Азалы анасын үйге қалдырып, жетімдікке душар болган Илько әкесінің өлігі тасталган жерді іздеуге шықты. Ал бұл кезде Мария Исаковнаны немістер бүкіл деревняны шарлап іздеуде еді. Мария Исаковна мен
баласы екеуі баспаналаған Стратон ңарттың үйіне Ва- силий Алексеевич жүгіріп келіп, бұл жайды оған ескертіп кетті. Мария Исаковна көрші Ромашки селосындағы сің- лісінің үйіне қашуға ұйғарды. Стратон қарт аталық қамқорлың жасап, Мария Исаковнаны баңша ішімен селоның шетіне шығарып салды. Жендеттер ерін асқаннан бергі аз күн ішінде ол тұңғыш рет қана егіле жас төгіп, ңартпен қоштасты да, әрі қарай жалғыз жүріп кетті. Жазық далаға шығы- сымен мина көмілген далаға килігіп, ойда жоқта, ке- неттен қаза тапты. Жас Илько ана өлігінің алдында жыламауға өзін- өзі мықты ұстап, қажырлы, ңайратты болуға, жаудан әкесі мен шешесінің өлімі үшін кек алуға ант бер- ген еді. Бақытсыз әйелдің өлімінің куәсі болған Стратон қарт Ильконы өзіне алып, оны есіркеп бауырына бас- ты, туған-туысқандарының өлімі жүрегіне өшпес жа- ра салған жас баланы ол аталық мейріммен жақсы көрді. Өзінше қамқорлың етті.
Бұл көгалды май айының аяқ кезі еді. Жас коман- дир Темір Болатов басқарған шағындау партизан от- ряды таңсәріде Мартыновканың үлкен бағына келіп жетті, бұл Малый селосынан алыс емес еді, осы жерде партизандар жергілікті подполыциктермен кездесуге уәде етіскен еді. Шапақ шашқан күн сәулесі ағаш басына нұрын мол түсірген кезде, біраз көз шырымын алғаннан кейін отряд бақтың ішінен шығып, бүргенді қалың тоғайдың ортасына енді де кетті. Осы жерден селоны бақылауға, ондағы жағдайды білуге ңолайлырақ еді. Осы жерден жан-жақты бақылай отырып, парти- зандар бақтың шетінен бір бала көрді. Ол жуан таяқ- қа сүйеніп әлдеқайда, қияға көз жіберіп тұр. Онан он қадамдай жерде үш сиыр өз жайымен қалың қауда жайылып жүр. Бала сиырларға емес, әлдеқайда қиял- дай қарайды. — Жолдас командир,— деді партизанның біреуі Болатовқа бұрылып,— бақташы баланы осында әкелу-