыру ісінің әлемдік тәжірибесі мазмұндық, процессуалдық, жеке адамның сұранысын қанағттандыруға бағытталған тәсілдеріне негізделген.
Бірінші жағдай дәріскердің мазмұнды тыңдаушысына жеткізуді мақсат етеді;
екінші тәсіл – оқыту үрдісін білім алушының өз әрекеті арқылы ұйымдастыруды көздейді, ал
соңғысында оқыту білім көтерушінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылады. Мазмұндық тәсілде дәстүрлі оқыту жүйесінің белгілері басым болса, ал процессуалдық - әрекеттік тәсіл андрагогикалық оқыту үлгісінің талаптарына сәйкес. Соңғы жол тәжірибеде кеңінен тарай қойған жоқ, себебі білім көтеруді бізде топтар, ағымдар бойынша ұйымдастыру үрдісі қалыптасқан.
Бұл үш тәсілдің қазіргі талаптарына сай келетіні – мұғалімді субъектілік жағдайға қоятын, тұлғаға бағытталған, белсенді танымдық әрекетке негізделген, тұлғаға бағытталған – оқытудың андрагогикалық үлгісі. Тұлғалық-бағдарлы оқыту – адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету. Оның өзін-өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Қоғамдық санада шығармашылық іс-әрекеттің негізгі басымдылық ретінде танылуы жаңаша педагогикалық ойлауды, білім беру деңгейлерінде мұғалімнің өзін-өзі, өзінің бар күш-қуатын іске қосуға бағытталған шығармашылығын дамытуға жағдай жасауды талап етуде.
Мұғалімнің кәсіби шығармашылыққа деген еркіндігі мол деп ресми түрде жарияланып жүргенімен, шеберлікті меңгеріп, шығармашылыққа жету үшін арнайы дайындықтың қажет екені даусыз. Сондықтан әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстардың басты мақсаты – мұғалімнің сұраныстарын қанағттандыру, тиісті ғылыми-педагогикалық сүйемелдеу арқылы жаңаша жұмысқа деген ұмтылысына дем беру, өз философиясына, кәсіби бағыттылығына сәйкес технологияны таңдап алуына көмектесу болып табылады. Демек, әдістемелік, білім көтеру жұмыстарының сапасын арттыру - кезек күттірмейтін шаруа. Осыған орай республикадағы мұғалімдердің біліктілігін арттыратын институттар жүйесі өз жұмыстарына инновациялық тұрғыдан қайта қарап, мамандардың шығармашылық әлеуетін арттыруды технологияландыру, оның мазмұнының тыңдаушылардың сұраныстарына жауап беруін қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың соңғы мүмкіндіктерін пайдалану жолға қойылып келеді.
Мұғалімдердің білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруды жоғарыдағы құрылымнан тұратын әрекеттік негізде жүргізу – олардың кәсіби шығармашылығын арттырудың басты кепілі. Жаңа білімді танымдық белсенділік арқылы меңгеру білімдік әрекеттер арқылы іске асады. Білімдік әрекеттер – тұлғаның өз өмірін өзгертуге бағытталған әлеуметтік белсенділігі. Білімдік әрекетте мұғалім жаңалықты ашып, оның дамуының диалектикасын меңгереді, “өткен тәжірибеге қайта қарап”, “оның құрылысын жаңартады”, сол арқылы өзін-өзі таниды, табады, айналаны, қоғамдық өмірді өзгерте алатын белсенді субъектілік жағдайына келеді.
Қазіргі педагогикалық технологиялардағы жаңашылдықты тану, тиімді қолдану барысында мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет-сапалары іске қосылып, танымдық үрдістерді өн бойынан өткізеді. Өйткені кез-келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелінеді.
Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интутивті түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыру алу – сөзсіз, шығармашылықтың нәтижесі.
Қорыта келе айтарымыз, “шығармашылық – проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті” деген тұжырым жасауға болады. Мұғалімнің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық , әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.
Шығармашылық жолы – ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала білу, жетер биігін белгілей алу, өзінің жетістіктері мен кемшін тұстарын талдай алу – мұғалімнің өзін-өзі шығармашылықпен дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Шығармашылық дегеніміз не?
2.Педагогикалық шығармашылық кезеңдерін ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, дәлелде.
3. Шығармашылықтың мұғалімдердің дамуына септігі тие ме?
4. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудағы әрекеттік ұстаным қағидасы туралы түсіндіріңіз.Әрекеттің құрылымдары қандай?
-
“Шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы” деген пікірге көзқарасыңыз қандай?
-
Прогрессивті даму моделі шеңберіндегі мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің кезеңдері .
-
Шығармашылық бейімделу кезеңі неден тұрады?
-
Өзін-өзі іске қосу кезеңінде атқарылатын істер қандай?
Студенттердің үй тапсырмасы:
“Компетенция” сөзіне түсініктеме беріңіз және оның шығармашылық сөзімен байланысы бар ма?
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1.Мәтінге байланысты жұппен жұмыс жасау.
Білімді бақылауға арналған тестілік сауалнамалар
1.Педагогикалық еңбек объектісі
А. адам
В. бала
С. нәресте
Д. оқушы
Е. ата-ана
2.Тәрбиеленушіге ықпал ететін педагог, ата-аналар, ұжым
А. субъект
В. объект
С. құрал
Д. білім
Е. біліктілік
3. Тәрбиеленушіге ықпал ететін негізгі құрал
А. мұғалім тұлғасы, білімі, біліктілігі
Достарыңызбен бөлісу: |