Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Александр Васильевич бірдеме іздегендей аспанға қарады да



бет151/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   395
Jau tilinda 2

Александр Васильевич бірдеме іздегендей аспанға қарады да:

  • Аркаша, дайындал,— деп, аппаратқа жақын келді. Радист орнына қайта отырып «уақыт аз қалды дегендей» сағатына тағы да бір қарап қойды (әр құра- ма мен Орталық штабтың рациямен байланыс жасай- тын белгілі бір уақыты бар).

Ңұрама командирі:

  • Бүгін түнгі сағат үште 1004 биіктігінде, бес жер- ден конверт сияқтандырып от жағып, күзет қойып қа- былдауға әзірміз,— деп аяқтады өзінің текстін. Радист түгел беріп болған соң оған қосымша үштің цифрын қосты. 3 деген «Закарпатье» құрамасының командирі Тканко деген ұғым беретін цифр еді. Сонымен үлкен жермен байланыс сағаты бітті.

Сол күні түнде «Полонина Руноның» бір биігінің қолайлы жеріне ңу бұтаңтар жинап, үлкен жерден ұшып келетін самолетті күттік. Сағат түнгі екі жарым- да бес жерден отты лаулатып жағып, жан-жаққа екі отрядтың құрамынан күзет қойдық.
Сағат дәл үштен он минут өткенде алыстан өзімізге таныс «дуглас» моторының даусы естілді. Гүріл бірте- бірте жақындай түсті. Самолет дәл төбемізден бір айна- лып ұшты да, алыстап барып, қайта оралып үш рет пар беріп, шығысқа қарай алыстап ұшып кетті.

  • Отты тез өшіріңдер,— деген Александр Василье- вичтің ащы даусы саңқ ете түсті.

Оттар өшірілді. Маңайдың бәрі жым-жырт бола қалды. Тек аспанда жұлдыздар ғана көрінеді. Сөйткен- ше ағараңдап парашют, біраздан соң парашюттағы адамның денесі айқын көріне бастады. Парашют от жаққан жерімізден елу метрдей жерге келіп түсті.

  • Көп алыстамай түсті, жүгі өте ауыр екен,— деді жанымда жатқан штаб бастығы Алексеенко.

Ия, жүгі ауыр,— дедім парашютисті бақылап қарап жатып.
Парашютін тез жиып, қол фонарының қызыл түсті жарығымен үш рет сигнал берді. Біз де сол сигналды еРіп орнымыздан тұрып, Үлкен жерден келген сияқ- гы Қарсы алдық.






Теңіз толқынында келе жатқан кемедей самолет кейде жоғары көтеріліп, кейде төмен түсіп, түн қараң ғысында, өте биіктікте самғап ұшып келе жатты. Са молеттің ішінде екі қатар отырған парашютист-пар- тизандардың алдыңғы жақ шетінде отырған жастау жігіт әлсін-әлсін сағатына қарап қояды. Ол мазасызда- нып өзінің өнебойына қайта-қайта күдіктеніп қарайды. Әлденеге асыққандай болады. Жау тылына сан рет ұшып, талай-талай қиындықтарды басынан кешірген басқа партизандар бірі мен бірі ыммен әңгімелесіп, әл- денеге дауыстап күліп отыр. Әлгі шетте отырған жас жігіт олардың әрқайсысына бір қарап үнсіз отыра бер- ді. Бірер сағат терең ой үстінде отырған соң ол бір қор- тындыға келгендей парашютының ләмкесін ұстап бай- қады. Сол кезде ауа кемесінің кабинасынан осы сапар- ға ұшып келе жатқан самолеттер тобының командирі шығып: «Көздеулі жерге келдік, қарғуға дайындалың- дар», деген белгі берді. Партизандардың барлығы орын- дарынан тұрып, самолеттің есігіне жақындап барып, бірінің соңынан бірі сапқа тұрды. Ең соңғы жағына келіп әлгі жас жігіт тұрды. Оның соңынан аласа бойлы дембелше келген топ командирі Борисов тұрды.
Самолет экипажының бірі тез келіп парашютистер- дің парашюттерінің карабиндерін самолеттің арқалық теміріне ілді де, қайтадан ілінген-ілінбегенін әр кара- бинді бір тартып тексеріп шықты.
Осы кезде экипаждың екінші біреуі самолеттің есі гін ашып жіберіп, партизандардың әрқайсысының қо лын қысып қоштаса бастады. Партизандар қап-қараң ғы бір тұңгиыққа бірінің соңынан бірі секіре бастады.
Әлгі жас жігіт есікке келгенде, есіктен кірген қат ты жел алдынан қарсы соғып тұрды. Оны артындағы топ командирі «қаргы» дегендей түртіп қалды. Жас жігіт жалма-жан парашютын самолеттің ішінде ашып жіберіп, көзін жұмып қарғып кетті. Онымен бірге ен соңғы адам да секірді.
Осы секундтардан кейін, жас жігіт өзінің самолетке ілініп келе жатқанын сезді. Ңатты желдің дымқылды екпіні бетіне соғып мазасын кетірді. Ол жан-дәрменмен тырбанып жүріп парашюттің палына қолы тиді, екі қолымен палды қатты ұстағаннан кейін не болғанын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет