Пашко атай тұрган жеріне отыра кетті, сөйтті де ол бір түрлі дауыспен қышқырып кеп жіберді. Сол сол- ақ екен айналадагы қалың бұталардың ара-арасынан әйелдердің даусы да естілді, олардың көлеңдеген көй- лектері де көрінді. Мұның не екенін біз кейінірек біл- дік. Сырт көзге түк көріне қоймайтын мынау ну жы-
ннстың арасына сиырлар мен қойлар тығылған екен. Бізді көре салып, мұнда жүргендердің бәрі де тығыла- тығыла қалған көрінеді. Немістерден малымызды осылаи жасырып қо- йып едік, деп әңгіме шертті кешкілікте бізге Пашко атай піскен сүтпен сыйлай отырып,— әйтпесе зұлым жандармдар мен полицайлардың тұлдырымызды қал- дырар түрі жоқ. Крумпельді де*, тұздаған азық-түлігі- мізді де осында әкеліп қойдық. Әйелдеріміз деревнядан білдірмей шығып келіп, сиырларын сауып әкетеді. Олар әлгінде сіздерден қатты қорықты-ау...
Ңыздарыңыз тіпті жүйрік екен,— деп әзілдей күлдік біз,— жабайы ешкілер сияқты секіреді ғой.
Соған үйренген ғой, қайтсін енді,— деді Пашко атай күрсініп,— үнемі үрейленіп жүргеніміз, немістер бізді тұмылдырықтап-ақ тастады.
Шыдай тұрыңдар атай, фашистердің күні де бі- тетін уақыт енді алыс емес.
Тезірек солай болса екен,— деді де қарт, жайы- мен ғана бізге сыбырлап,— өткен түнде мұнда сіздер парашюттан көп түскен көрінесіздер гой, сол рас па өзі? — деп сұрады.