Мен бұл сапарда жау тылына ұшатын майдандас- тарымның көбін танымайтын едім. Жігіттердің біразы
жас, сапарға бірінші рет шыққалы тұрғаны көрі-
НШБ?лардың ішінде маған таныстары: Тканко, Спи-
жсвой Алексеенко, Бурый, Милентенков. Бұлармен
бұрын’ жау тылында бірге болын, бір-бірімізге әбден
сыралғы едік.
Сол күні түнде бізді ондаған истребительдер қорға-
ған бірнеше іранспорт самолеттері жау тылына алып
ұшты.
Самғап ұшқан самолеттер майдан линиясына дешн
шырқау биіктікке көтеріліп, үлкен жылдамдықпен
самғап келеді.
Бір кезде самолет экипажы кабиналарынан жүгі-
ріп шығып әрқайсымыздың парашютіміздің жібін са-
молеттің арқалығына іліп:
Сақ отырыңдар, біздің командамызды күтің-
Дер! — дегендей белгі берді. Әрине, бұл майдан линия-
сынан өтіп бара жатқандағы сақтық еді. Самолеттер-
дің терезелерінен жарық түсіп, самолет оң жағына қи-
сайып жангая ұшты. Терезеден жиі-жиі жарқ-жұрқ
етіп снарядтың жарылғаны көрініп, жау прожекторы-
ның жарығы түскені болмаса самолеттің гуілінен еш-
нәрсе естілмейді.
Біраздан соң самолет қараңғылыққа қайта сүңгіп
кеткендей болып майдан шебінен өтіп кеткені байқал-
ды. Сол сәтте самолет командирі кабинадан ренжулі
шықты, құрама командирімен маған келіп, екі транс-
порт самолетімізді жаудың атып түсіргенін хабарлады.
Енді самолет жиі-жиі ауа оқабына кездесе бастап,
кейде төмендеп, кейде жоғарылап биік тау үстінде
ұшыи келе жатқанымызды байқатты.
Карпат тауын қалың тұман басқан. Межелі
алаңды табу қиындады. Не істейміз? — деді құлағыма
самолет командирі. Мен орнымнан тұрып бұл жағдай-
ды осы самолетте отырған құрама командиріне хабар-
ладым.
Бұл самолет бізді майдан шебінен қайта өткізе
алмаиды, қолайлы деген жеріне тастауға ризалығың-
ды бер,— деді. Ңұлағын төсеп тұрған самолет коман-
диріне аитты ғой дегендей белгі беріп, басымды изедім.
Ол пилоттың жанына барды.
Достарыңызбен бөлісу: |