Е, сенің бізің кім? — деді Болатов, оның жол- дастарын білгісі келіп.
Менің Михаил Гриценко деген жақсы досым бар. Сол екеуіміз фрицтер мен полицейлерді қарусыз- дандырамыз, ал қаруды партизандар үшін жасырып, сақтап қоямыз.
Ол осыларым дұрыс па дегендей командирге коңіл- дене қарады.
Ал, атудың не үшін қажеті бар, сендерге? — де- ді партизан Иван Чуляк қулана жымиып.
Атуды үйренбесек, басқыншы залымдармен енді қалай күресуге болады? — деді бала сұрау беру- шіге таңдана қарап. Егер ата білмесең, партизанға не бетіңмен барасың? Бізді отрядқа кім алады?
Сендер бұл фрицтер мен полицайлардың құрал- дарын қалай есебін тауып қолға түсіріп жүрсіңдер? Кәне айт, тыңдалық,— деді отряд командирі Болатов, жерге отыра беріп.
Мен оны айтсам әңгіме ұзаққа созылады,— деп ескертті бала.— Тыңдауға уақыттарыңыз бар ма, ай- тайын ба?
Болатов мақұлдап бас изеді де, оны өз қасына отырғызды. Партизандар оны айнала қоршап отыра қалысты.
Немістер полицейлермен күнде арақ, самогон ішіп мас болады, ішкендә жығылғанша ішеді. Ол кезде олардың винтовкасы түгіл, өздерін сүйреп әкетсең деештеңе сезбейді... Міне сол уақытта Михайло екеуіміз үйді торуда боламыз, ол үйдің бір қабырғасында, мен екінші қабырғасында күзетте тұрамыз,— деп бастады әңгімені батыл бала естияр адамдарша сабырмен.— Немістер тынышталған кезде не мен, не Михайло олар ұйықтады ма екен деп, білу үшін байқауға барамыз. Ал мұны былай істейміз: не әйнек қағамыз, не есікті ашып-жабамыз. Егер осы кезде үйден біреу-міреу шы-