«О, сұмырайлар, келіп те қалдыңдар ма! Мені енді қанша азаптап, қандай қорлық көрсеткенімен не жа- уап аламын деп ойлайды екен!» Жендеттер жақындағанда Петя Устимович оеы жендеттерге қарамайын деген оймен төмен түсіп отыр- ды. Сөйткенше болмай, балдырлап келіп олар да есік ашты. Тұтқынды әдеттегіше екі тепті де, екі жағынан сүйреп, таныс панға алып келді. Пан мыеықша жыл- миып, бір мырс етіп күлді де, Петяға қарап:
Бүгін ақырғы рет сұраймыз... Сұрауларға дұ- рыс, шын жауап берсең тірі қалдырамыз. Өзің дәрігер- сің, бізге де дәрігер керек. Сен көп қиқарлықты қой, шыныңды айт! Тірі қаласың! — деп қоразданып, сұ- рауын бастады:
Біріншіден, сен партизан Миша дегенді білееің бе? Соны айт!
Жоқ.
Мишаны партизандарға кім жібергенін біле- сің бе?
Жоқ, білмеймін.
Тіпті сен Миша дегенді көргенің бар ма? Тани- мысың?
Жалым-жұлым, бір жақ көзі көгере ісіп жұмылып кеткен Миша кіріп келді. Петяны көргенде ол жүзін қуартып, қанын ішіне тарта қойды. Ал, Петя сондай жиіркенішті пішінмен Мишага бір қарап, танымаган адамша, өз жайына отыра берді. Пан орнынан тұрып, Мишаға жақын төніп кел- ді де:
Танисың ба мына отырған адамды? — деді кө- зін сайқалдана қысып.