Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Дұрыс айтасың, бұл апат кімге батпайды дей- сің. Әркімнің де оған қабырғасы қайысады. Сол үшін де, міне, күн демей, түн демей арпалысып жұрміз ғой,— дедім



бет110/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   395
Jau tilinda 2

Дұрыс айтасың, бұл апат кімге батпайды дей- сің. Әркімнің де оған қабырғасы қайысады. Сол үшін де, міне, күн демей, түн демей арпалысып жұрміз ғой,— дедім.

Біраздан соң, Иван оң жағыма жайланып отырды да, Миша туралы әңгіме қозғады.

  • Нагайцевтің тапсырмасымен Македон селосын- да болатынмын. Мария, Галя және Мишаны өзіміздің Кулишев хуторындағы үйге тастап кетіп едім. Мен кет- кен соң полицайлар оларды ұрып-соғып, менің қайда екенімді сұрапты. Олар «білмейміз, бір туғандарымыз- дан азық-түлік сұрап әкелуге кеткен болу керек. Ту- ғандарымыздың қай-қай селода екенін де білмейміз» деп жауап беріпті. Миша бір күні Марияға: «Полицай- лар Иванды неміске ұстап беріп, дарға астырғалы жүр ғой деймін. Ол қазір Македондағы Ольга апайдың (Семещенко Ольга Карповна) үйінде шығар, барып: үйге келме деп хабарласаң қайтеді. Әйтпесе, оны қа- рақшылар өлтіреді ғой» депті. Мария: «Барма, Иван-




Партиаандар: (солдан оңға қарай) И. Гаман,


Е. Ломако, Н. Попов, (тұрғандар) Г. Гаман, М. Гаман.


ды немістер ұстай алмайды» депті. Сонан соң ол үнде- мей маңында ойнап жүріп, сол күні түстен кейін жоң болып кетіпті. Мария мен Галя оны іздеп-іздеп таба алмайды. Хутордан таба алмаған соң, қас қарая Ма- кедон селосына іздеп піықпақ болады екеуі. Бірақ кеш- ке таман немістер хуторды қоршап алады да, тінту жүргізеді. Мұны білмей Македоннан үйге қайтып келе жатқан Мишаны хуторды қоршап жатқан неміс сол- даттары ұстап алыпты. Хутордан күдікті ешкімді таба алмаған соң, Мишаны Пи селосына алып келіпті. Оны ұрып-соғып жауап алып, ақырында менің інім деп бі- реу айтқан болу керек, менің ңайда екенімді сұрапты. Бала: «Білмеймін» дегеннен басқа тіл қатпапты. Со- нан соң оны мектептің алдындағы сарайға қамапты. Жендеттер селоның әр үйіне тарап, тауық, жұмыртқа, май жинап, колдан қайнатылған арақ ішіп жүргенде Миша сарайдың бір тесігінен шығып қашады. Ә деген- де ол үйге, Македон селосы жаққа қарай қагаады, бі- рақ ол селоны да немістер қоршап алып, астан-кесте- ңін шығарьтп жатқан соң, осы «Көк» орманға қарай қашады. Сол кезде Мишаның қашып кеткенін біліп, немістер мотоциклмен село маңына іздеп шығады. Көз


ұшында қашып бара жатңан баланы көріп, екі жендет бірден оқ атады. Миша қаша береді. Дәл орманның шетіне жеткенде Мишаға оқ тиеді. Миша орманға кі- реді, бірақ ауыр жарадан жүре алмай әлсірей береді. Әбден әлсіреген кезде, жуан қарағайдың түбіндегі бір түп бұтаны паналап жасырынады. Бірақ, жендеттер аққан қанның ізімен келіп, Мишаның дәл үстінен шы- ғады. Сол арада Мишаны қарағайдың бұтағына асып кетеді. Оқ тимеген, қанжар салынбаған сау жері қал- маған екен. Бұтаққа асардан бұрын қаршадай ғана Мишамның қандай азап көргенін өзің де түсініп тұр- сың ғой! Биыл оннан он бірге шығатын еді ол. Оның өлімін ойласам, көкірегім қақ айрылып кете жаздай- ды,— деп, Иван әңгімесін аяқтады да, кекті жүзінде соргалаған көз жасын жеңімен бір сүртіп қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет