Миша қанша өуреленгенмен үйдің сыртына, көше жаққа шыға алмайды да, парашют белдіктерін қиып,
ырғалып-ырғалып қораның ішіне түседі. Дереу фона- рымен жарық қылып, үйдің қорасынан сыртқа шыға- ды. Сақшының тастап қашқан винтовкасын алып жан- жағына қарағанша селода қалай болса солай мылтық атылып, ұрыс дабылы қагылып, айқай-шу шыгады. Мұнда әскери бөлім бар екенін түсінген Миша үйдің жанындағы шагын шие бағына жасырына қалады. Оның ендігі мақсаты — парашютін жинап алып тайып отыру. Сөйткенше көршілес үйлерде түнеп жатқан фа- шист жендеттерінің естері шығып, село орталығына қарай ағылады. Олар үйден ұзап кетісімен, Миша па- рашютін тез жинап, орманға қарай тайып отырады. Қорыққанға қос көрініп, селоға Қызыл Армияның ора- сан көп парашютистері түсті деп қауіптенген жаудың бір полкі сол гүні аяғынан тік тұрады. БІРЕУГЕ ОР ҚАЗСАҢ, ӨЗЩ ТҮСЕРСЩ Төрт адам болатынбыз. Барлаудан келе жатып, мы- надай бір күтпеген оқиғаға тап болдық. — Селомыздың мектебінде төрт жандарм отыр. Вүгін түнде село жастарын ұстап Германияға жөнелт- пек,— деп хабарлады Трахтомиров селосындағы бар- лаушымыз Власенко қарт. Мұндай жағдайда совет азаматтарын қорғап қалу үшін, оларды ұстауға келген жандармдардың оздерін Германияға емес, Днепр иірімдеріне жібере беруші едік. Сол мақсатпен селодағы мектепке келдік. Келсек, мектеп маңы жым-жырт екен. Тез қимылдауга тура келді. Екеуміз сыртта қалып, екеуміз ішке кірдік. ¥зын коридордың екі жагында жабық тұрған ееіктер- дің сыртынан тың тыңдап ілгері жүріп барамыз. Оң жақтағы үшінші есіктің сыртынан тыңдай қал- сам, жуан дауысты біреу неміс тілінде сөйлеп тұр екен. Оған қоса бөлмеде жөтелген, жай сөйлеген бірсыпыра адамдардың дауыстары да естіледі. Енді «бұлар көп екен» деп жүрексінудің жөні жоқ. Не болса да тәуекелге бел байлап, алысқан жауға арқаны көрсетпеуіміз керек болды. Екеуміз де автоматтарымызды кезеніп, кіреберісте қалған жолдастарымызга «берік болыңдар» деп ымда- дық та, бөлменің есігін кенет ашып кеп жібердік. Бөл-