рын куттік. Жол бойымен ілгері — шығыс жаққа құ- пия шолғыншылар жіберіп, үшінші күні «көп тұтқын- дарды айдап келеді» деген хабар алдық. Міне, тұтқындардың төрт қатардан тізілген ұзын колоннасы да көрінді. Колоннаның алдында винтовка- ларын алдарына көлденең асып, френчтерінің жеңде- рін шынтақтарына дейін түрген көк киімді үш неміс солдаты келе жатыр. Колоннаның екі жақ жанында бірінен бірі он-он бес метрдей қашықтықта винтовка- ларын кезене ұстаған солдаттар. Колоннаның соңында үстерін көк ала брезентпен жауып, пар-парлап венгер тұқымды аттар жеккен үш жүк арба келеді.
Он сегіз солдат, ат айдаушыларын қосқанда жиырма бір,— деді Юзик колоннаға ағаш тасаеынан ұрлана қарап тұрып.
Арбада дем алып жатқандары болмаса,— дедім дүрбіден көз алмай.— Мүмкін брезент астынан көрін- бей тұрған шығар...
Тұтқындар жай жүріп келеді. Колоннаиың соңын- да тұтқындардың он шақтысы жүре алмай, біріне бірі сүйеніп тұрып калды. Айдаушы солдаттар біріне бірі дауыстап, қолдарын көтерді. Колонна тоқтады. Бес-ал- ты солдат колоннаға ере алмай қалып қойған бірнеше тұтқынды винтовкаларының дүмімен, келтектерімен ұра бастады. Арып-ашып келе жатқан тұтқындар азап астындағы бауырларына мұңая көз тастайды. Дәл осы сәтте шыдамым кетіп, оқ атыңдар деген белгі бердім. Менен белгі күтіп жатқан жігіттер колонна алдында топтанып тұрған үш жендетті бірден сұлатқан кезде:
Алға! — деп орнымнан колоннаға қарай тұра жүгірдім. «Ура-лап» айқайлаған жігіттер колоннаға қарай лап қойды. Өздерінің азат болар сағатын сезіи, бізді арқа тұтқан тұтқындар маңайларында не істерін білмей олай да, былай да жүгіріп жүрген күзетшілерге тап берді.
Біз совет партизандарымыз. Туғандар, соғың- дар жендеттерді, қаруланыңдар! Уақыт өте тығыз,— деп айқай салдым. Кекті тұтқындар күзетші-жендет- терді ұстаған жерлерінде төмпештеп жатыр. Солдат- тардың оқ атып, қарсылық көрсетуге мұршалары да келмеді.