Бойларының кішілігіне қарай отрядта бұл топты «ісішілер тобы»,— деп атады. Бұл атақ оларға беріі таңылды. Тіпті ресми бұйрықтарда да оларды «кішілер тобы» — дейтін еді
Бойларының кішілігіне қарай отрядта бұл топты «ісішілер тобы»,— деп атады. Бұл атақ оларға беріі таңылды. Тіпті ресми бұйрықтарда да оларды «кішілер тобы» — дейтін еді. Он екі жас жауынгерлердің бәрі де батыл, өжет, ер жүрек болды. Қай минутта болсын, олар партизандар құрамының ең күрделі, ең қиын тапсырмаларын орын дауға әзір еді. Илько өзін барлаушылар тобы командирінің орын- басары етіп тағайындағанына зор жауапкерлікпен қа- рады, партизандардың заңдары мен әдет-ғұрыптарып тез үйреніп алды, әскери адамша жинақты, ширақ бол- ды және өзінің шолақ мылтығын бір минут те таста- майтын болып алды. Біз кешқұрым құрама командирі Примакжолдас-
тың тапсырмасы бойынша отряд командирі Иван мен Ильконы землянкаға шақырып алдық. — Міне, балалар, сендерге бір аса маңызды тап- сырма бергелі отырмыз,— деді оларға командир,— Днепрдің Ходоров пен Ржищев пристаньдары қыруар астық қабылдау үшін әзірленіп жатыр деген хабар алып отырмыз. Сол жерлерді барлап көрген жөн болар еді, олардың әзірлігінің қандай екенін, астық тиелгзн баржалардың қанша екенін, күзет бөлімдерінің санын және күшін білу керек болады. Осылардың бәрін анық- тап білу үшін және оны бізге тезірек хабарлау үшін жер жағдайын жақсы білетін, жеңіл қол екі адам
керек.
Тапсырмаңыз орындалады, командир жол- дас,— деп жауап берді Иван Гаман командирдің ал- дында, тартылған сымдай созылып.
Иван, алғашқы тапсырманы Илько екеуіміз орындаймыз деп неге сен командирге бірден айтпа- дың,— деп кіналай қарады Илько Гаманга.— Отыруы- мыз онсыз да жетті. Менің жұмыс істегім келеді, ор- манда серуендеп жүру үшін келгенім жоқ, үнемі қиын тапсырмалар алып, қауіп үстінде жүрсем деймін.