өзі ақтай бастады.
Өйтсе де, өзі бірдемені білетін, есті бала екен. Мен де етігімді шешіп қойып едім, алмапты, демек өзі Москвада менің «әкемнің» жоқ екенін білген екен,— деи тағы қалжыңдады Леонид оң аяғына етігін киіп жатып.
Жоғарыда жатып оның кеткенін сен қалай біл- медің? — деп, Гриша ыза болып, Леонидке іліне түсті. Бірақ:
Е, жогарыда жатқаныма кіналымын ба? Ол ба- ланы күзету үшін жатып па екем сонша? — деп, Лео- нид бет бақтырар емес.
Осылай жақ-жак болып отырганымызда проводник келіп: «Дайындалыңыздар, Москвага жақындап қал- дық»,— деп ескертті. Жарты сағаттан соң жинала бас- тадық. Григорийде шұлгау да жоқ, жалаңаяқ отыр. Леонид екеуміз Гришага ішегіміз түйілгенше күлумен болдық.
Көнсең, мен бір амал таптым. Онан басқа шара- мыз жоқ. Қайткенде сенің үйіңе жетуіміз керек. Үйің- нен ескі-құсқы киетін бір аяқ киім табылар,— деді
Леонид күлкісін тыйып.
Ой, үйге жетсек киім табылар еді ғой! Сол үйге қалай жетеміз? — деді Гриша.
Мә, ки,— деп Леонид өзінің сол жақ аяғының етігін шешіп, Гришаға берді. Енді Леонидтің оң, Гри- шаның сол аяғында етік болды. Біріншісінің сол, екін- шісінің оң аяғы жалаң аяқ. Жалаң аяқтарын әскери ақ шұлғаулармен орап, матап тастағанда, аяқтарынан жараланған адамдар сияқты болды да шықты.
Вася, енді коыандирмін деп қоқиып жүруіңді қой. Біз енді екеуіміз де жаралымыз. Нәрсені сен алып жүресің,— деді Леонид күліп.
Поезд баяу жүріп келіп тоқтады. Вагоннан үшеу- міз шьіққакда, кәршілес купелерде біздің жайымызды білетін адамдар ішек-сілесі қатып күліп қоя берді. Біз де күліп келеміз.
Күлмейік, жұрттың бізге күлгенін сезбегендей жүре берейік. Сыртқа шыққан соң, бізді білетіндер өз жайларына кетеді де, біздің нендей халде келе жатқа- нымызды бұл Москвада ешкім білмейді. Жаралылар екен деп ойлайды бізді,— деп сыбырлап қояды бізге Леонид.
Айтқанындай вагоннан былайырақ шыққан соң бі- реуді біреу біліп болмады. Қалада ешбір транспорт тұ- рі жүрмейді екен. Киев вокзалынан Гришаның үйіне жаяу тартып келеміз. Жүкті көтеріп екеуінің ортасын- да мен келемін, біреуі оң жағымнан, екіншісі сол жа- ғымнан қолгықтап алған. Адам кездеспеген жерде қат- ты жүреміз. Ал алдымыздан біреу-міреу, әсіресе, қыз- келіншек қарсы шықса, екеуі де ақсап, табанда жүре алмай қалады...
Достарыңызбен бөлісу: |