Күтпеген жерден Илько тұнжырап:
Сіздер күліп, мені ажуа етесіздер, осы бала не түсінеді деп ойлайтын шығарсыздар! Бұған фашистер- дің ңайда кетіп бара жатқанын, ңанша күші бар екенін білудің не қажеті бар дейсіздер ғой,— деді. Ол бұл
сөзді қабағын түйіп, ренжіп айтты.— Ал мұны менің біле жүргенім партизандармен кездескенде өзім көр- ген-білген нәрселерді көбірек айтуым керек шығар де- ген едім. Өйткені мен бәрібір олармен кездесетінімді білдім, менің фашистер жөнінде білгендерімнің бәрі партизандарға керек болар деп ойладым. Мұным ар- Тьіқ па, дұрыс емес пе?
Мұны ешкім де сөзбен мақұлдаған жоқ, партизан Холопов Ильконы құшақтап, бетінен сүйіп-сүйіп ал- дьі. Нақ осы кезде осында отыргандардың қай-қайсы- сы болса да, оньі өз баласындай, әлде өзінің туысқан інісіндей құшақтап сүюге, бауырына басуға әзір еді.
Илько осы ауыр күндердегі өз басынан кешірген уақиғаларды бір-бірлеп есіне түсіргендей, біраз кідірді. Партизандар оның ойын бөлмеді, олар оның қайгылы көзіне қарап, бұл панасыз баланың оларга сондай жа- қын екенін, мұның ертең-ақ өздерінің партизандық жауынгер семьясына енетінін жақсы білді.
Ильконың сәбилік жүзінде жадыраган күлкі кенет- тен ойнақтап шыга келді де, оның әдемі көкшіл көзде- ріндегі ренішті лезде айдап шықты.
— Ал, февраль айының аязды бір күнінде Михай- ломен таныстым, сонан онымен мәңгілік, айрылмас дос болдым, бұл ата-анам өлгеинен кейінгі жердегі өмі- рімнің ең бір жарқын күні болып қалды. Онымен та- нысуым былай болды.
... Мен көшеге шыгып, төңіректі бақылап тұр едім, комендатура алдында полицай тұр екен. Ол көп кешік- пей гайып боп кетті. Мен арт жағынан «тіфә, тіфә» де- дім де, енді үйге енейін деп, бұрыла беріп едім, көшенің қарсы бетінде тұрган бір әйел мен баланы көзім шалып қалды. Олар да мені көре салып, тұп-тура маған қарай жүрді.
Анадайдан-ақ олардың біздің Малый Букриндік емес, бөтен, бейтаныс адамдар екенін аңгардым. Біздің көшеден бөтен адамдардың жүрмегеніне талай күндер болған еді.
Кім де болса, оларды күтіп, аялдауга тура келді. Олар жақындап келген кезде, әйелдің қарт кемпір, ал Қасьщдағысының ересек бала екенін көрдім. Олардың Үстіндегілері жаз киімдері екен, суықтан қалш-қалш етіп, Дірдек қагады.
Достарыңызбен бөлісу: |