дықтан ғана шығар! Ңой, Ңасым, шынтуайтқа келсе, ел басына күн туса етігіңмен тағы да су кешерсің! Парашютпен ұшпақ түгіл, парашютсіз-ақ ұшарсың! Ия, шіркін нысапсыз көңіл-ай!! Бір кезде жау ты- лында жүргенде елді-жұртты, туған-туысқанды сағы- нып, зарығып жүргенде, жау қоршауының екіталай күндерінде «шіркін, туған емес, туысқан емес, тіпті ту- ған жер де емес, солардың бір ұшқыны сияқты совет- тің бір ғана солдатын көріп, соны құшақтап өлсэм арманым жоқ» деген жандардың біріміз. Енді міне, аң- саған арманға жетіп қана қоймай, сол арманның төрі- не шығып отырып жиырма жыл өмір сүрдім. Үйлі- жайлы болдым. Өткен күнді ұмыттым. Тағы да өмір сүре бергім, сүре бергім келеді. Әй, мен де ұятсыз пен- денің бірі екенмін! Бірақ, бұған да себеп бар шығар! Ңоғам, адам баласының арманы болған — социалистік қогамда — бақытты өмірде кімнің өмір сүргісі келмей- ді дейсің! Өмір сүре бергің, өмір сүре бергің, алшаң ба- сып, осы өмірде мәңгі жүре бергің, жүре бергің келеді!.. Сағатына 650 шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатқан «ИЛ» бірден төмендеп кетті. Мен де дереу киіне
Р. Клейн мен Қ. Кайсенов
Москва қаласында соғыс
ветерандарының конферен-
циясында кездесті.
бастадым. *ИЛ* «Домодедово» аэродромына қоиды. Міне согыс ветерандары комитетіне де келіп жеттім. Комитетке кірген бетте генерал Нұрмағамбетовты ізде- дім. Делегаттарды тіркейтін бөлмеге кірсем, Сағадат Маресьевпен сөйлесіп тұр екен. Ол мені көре салып:
Қасеке, келгеніңіз жақсы болды. Осында сізді партизандар іздеп жүр,— деп маган қол беріп аман- дасты да, мені Маресьевпен таныстырды. Орта бойлы, қараторы адам маған күлімсірей қарап тұр. Аты әлем- ге әйгілі бұл адаммен қол алысып амандасам деген кімнің ойында бар. Бірден ыңгайсызданып қалдым. Оның маған қарап тұрганда не ойлап тұрганын кім білсін. Ал, осы сәтте менің көз алдымнан оның ерлік- тері тізбектеліп өтіп жатты. Осы кезде: