КОМЕНДАНТ «ОРНЫНАН» АЛЫНДЫ
Канев атындағы партизан құрамасы Днепр бойын- да жауынгерлік сапын құрып, жауға қатты соққы берді. Днепрдің сол жак жағалауында сәтті әрекет жа- сағаннан кейін ол оң жақ жағалауға өтті. Ңұрама жаудың бір гарнизонындағы бір батальондай әскери бөлімшесін талқандап, Днепрдің оң жақ жағалауына өткені осы еді. Днепрдің сол жағалауы — тоғайлы, құмдауыт, жазық келеді де, оң жақ жағалауы — қа- лың орманды, биік болады. Орман Киев қаласынан басталып, төмен қарай, сонау Ңара теңізге дейін көсі- ліп, тұтасып жатады.
Канев қаласының солтүстігіндегі ит мұрыны еткі- сіз Панитов орманына келіп орналасқан болатынбыз. Бірер күн ес жиып, кейін бұл жақтағы астыртын ұйым- дармен байланыс жасап, тиісті барлау мәліметтерін алдық. Бұл Волга бойындағы шайқастың кезі еді. Жау Днепрдін оң жағалауындағы өзінің резервте тұрған әскерін сол жақ жағалауға ауыстырып, топтастыра бастаған болатын. «Ішкі тәртіпті саңтайтын гарнизон- дар» дегі агалатын бірен-саран бөлімшелері болмаса басқа әскери бөлімдері қалмаған-ды.
Аудан орталықтарында, кіші-гірім қалалар мен темір жол станцияларында, ірі-ірі селоларда басқын-
шылардың әскери комеданттары ңалып, жергілікті тұрғындарға өздерінің білгендерін істеп жатқан уақыт болатын. Ал селоларда старосталар елді талап-тонауға, халықты «жаңа тәртіпке» көндіруге өздерінің жалда- малы ңолшоқларлары — полицайларды айдап салып отырған-ды.
Бұл төңіректе жасақты күштерінен айрылған са- йын жау халыққа бүйідей тиіп, қаһарын төге түскен. Село-селодағы совет мектептері абақтыға, мектеп жа- нындағы денешынықтыру алаңдарына орнатылған спорт бағандары дарларға айналған. «Коммуниссің», «комсомолсың», «партизансың», «жаңа тәртіпті бұз- дың» деген санқилы сылтаумен халықты қоқанлоққы- лап ңорқытып, совет адамдарын жаппай қыра беру мақсатымен қолға түскен жанды атып-асып жатты.
Отанын сатқан, екі жүзді азғындардың көрсетуі бойынша, жер-жерде қара тізімдер жасалып, ол тізім- дерге советтің адал азаматтарының аттары тіркелген болатын. Міне, сондайдың бірі талай адал совет ада- мының қанын мойнына жүктеген Мироновка комен- данты еді. Сол қанішердің көзін жоюдың ыңғайын көптен бері бір келтіре алмай жүрген болатынбыз.
Достарыңызбен бөлісу: |