Жолдас командир, жолдас комиссар, Отан әмі- рін орындауға жедел кірісіңіздер!..
Орындаймыз, жолдас генерал!.. Отан әмірін мүлтіксіз орындауға кірісеміз!— деді комиссар әрі ны- ғыз, әрі сенімді дауыспен.
Сенемін, жолдастар! Сапарларың оң болсын!..
Әуелі менің қолымды, сонан кейін комиссардың қо-
лын қатты қысты да, тәрбиелеген перзентін алыс са- парға, қанды жорыққа аттандырғалы тұрған әкедей аса бір мейріммен қарады генерал.
Менің қолымды қысқанда генералдың алақаны ду- ылдап, бойыма ыстық лебі мен күшті соққан жүрегі сезілгендей болды. Мен оның осы қалпынан бүкіл Ота- нымның, алыстағы Қазақстанымның тынысын сезген- дей болдым.
Генерал бізбен қоштасқаннан кейін, оң жақта ағаш- тың тасасында тұрған жеңіл машинасына отырып, штабқа қарай жүріп кетті...
Біз де іле-шала іске кірістік...
Міне, аэродромда тұрмыз. Екі-үш сағаттан кейін жау тылына аттанамыз.
Көп кешікпей генерал қайта оралды.
Мен өзіме қарасты жігіттерді сақадай сайлап алып,
Ю
қатардап тізіп, әзірлеп қойдым да, генералға келіп ра- порт бердім:
Жолдас генерал-майор, отряд жауынгерлік тап- сырмайы орындауға әзір!..
—. Өте жақсы,— деді генерал,— жеңіске жетулері- ңе тілектеспін.
Генерал менімен бірге келді де, қатар түзеп тұрған партизандардың алдында қысқаша сөз сөйледі:
Аяулы партизан жолдастар! Жаудың тылына аттанғалы тұрсыздар. Сіздер ең алдымен уақытша жау қолында қалған совет адамдарына Совет үкіметінің, ¥лы Отанымыздың туысқандық сәлемін жеткізіңдер!
Уралаған дауыстар аспанға шырқады. Генерал аз кідіріп, тағы да сөйлеп кетті:
Сіздердің негізгі міндеттеріңіз: жергілікті ха- лықтан партизан отрядтарын ұйымдастырып, жаудың тыльща іріткі салу, көпірлерді, қатнас жолдарын, ком- муникациялық тораптарды талқандау. Немістердің із- өкшесіне түсіп, жеке шықңандарын батыл құртыңдар. Жаудың барлық күштеріне бөгет жасап, үрей туғы- зу — сендердің басты міндеттерің...
Генералдың жайлап, салмақты шыққан үні парти- зандардың бойына қуат болып құйыла берді. Олар құ- рыштай шыңдалып, қайратқа бекіне түсті. Болашақ жойқын жеңістің ұшқынын содан көргендей, баршасы генералдың көзіне тура қадалып тұр.
Сөйтіп, Советтік Украинаны жаудан тез азат етуге Ңызыл Армияға болысыңдар, жолдастар!— деп генерал сәл кідіріс тапты да: — Бауырымыз украин халқына туысқандық сәлем,— деп, сөзін аяқтап оң қо- лын жоғары көтерді.
Достарыңызбен бөлісу: |