Өзінің әке-шешесінің бұрынғыдай Совет үкіметіне берілген күйінде қалғанына Анна Ивановна қатты қуа- нып, бар ықылас-денімен риза болып, өзін шын бақыт- тымын деп есептеді осы кез.
Майданнан не хабар бар, папа? Ңызыл Армия қай жерге дейін шегініпті? — деп сұрады Анна Ива- новна.
Днепрде дейді ғой майдан. Олейниктің баласы келген екен. Сол біздің армия Днепрдің сол жағында, ал немістер оң жағында, немістерді ары қарай өткізбей ТҰР деп келіпті, кім білсін! — деп жауап берді қарт.
__ — Папа, уайымдама. Бұл уақытша гана шегіну ғ°й. 1812 жылы Наполеон да Москваға дейін барып, °ны алып та қойған. Артынан не болды? Бар солдатын тастап өзі әзер құтылмап па еді. Бұл Гитлер де соның аяғын құшады. «Қызыл Армия жеңіледі, совет халқы фашистер алдында тізе бүгеді» деген лақапқа ешуақыт-
та сенуге болмайды,— деп, Анна Ивановна қыза сөй- леді.
Аночка, қайдан білейін, бізге көп мемлекет жа- былып кетті ғой! — деп күрсінді қарт.
Жабылғанмен олар өз еріктерімен жабылып жатқан жоқ. Оларды да Гитлер жаулап алды ғой. Де- мек, ол мемлекеттердің халықтары да біздің совет хал- қы сияқты өздерінің Отандарын азат ету үшін күреседі. Тарихта талай ел талай елді жаулап алған. Бірақ жауланған елдің халқы әділеттік соғыс ашып, өз ота- нын азат еткен. Демек, біз де өз Отанымызды азат ете- міз, олар да өз Отанын азат етеді,— деді Анна Иванов- не өзінің көкейіндегі көптен бергі ойын ақтарып.
Кешегі күле қараған өмір, енді аяқ астынан қаба- ғын түйіп күңіреніп өтіп жатты. Біреуден біреу қорқа- ды, біреуге біреу сенбейді. Өйтпеске лаж жоқ. Неміс комендантының бұйрығы бойынша селодан ешкім ша- шау шықпайды. Түнде селода полицайлардан басқа ешкімнің үйден шығуға да правосы жоқ. Орманда ұс- талған адамдар сол жерде қолма-қол атылады. Комму- нистер мен активтерді атып-асып жатыр. Адам право- сын қорғайтын заң жоқ. Басқыншыларды былай қой- ғанда, сатқын боп алған староста, полицайлар халыққа не істеймін десе де ерікті. Олардың қолдарын ешкім қақпайды. Көңілдеріне жақпағандарды атуға да, асуға да, дүре соғуға да, мал-мүлкін тонап алуға да праволы. Бір сөзбен айтқанда, халық правосыз, заңсыз өмір ке- шіп жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |