Ңалмағанда қайтем, қалам! Сен отрядты іздеп тауып ал,— деді ол маған қарап.
Екі-үш сағаттың ішінде-ақ табамыз. Тез келе- мін. Сен абыржымай жата бер. Менің дауысымды есті- мей ағаштың ішінен шықпа! «Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей, жау екенін аның сезсең онда өзің бі- лесің ғой! Бірақ жоқ нәрсеге елеңдеп ағаттың жасап алма? Жасырғанда итпен келсе де таба алмайтындай етіп жасырамын,— деп басын кеудеме қысып бетінен сүйіп алдым. Ол да мені сүйді..
Оны агаштың қуысына енгіздім де, қолына писто- летін ұстатып, сол ағаштың ішінен алған өз шірігімен қуыстың аузын тығындап бекіттім де, оның үстіне ма- ңайына, өзімнің ізіме үш пачка махорка сеуіп таста- дым. Енді кетейін десем, аяғым баспайтын сияқты. Тағы бес минуттей ағашқа тесіле қарап тұрдым да, өлімге қарсы жүретін адамдай көзімді жұмып ақырын басып жүріп кеттім. Лагерьді сол жағымен айналып отрядтың ізіне түстім. Ізден онша адасып, көп уақыт өткізгемін жоқ. Жүгіргеннен жүгіріп отырып сегізінші лагерьге келдім, Александр Васильевичке түгел баян еттім.
Уақасы жоқ, мен де ңұраманың біраз жігітін жауға тырнатып алдым, біраң шығынымыз жоң. Олар- ды қалай жайратңанымызды өзің көрген шығарсың,— деп командир маған маңтанышпен көзін қысып ңойды.
Отрядтан он шақты адам алып, Аркашаны лагерь- ге алып келдім.
НИНА МЕН ЛЕНЯ Біз әкелген рацияны радистер іске қоса алмады. Бір күні құрама командирі отряд командирлерін жи- нап алып, Үлкен жермен байланыс жасау туралы ақылдасты. Біреулер рация алу үшін немістің ірі бө- лімдері мен гарнизондарына шабуыл жасауды, енді жібе Чехословакия жасырын ұйымдарына кісі Рш, рация алдыруды, енді біреулері майдан линия-
сынан өткізіп, Орталық партизандар қозғалысы шта бына связной жіберуді ұсынды. Ары ақылдасып, бері ақылдасып майдан линиясы арқылы кісі жіберуге тоқтадық.