Жау комендатурасының түгі қалмай өртенді. Өрт күлінің ішінен коменданттың, оның жәрдемшісініңжә- не басқа солдаттардың көмір боп қалған өлігін алып шьіқты. Комендатура қарауылшысы тірі қалыпты. Ол коридорда жататын еді, үйден шығып үлгеріпті. Партизан құрамасының байланысшысы Татьяна Матузько сол күні түнде Малый Букринде еді, селода- ГЬІ Укқиғаны құрама штабына еңалдымен сол хабар- лады. Партизандар қайран қалысты. Малый Букриндегі секілді батыл диверсияны жасаған кімдер екен?
Комендатураны ішіндегі адамдарымен қоса өртеп жі- беру оңай жұмыс емес. Бұл операция оны істеген пат- риоттардан соншалық зор батылдықты, ұйымшылдық- ты, тапқырлықты керек етеді. Михайло Тимофеевич, Илько және Михайло үшеуі партизан лагеріне келгеннен соң бәрі де анықталды. Партизан құрамасының командирі Иван Кузьмич При- мак пен комиссар Емельян Демьянович Ломакоға олар партизандар қатарына қосылу үшін ұзақ әзірленгенін, кешегі, Малый Букринде болған уақиға партизандық- қа тапсырған емтихан екенін, оны қалай ұйымдастыр- ғанын бастан-аяқ баяндап шықты.
Жігіт екенсіңдер, енді сендер партизансыңдар. Емтиханды өте жақсы тапсырдыңдар,— деп мақтады Ломако жымиып күле сөйлеп.
Совет Одағы үшін қызмет етеміз! — деді үшеуі де бір адамдай әскери тәртіппен.
Олардың бұлары тіпті жарастықты болып шықты. Ңұрама командирінің бұйрығы бойынша Михайло Тимофеевич штабқа қалдырылды, ал Илько мен Ми- хайло Болатовтың отрядына берілді. Отрядта олар барлаушылар тобына берілді. Көп ке- шікпей-ақ Илько барлаушылар тобының командирінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл топта он екі жас жауынгер болды. Оның ең үлкені және топ коман дирі Иван Гаманның жасы он тоғызда еді, ал ең кішісі оның орынбасары Илько Витряктің жасы он бесте бо латын.