Оянып кеттім де...— деп жауап қата бастап едім, оң қолымен арқамнан қағып:
Көптен күткен күн жақын! Тірі болсақ, ертең- дер Совет Армиясына қосылып та қалармыз,— деп ме- ні құшақтап, бетімнен сүйіп-сүйіп алды. Екеуміз құ- рама командирі палаткасына келсек, құрама комисса- ры Емельян Демьянович Ломако, отряд командирлері жиналып қалған екен. Барлығымыз бірімізді-біріміз құттықтап жатырмыз. Өз өмірімде мұндай қуанған жоқ шығармын.
Жолдастар, тынышталыңдар, тынышталың- дар,— деді құрама комиссары Емельян Демьянович,— командир, комиссар жолдастар, сіздердің айбынды Со- вет Армиясының бізге жақындауымен құттықтаймын. Енді бірнеше сағаттан кейін Совет Армиясының ша- буыл жасап келе жатқан бөлімшелерімен қосыламыз. Ңуаныш үстінде ренішке кездесіп жүрмейік. Әсіресе, отряд комиссарларына осыны қатты еекертемін. Оның үстіне, Армиямызға қандай жағдайда қосыларымыз әлі белгісіз. Шегініп келе жатқан жау бізді аямайды. Жау қатал, жау кешірімсіз. Өздеріңіз байқайсыздар ма, соңғы күндері жаумен соқтығыс жиілеп кетті. Бұ- лар жаудың шегініп келе жатқан бөлімдері. Біз оларға соққы үстіне соққы беріп, шабуыл жасап келе жатқан Армиямызға қолңабыс жасауымыз керек,— деп аяқ- тады сөзін ңұрама комиссары Ломако.
Таң ата майдан шебіне кеткен барлаушылар келді. Олар қуанышты хабар әкелді. Бүкіл партизандар лаге- рі аяғынан тік тұрды. Сағат алтыдан отыз минут өт- кенде лагерьге бірінші совет танкісі келіп кірді. Танк экипажын нартизандар қолдан қолға көтеріп әкетті. Совет жауынгерлерімен есендесіп, жұрт мауқын бас- қан соң, бүкіл құрама сапңа тұрды. Сол сапқа тұрған ңалпымен Чапаев атындағы пар- тизандар ңұрамасы Хоцкий орманынан шығып, Пере- яслав ауданынын Козин селосында танк бригадасына қосылды, Шабуыл жасап келе жатқан Малиновский басқарған З-Украина майданының алдыңғы бөлімдері Днепрге келіп тірелді. Бұл кезде Днепрдің оң жағына
өтіп алған жау «Букрин» плацдармын жасап алып, та- бан тіреп кескілескен ұрыс жүргізді. Совет Армиясы- ның жолын бөгеу үшін Днепр бойын жүздеген зеңбі- рек, мыңдаған пулемет жерден атқыласа, көктен жүз- деген самолет бомбылап жатты. Дүние астан-кестен. Атылган оқ, жарылған бомба- дан аспан асты күңіреніп, жер тітіреп, құлақ тұнып тұр. Жау самолеттері топ-тобымен ұшып шығады да; Днепр үстін бомбылап өтіп, қайта оралғанда, сол жаға- лаудағы совет жауынгерлеріне пулеметтен оқ бора- тады. Осындай бір арпалыс кезеңде құрама командирі мен 5 танк бригадасы командованиесінен тапсырма алып, Днепр өгкеліне аттандық. Қалың тоғайдың іші- мен жүріп отырып, Григоровка селосы тұсынан бір шақырымдай төменірек келіп, кештің батуын күттік. Штаб бастығы Алексеенко екеуміз жағаға келіп, қа- лың бүргенді қалкалап жатырмыз. Судың арғы беті ке- ше ғана өзіміз жүрген қалың орман, Панитов орманы- ның шеті. Жасырынып жатпаса, жау қарасы көрінбей- ді. Днепр суы бірқалыпты жылжып ағып жатыр. Міне, төменгі Канев қаласы жағынан жау самолеттері ұшып келеді. Ауа дабылы берілді. Партизандар, солдаттар тұстарындагы орға қарай жүгіріп барады. Кейбіреуле- рі ағаш-ағаштардың түбін паналайды. Самолеттер үстімізден өте бере бомбаларын төгіп жіберді. Днепр бойы күңіреніп кетті. Бомба түсіп жарылған су арнасы сабасынан шығып, толқыны жағаны ұрып жатыр. Жа- рылған бомбалардың дүмпуінен жарақаттанып, есең- гіреген балықтардың бауырлары ағарып-ағарып су бетіне каптап кетті. Сол күні қас қарайғанша жаудың әуе шабуылы бас көтертпеді. Ңас қарайған соң күні бұрын әзірлеп қойған қайықтарды қара судан Днепрге шығардық. Жау үздіксіз ракета тастап, су бойын тори бастады. Су беті күндізгіден де жарық. Суға түскен жауынгерлер мен паргизандар оққа ұшып жатыр. Кү- ні бойы жау қарасын көре алмаған қарсы беттен оқ бет қаратпайды. Бір үлкен қайыққа қару-жарақтары- мызды салдық та, оның ернеуінен ұстап, он адам суға түстік. Судың дәл ортасына жеткен кезде, үстімізден бір ракета тасталды да, ауада асылып тұрып қалды. Ңайыққа қарсы жаңадан оқ борап кетті, Жігіттер қа- йықты ілгері қарай жылжытып жүзіп келеді. Судың
шетіне жақындаганда кайық судың ық жағына қарай ауып кетті. Қайықтың ық жақ ернеуінен ұстап келе жатқандарымызды су ағыны төмен қарай алып кете барды. Бір кезде ағын мені жағаға әкеліп соққанда, қарманып жүріп қолым бір ағаштың бұтағына тиді. Үстібасым малмандай болып, өлдім-талдым дегенде жағаға шықтым. Менен басқа да жеті адам жағаға малтып шыққан екен. Бізбен бірге өтіп шыққан солдаттардың бірі теле- фон сымын бір ағаштың бұтағына ілді де, судың арғы жағындағы оскери бөлімнің штабымен байланыс жа- сауға әрекеттенді. Ңалған жігіттер көздеген жерге қа- рай кетті. Немістер әлсін-әлсін ракета тастап, су үстін үздіксіз оқ астына алып жатьір. Байланысшы солдат: