Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Ваня, бұл миналардың сырын әбден біліп алдың ба? Эшелоннан бұрын өзің мерт болып жүрме? — деп ескертті Григорий Алексеенко



бет114/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   395
Jau tilinda 2

Ваня, бұл миналардың сырын әбден біліп алдың ба? Эшелоннан бұрын өзің мерт болып жүрме? — деп ескертті Григорий Алексеенко.

  • Ол не дегенің, Үлкен жердің фашист жендетте- ріне деп жіберген «сәлемдемесін» ол жауыздарға дұ- рыс табыс етпеген кезім болды ма? — деп кейіді Иван Гаман. Шынында ол өз ісінің асқан маманы еді.

  • Ыңғайына қарай көрермін! Мүмкіндігі болып тірі ңалсам үшеулеріңмен келіскен жерде кездесер- мін! — деп бізбен сүйісіп қоштасты да, Ваня разъезге қарай жүріп кетті. Осы сәтте разъезде танкы, үлкенді- кішілі зеңбіректер тиелген ұзын эшелон тұрды. Эше-




    лонның алды-артында ірі калибрлы пулеметтер орна- тылыпты, күзеті күшті.
    Ваня эшелонның өкпе тұсынан барды да, ешбір платформалар мен вагондарға жолай алмайтын болған соң, паровсзға қарай беттеді. Эшелон күзетшілері «ке- лесі станцияға жете алмай жүрген осы жердің баласы болар» дегекдей, оған онша көңіл аудармады. Ол па- ровозға жақындай бергенде эшелон жүріп те кетті. Ваня дереу паровоздың теңдеріндегі баспалдаққа жа- быса кетті. Эшелон бірден жылдам жүріп кетті де, ол минаны жоғары көтеріліп, тиісті жерге қойып үлгіре алмады. Сөйтіп Ваня эшелонда кете берді. Эшелон жү- рісін үдете түсті. Жандәрмен минаның екеуін де кезеу- лі жерге қойып болған соң, баспалдақпен төмен түсіп, ақырғы табалдырыққа ілінгенде паровоз күркесі тере- зесінен басын шығарып қараған машинист Ваняны кө- ріп қойды да, оған жұдырығын түйді. Ваня машинист- ке «алдағы станцияға бара жатырмын» дегендей қо- лын алға қарай сермеп қойды, Ваня ақырьш сагатына қараса, минаның жарылуына небары жарты-ақ сағат қалыпты. Не істеу керек? Поездың жүрісі барған са- йын үдей берді. Ваня сағатына тағы бір ұрлана қарады да, эшелонның соңғы жагындағы күзетшілерге көз жі- берді. «Қазір қарғып кетсем, бұл жауыздар көреді, оқ атады, әлде тигізе алмас...— деген әртүрлі ойларға ке- тіп тұр еді Ваня. Іле: — жоқ, қарғып кетейін, құлаған жерімнен қимылдамай жатып қалсам, олар мені өліп қалды дер, оқ ата қоймас»,— деген қорытындыга кел- ді. Енді бір қарғитын қолайлы жерді күтті. Сөйткенше болмай биіктігі екі-үш метрдей үйілген құм кездесе кетті де, Ваня алға қарай бар пәрменімен қарғып кетті. Ол құлап түскен орнынан козғалған жоқ. Денесі қатты ауырса да қимылдамай жатып, кетіп бара жатқан эше- лоннан көз алмады. Бірақ оған ешкім де оқ атпады. Эшелон ұзаңқырап кеткен соң Ваня орнынан тұрды да, өкпе тұсындағы орманға қарай жүгіре жөнелді. Ол орманға жетер-жетпесте гүрс-гүрс еткен дауыс естілді. Қара жер де фашизмді қарғағандай солқ ете түсті. «Бұл жолы да Үлкен жердің сенімін ақтаған шығар- мын!» деп, Гаман өз ісіне сүйсінгендей қара түтін аспанға бұрқ ете түскен жаққа қарап қойды.




    Ңұлағым шың ете түсті де, мең-зең болып, көзім қарауытып кетті. Сүйеніп тұрған ағаштан қапсыра құ- шақтай алдым. Басымды ағашқа сүйеп біраз тұрған соң, есімді жиғандай болдым. Оң аяғым ап-ауыр, де- немнен бөлініп қалған сияқты икемге көнер емес... Кө- зімді тағы да жұмдым. Ңұлағыма тарс-тұрс атылған мылтық даусы келеді. Анда-санда зың-зың етіп ма- ңайымнан оқ өтеді. «Маған не болған осы? Жігіттер қайда?» — деген ой келді басыма. Бірақ ойымды шу- мақтай алмаймын, әлсін-әлі есім ауа береді. Екі қолым төмен сьірғып, ағаштың түбіне сылқ ете түстім. Тағы да біраз жаттым. Не заматта тұманды ойым айыққан- дай болды. Маңайдағы екі жақтың атысы үдей түске- нін сеземін. Орнымнан тұрғым келеді. ¥мтыламын. Маңайыма қол созып қарманамын, қолыма ешнәрсе ілінер емес... Жаралымын... Оны сеземін. Бірақ қай жеріме оқ тигенін білмеймін, әйтеуір оң аяғым ауыра береді... «Ал, аяғыма оқ тисін, бірақ кеудемді неге көтере алмаймын осы? Әлде кеудеме де оқ тиді ме екен?» деймін де, қолыммен әр жерімді сипалаймын, бірақ сау сияқтымын. «Жігіттер қайда? ¥зап кетті ме екен? Мені бірде-біреуінің көрмегені ме?» — деген алуан ой тізбегі көз алдымнан өтіп жатып, бір кезде өзімізді кешеден қоршаған жау есіме түсті. «Жау, қор- шаудамын»,— деген ой басыма келгенде, орнымнан тағы да ұмтылдым да, тұра алмаған соң, комсомол билетімді салған гимнастеркамның сол жақ төс қал- тасын оң қолыммен ұстай алдым. «Жаман айтпай, жақсы жоқ. Жау анталап келіп қалса не болмақ? Би- летімді қайтпекпін? Вилетім жау қолына түседі ғой?» деген ой көңліме ұялағанда төс қалтамнан билетімді жұлып алын, сол қолыма қатты қысып ұстадым да, жандәрмекмен орнымнан атып тұрып, манағы ағашқа қайтадан сүйендім. Әлгіндей емес, әліме әл қосьілған сияқты.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   395




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет