Ия, Иващенкомын. Сіздің фамилияңыз кім? —
Ііолищук.
Е, енді таныдым. Аня, халің ңалай, қайдан жүр- сің? — деп қайықщы Анна Ивановнаны құшақтай ал- ды. Төрт жыл бойы Винницаның педагогикалық инсти- тутында бірге оқыған екеуі осылай кездесті.
Коля, сен тіпті өзгеріп кетіпсің, мен танымай қалдым. Толыпсың. Мына қоя берген сақал-мұртың не? — деді Анна Ивановна оған таңдана қарап.
Ңазір жағдай солай болып тұр ғой, Аня! Жа- сым ңырыңқа жетпесе де, сақал-мұрт қоюға тура келді. Ол жөнінде әңгімелесерміз. Өзің ңайдан келесің? Ана тұрған балалар кім? — деді Иващенко.
Ол екеуі бізге қарап қалыпты ғой. Анау — үл- кені менің Борис деген балам. Биыл он екіде. Жанын- дағы Сережа деген, ол да менің балам,— деп күрсініп қойды Анна Ивановна.
Сол күні қас қарайғанша Анна Ивановна мен Ива- щенко екеуі ұзақ әңгімелесті. Анна Ивановна инсти- тут бітіргеннен кейінгі өмірін, соғыс басталғаннан бері жиырма күннің ішіндегі басынан кешірген оқиғала- рын, көрген-білгендерін Иващенкоға түгел айтып берді. Иващенко да институтты бітіргеннен кейін аудандық комсомол комитетінің секретары, онан аудандық пар- тия комитетінің екінші, соңынан бірінші секретары бо- лып жүріп, ауданға басңыншылар кірердің алдында ас- тыртын жұмысқа қалдырылғанын айтып ұзаң отырды. ¥зақ жол жүріп, шаршап-шалдығып әбден бұрлығып келе жатқан екі балаға ол алма-кезек қарады да:
Балалардың қарны әбден ашқан шығар. Мен мына селодан азық алып келейін. Сендер мына бір жас қайыңның ішіне кіріп, күте тұрыңдар. Біреу-міреу кө- ріп қоймасын. Қазір басқыншылардың соғыс комен- дантының бұйрығы бойынша, орманда жүрген адам- дарды банда ретінде атады, не асады. Кешкі сагат сегізден кейін далада, село мен қала көшелерінде жү- руге болмайды,— деп ескертті Иващенко орнынан тұ- рып жатып.
Достарыңызбен бөлісу: |