Сондай маман ұшқышты сақтай алмадық,— деп өкінді Примак бұл жағдайға байланысты өткізілген жиналысымызда.— Бүкіл бірлестіктен оның орнына жіберетін адам табылмай ңалып па?
Енді менің бұйрығымды тыңдаңдар! — деді ол тағы да даусын көтере қатулана сөйлеп.— Лавринен- ковтың хауіпсіз болу жауапкершілігін отряд комисса- ры Витряктің жеке өз басына жүктеймін. Ал коман- дирлер, сіздер де енді Карюкинмен болған жағдайдың ңайтып қайталанбауын қадагалай жүресіздер.
Ал Лавриненков дегеніңіз ғажап адам еді. Ол қайт- кенде де жұртпен бірге жорыққа шығып, фашистерді талңандауды ғана ойлаумен жүрді. Отрядқа келген алғашқы антаның ішінде-ақ ол стратегиялық маңызы бар жол үстіндегі немістердің жер астынан жүргізген кабельдерін талқандауға қатысты. Лавриненков жиі- жиі өз бетімен лагерьден шығып кетіп те қалатын. Мұ- ны оның өте ептілікпен жасайтыны соншалық, тіпті жасырын жерлерде тұрған ең ңырағы қарауылдары- мыздың өзі байқамай ңалатын. Лавриненковты тікелей «ңамқорлығына» алған комиссар Витряк ақырында оның бұл қылығына шыдамай, бірлестік командиріне білдірді.
Маған шақырыңдар оны! — деп бұйырды ко- мандир,— мен онымен енді партизанша сөйлесемін.
Сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын! — деп тез-тез, нақпа-нақ рапорт берді командирге Лаври- ненков.
Иван Кузьмич пен құрама комиссары Емельян Демьянович командирдің жертөлесіндегі стол жанын- да отыр еді. Лавриненков рапорт беріп тұрғанда комис- сар түрегеліп тұрды да, ал Примак оған тіпті мойнын да бұрмады.
— Қарай гөр, комиссар,— деді Примак, алдында жаіқан ңағаздан енді ғана көзін аударып,— байқамап- пыз-ау, бұл өзі не қылған тәртіпті-ақ еді, командирге рапорт беруді де ұмытпапты. Ал біздің жігіттер мұның
үстінен арыз айтып жүр. Мүмкін, олар бүған зәбір жа сап жүрген болар? Солай ма, а, айтшы?
Достарыңызбен бөлісу: |