Үлкен қоңыр үйдің бір бөлмесінде төрт полицай мылтықтарын тазалап тұр. Екінші бөлмеде стол басын- да отырған полиция бастығы:
Ол кім? — деді, кім туралы сөз болып тұрғанын
біле тұрса да, алдында елпектеп тұрған Матузькаға.
Ол — біздің селодағы Панас деген советтің бел- сендісі — коммунист. Оны көрсеңіздер, өздеріңіз де танисыздар. Колхоздасудың алғашқы жылдарында ұран салып, елдің басын біріктіріп, белсенді болған да, мені кулаксын деп қудалан, соттатып жіберген де сол. Мен ғана емес, осында әр селода оның мен сияқты сот- татқан адамдары көп. Кулак атаулыға қаны қарсы болган жат мінезді адам. Осы өткен жазда оның семья- сын Мироновкадағы комендатураға алып кеткен,— деп асыға сөйлеп тұрып, шыдамсыздана булығып: — Панас әлі ұзаған жоқ, оны ұстаңдар, ол шын болыне- вик,— деп есік жаққа қарады. Полиция бастығы орнынан тұрып, терезеден сыртқа қарап, біреулерді шақырды да, кайта бұрылып:
Қазір мен сенімді кісілер жіберем. Ңашқынды көрген жағына оларды бастап апарасың,— деп Матузь- каны шығарып жіберіп, кабинетке кірген екі полицай- ға қаран:
Бүгін мына көрші селоға әнеукүні қолға түс- пей кеткен Панас Шафраменко келіп, қайта зытып үл- гіріпті. Беталысы Мироновка болса керек. Соны ұстап әкеліңдер. Ол қазір далада. Сендерді сол селоның ада- мы бастап апарады. Тез аттаныңдар! — деп бұйырды.
Полицайлар есіктен шыгып бара жатқанда:
Әрине, оның қаруы бар, қарсылық көрсетуі анық, сақ болыңдар, тірі әкеліңдер,— деді орнына оты- ра берген полиция бастығы. Сыртқа жүгіре шыққан полицайлар жегулі даяр тұрған шанаға отырып, салт атты Матузьканың соңынан ерді...
Сағат бір кезінде сабан алуға сарайға кірген Ма- тузька тіміскіп жүріп, Панастың тығылып жатқан же- ріне кез болды. Дәл үстінен шыққан соң, Панас орны- нан тұрып, не де болса, Матузьканы шап беріп, ұстап, кешке дейін сарайдан шығармай, тек кетер алдында ғана босатайын деген ой сап еткен еді. Бірақ бұл са- райға, сарайдың маңына келіп-кетушілер көп болған-
Достарыңызбен бөлісу: |