ге рұңсат етіңіз. Одан тіл сұрауға, біраз жайды білу- ге болар еді. .
Әзір қажеті жоқ — деп жауап берді коман- дИр;— бақ төңірегін байқап, шолып шығу керек, бұл маңда біреу-міреу жоқ па екен, тексеру керек.
Дереу екі партизан, біреуі сол жаққа, біреуі оң жаққа төңіректі байқау үшін жөнелді, олар көп кешік- пей қайта оралды.
Осы кезде бақташы бала ұйқыдан оянғандай селк ете түсіп, басын жоғары көтеріп алды да, аяғын еріне, баяу басып, тура партизандарға қарай жүрді. Ол бақ- тың төңірегін көмкергендей айнала тартылған жіңіш- ке арықтың ішімен баққа келіп жетті, ол партизандар- дан үш қадамдай-ақ жерде тұр.
Партизандар бұта арасынан оған таңырқай қарап, әрбір қимылын бақылап тұр.
Бала кілт тоқтай қалды да, үлкен адамдай ауыр күрсінді, баланың жүзінде зілді қайғының терең ізі жатқандай көңілсіз еді.
Баланың назарын аудару үшін және оны тосыннан үрейлендірмеу үшін, отряд командирі партизандар жатқан бұтаның жапырағын ақырын ғана еппен қоз- ғап, дыбыс берді.
Бала сол сәтте-ақ құлақ тіге қалды, орнынан кілт жылжыды да, бұтаны майыстырды, ол партизандар- дың тап алдынан келіп шықты.
Ағаш арасында бөтен адамдармен кездесу оны он- ша үрейлендіре қойған жоқ, ол бойын тез жиып ал- ды, абыржып саспады да, таңырқамады да, бала жа- қын көретін жақсы адамдарын, іздеп жүрген кісілерін тапқандай, әлде бір жақсы достарымен кездескендей болды, мұны оның сүйкімді, балалық кескініндегі жай- дары, мейрімді күлкісі ой тоқтатып, қиындық көріп, жан азабын басынан өткізген адамның бейнесін көр- сетерлік еді.
^Бала денесі дембелшең, әп-әсем, иықты еді. Оның Қайратты қою сары шашы кең маңдайына түсіп, қа- льің қастарының астынан мөлдіреген тостағандай көк- шіл көздері әдепті ғана жайнап тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |