Самолет командирі қолымен төменгі жақты нұсқап ыммен: біз майдан линиясындамыз, жау прожекторы бізді ұстап алып атқылап жатыр дегенді аңлатты.
Иваң Кузьмич «ата берсін» дегендей қолын сермеп қояды.
Сағат үштен он бес минут еткенде экипаж команди- рі Иван Кузьмичке келіп құлағына: «Ауа райы бұзы- лып кетті, көзге түрткісіз қалың қара тұман, бірақ көздеулі жерге келдік»,— дегенді хабарлап, партизан- дардың дайындалуын сұрады. Сол сәтте барлығы да орындарынан тұрып, парашют шнурын еамолеттің ар-
қауына ілісті. Самолөттер бірінің соңынан бірі бң> нүк- тені айналып үшып, партизандарды тастай бастады. Самолеттен Иван Кузьмич, Василий Бутенко, радистка Зоя үшеуі ең соңында секірді.
Самолетгер екі-үш реттен пар беріп, алыстап ұшып кетті. Аспап жым-жырт, тек әр жерде ағарып бірі тө- мен, бірі жоғары парашюттар ғана көрінеді. Сойткен- ше болмай төменнен жарың көрініп, әр жерден көпке дейін сөнбейтін ракеталар атыла бастады. Тәжірибелі Бутенко бір сүмдыққа тагі болғандарын сезді. Ол белін- дегі гранаттарын әзірлеп, айқасқа қам жасады. Кешік- пей ауадан атыс басталды. Төменнен қызылды-жасыл- ды оқ айқыш-ұйқыш болып ұша бастады. ІІартизандар да пистолеттен оқ атып, гранат лақтырды. Көп ұзамай- ақ атыс жерге көшті. Жерге тірі түскендер парашют- тың лямкеләрін пышақпен қиып-қиып тастап жаумен атыса бастады. Иван Кузьмич жерге жеңіл жаралы түсті де, Бутенко ауыр жаралы, еесіз түсті. Жау аэро- дромынын үстіке түскендерін аңлаған Примак енді тек қасық қан қалғанша жаумен алысудан басқа мүмкін- інілік жоқ екенін сезді. Жерге тірі түскен он алты ба- тыр аэродромдағы самолеттерге гранаталармен ша- буыл жасады.
Партизандар жау тылына ұшар алдында.
Аэродромның төрт-бес жерінен өрт шығып, кешік- пей бүкіл аэродром өртенді. Атыс күшейе түсті. Пар- тизандар өздерінің жауға тіл болады деген қару-жа- рақтарын және басқа заттарын жоя бастады. Ерлікпен қаза тапқан радистка Зояның рациясы да оның өзі өр- теген жау самолетімен бірге өртеніп кетті. Сағат бестен отыз минут өткенде соғыс бітті.
КАРГІАТТА
Барлық майдандарда Совет Армиясының бөлімдері шабуылга қауырт шығып, соғыстың қызу жүріп жат- қан кезі еді. Украинаның Орталық партизан қозғалы- сы штабынан ерекше тапсырма алып 4-Украина майда- нының шебіндегі бір аэродромға келдік. Бұл — құра- мында алты отряды бар Совет Одағының батыры Тканко бастаған «Закарпатье» құрамасы болатын. Тапсырма тығыз-таяң болғандықтан құрама команди- рі отрядтардың құрамы және оның басшыларымен та- ныса бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |