Оның үстінде тозығы жеткен көне костюмі бар, оның жағасы астынан ңоңыр сыйса көйлегі көрініп тұр. Ал аяғында лыпасы жоқ, ол фуражкасын артына шалқайта киіпті.
Оның тозығы жеткен костюмі мұның иесінің оны талайдан үстінен тастамағанын айтпай-ақ аңғартқан- дай еді.
Партизан боларсыңдар? — деді бала сыбырлап.
Ал, егер партизан болсақ ше, бір нәрсе айтпақ- сың ба? — деді командир, оның жайдары жүзінен көз
алмастан.
Баланың жүзінде әп-сәтте шаттық нышаны ойнап шыға келді, оның көздері оттай жайнап, өңіне шырай кіре бастады, оның жүрегі лүпілдеп жиі соққан сияқ- ты еді.
Атың кім? — деді Болатов.
Илько.
Жақсы екен есімің.
Командир сіз боласыз ба? — деді ол командир-
ге қарап.
Ие, менмін,— деді Болатов жымия күліп,— ал оның саған не керегі бар?
Менің де партизан болғым келеді. Мені отряд- қа алыңызшы,— баланың мейрімді көздері командир- ге жалынышпен қадала қарады.— Мылтық ата біле- мін, қаруым да бар. Осы таяу жердегі бір сайга винтовкалар мен партондар жасырып қойдық.
Бала осыны айтқанда бұрынгыдан да көңілденіп, партизандарға мақтанышпен қарады.
Ал сенің винтовкаңды кім алып жүреді? Біздің басы артық адамымыз жоқ,— деді Василий Бутенко, оған қалжыңдап.
Бала қысылмады, ол Василий Бутенкоға салмақпен қарады да:
Винтовканың маган ауыр екені рас. Бірақ ме- нің кесілген, қысқа мылтыгым бар, оның тілін біле- мін,— деді сабырмен.
Е, сен оны атып көріп пе ең? — деп сұрады Болатов онан.
Сан атқанмын,— деп мақтана жауап берді ол.
Фрицтер оны сенен тартып алмады ма? — деп сұрады партизанның біреуі, оның қалай атып жүрге- нін білгісі келіп.
Фрицтер ме? — деді бала таңырқағандай,— ол сұмырэйлар біздің қаруымыздың қайда екенін ешуа- қытта біле алмайды,— деді ол қыза сөйлеп.— Біз вин- товка мен патрондарды анау бақтың аржағындағы сайға жасырдық. Ал мылтық атуға сонау Дудари се- лосына барамыз. Онда терең жар бар, ол біздің атыс орнымыз, үйренетін жеріміз.
Достарыңызбен бөлісу: |