Мына сиқымызбен қалай барамыз,— деп қарсы- ласты тағы да Леонид.
Ңой, бұл майдан шебі емес, Москва ғой! — деп солдаттардың комендатура деп нұсқаған жағына қа- рай жүрдім.
Коменданттың кабинетіне кірсек, екі-үш офицер отыр екен. Олармен сәлемдесіп болған соң, өзіміздің кім екенімізді, жолдағы оқиғаны айтып бердік. Офи- церлер ішек-сілесі қатқанша күлді.
Ңазір ондай оқиғалар болады. Ңай размер кию- ші едіңіз? Лейтенант, мына кісіге қоймадан бір етік әкеліп бер. Біздің партизандарға қосқанымыз сол бол- сын. Сонсоң кезекші машинамен үйлеріне жеткізіп са- лыңдар! — деп бұйырды, стол басында отырған под- полковник күлкіден шыққан көзінің жасын орамалы- мен сүртіп.
Григорий лейтенант әкеп берген етікті киіп алды. Комендантка көптен-көп раңмет айтып, кезөкші маши- намен Григорийдің үйіне келіп, машинаны қайырып жібердік. Үлкен қоңыр үйдің екінші қабатына көтері- ліп, 21-бөлмеге кіріп келсек, шашы аппақ, гимнастер- касында аға лейтенант погоны бар, еңгезердей бір адам отыр екен. Ол орнынан сәл көтерілді де, аңырып тұрып қалды.
Майданда балаңыз бар ма едіг —деді тағы да
Леонид алға шығып.
Ия, ия! Бар еді! — деп әлгі адам жолындағы
орындықтарға сүріне-қабына бізге қарай ұмтылды. Сол кезде Григорий шыдай алмады-ау деймін:
Папа! — деп қалды.
Гриша, Гришам, жалғызым менің, тірімісің? — деп Давид Иванович қабырғасы еөгіле дауыстап келіп, ұлын құшақтай алды.
Ертеңінде Орталық партизан қозғалысы штабының бастығы 11. К. Пономаренко жолдастың қабылдауында болып, тапсырма алдық та, майдан штабтарына та- радық.
ОТАН ҮШІН
Соғыстың қызу жүріп жатқан кезі еді. Украинаның Орталық партизан қозғалысы штабының бұйрығы бо- йынша 28 адам ерекше тапсырмамен жау тылына ат- танбақ болдык. Бұл топтың командирі бұрынғы Ча- паев атындағы партизан құрамасының командирі Примак Иван Кузьмич еді де, комиссары Бутенко Василий — бұрынғы топ командирі еді. Топтың басқа адамдары да жау тылында бірнеше рет болған, барлы- ғы да сыннан өткен, сенімді жігіттер.
Бұларды алыи ұшқан үш самолетті он шақты истребитель қоршап ұшып келеді. Майдан шебіне дейін самолеттер алты мың метрдей биіктікке көтеріліп, түс- тік батысқа қарай самғап келеді. Үшудың бірінші са- ғаттары белгісіз өтті. Бір кезде самолеттің әйнектерінен біресе оңнан, біресе солдан жиі-жиі жарық көрініи, са- молеттің ұшу жылдамдығы үдей түсті. Самолет экипа- жы абыржуда. Бірақ олардың сөздері естілмейді, тек
біріне-бірі ыммен қолдарын сермеп ңатулы бір нәрсені ескерткендей болады. Самолеттің екі жағында қатар отырған партизандар сапар алдындағы жұмыстың сал- дарынан шаршағандыктан ба ауыр жүкті арқалап бі- ріке-бірі сүйеніп қалгып отыр. Тек алдағы қиын, жа- уапты тапсырманың қамын ойлап отырған Иван Кузь- мич қана ояу, қалың ой үстінде отыр. Ол анда-санда экипаждың қямылын бақылап, көзіне көзі түскенде экипаж командиріне көзін қысып қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |