ғын денелі жігіт еді. Соғыстан бұрын педагогика институтын бітіріп, орта мектепте нэміс тілінен сабақ берген. Неміс тілін таза сөйлейтін. Аяғының кемтар- лығынан армия катарында болмаған. Жерімізге бас- қыншылардын табаны тигенше Хоцкийдегі орта мек- тепте оңытушы болып істеген. Басқыншылар келген күннен бастап сол селода астыртын жұмысты ұйым- дастыру ісіне қатысыи, соңынан Люба деген зайыбы, Федор деген інісі үшеуі отрядқа келген. Отрядта бар- лаушылар тобында болып, талай-талай тапсырмалар- ды орындаған ер жігіт еді. Соңынан оған «іздегенге сұраған» дегендей, тап өзіндей тағы да бір сенімді се- рік табыла кетті. Ол Волга бойында туып-өскен Ро- берт Клейн болатын. ¥лты — неміс. Ол да жасы отыз- дарға келген, орта бойлы, сыпайы мінезді сымбатты жігіт. Соғыс басталған кезде аға лейтенант шенінде армия қатарында болған. Борисполь түбінде қоршауда қалып, сонан жергілікті астыртын ұйымдармен байла- ныс жасап, солардың тапсырмасымен Переяслав геби- тінің автогаражын басқарған. Кейіннен автогаражды талқандап бірнеше машинамен партизан отрядына келіп ңосылған. Бұл екеуі барлауға үнемі атпен шыға- тын болғандықтан, атқосшылыққа Серікті қалап ал- ған еді. Сонан Серік екі барлаушыға еріп талай қауіпті жорықтарға қатысты. Бұлар бір-бірінен сыр бүкпейтін сенімді серік болып алған.
Үш барлаушыға жүктелген бүгінгі тапсырма да он- ша оңай емес. Тапсырма Козин комендантына жасал- ғалы отырған екінші жорыққа байланысты болатын. Осыдан алты ай бұрын бұл селоның комендантын пар- тизандар ңапыда қолға түсіріп, үнін бір өшірген-ді. Сонан кейін оның орнына тағы да бір қанішер таға- йындалған болатын. Қазір де бұл комендатура парти- зан қозғалысына қарсы барлау орнына айналған. Тыңшылың жұмысын өрістетіп, село-қалада қимыл жасап жүрген астыртын ұйым төңіректерін, партизан лагерін тіміскілей бастаған-ды. «Партизан», «астыр- тын ұйым мүшесі» деген арнау әралуан сылтауды же- леу етіп, совет адамдарын өлтіріп, немесе түрме, ла- герьлерге айдатқан. Сөйтіп партизан қозғалысының жер-жерде жауга қарсы жүргізген жеңісті қимылда- рына көрер көзге бөгет жасап, қылмыстың ұясына ай- налып отырған осынау комендатураның бастығын
Достарыңызбен бөлісу: |