ОРМАНДЬІ ТАУ Зинаның қаза тапқан жерінен ұзап шыққаннан ке- йін, отырып дем алдық та, картадан өзіміз таисырма алып түсуге тиісті жерімізді іздедік. Украин партизан қозғалысы штабы барлау бөлімі бастығының айтуы бойынша Карпат тауының Чехословакияға қарасты биігінің бірі «Полонина Руно» («Тегіс алаң») деген би- іктің ең үстіндегі алаңға түсуіміз керек еді. Ал біз бір жартасты шатқал беткейде жүрміз. Ңайың, терек, ңа- рағай араласа өскен орманды таудан көзбен ешнәрсені болжап болмайды. Ңоңыр күз сияқты қоңыр ну орман- ның ішіне кірдік те кеттік. Осынша қалың орман ішін- де не ұшып, не алыста дыбыс беріп жүрген бір де құс көрінбейді. Тек анда-санда биік беткейден төмен қарап сылдырап аққан бұлақтан су ішіп, біздің дыбысымыз- дан сезіктенген не бұғы, не тау ешкісінің дік-дік етіп секіріп қашып бара жатқанын ғана көреміз. Біз отырған беткейдің қарсысында жотасы жала- ңаш тау тұр. Ал өзіміз жүрген таудың қаншалықты
ймік екенін білмейміз. Ойымыз «Тегіс алаң» осы екі таІдың біреуінің ұшар төбесі болу керек. Жүрген жері- міздің картада бар бір белгілі жерін таппаған соң кар- тадан да іздеген жерімізді табу ңиынға соңты. Әрине, біздің қазіргі жағдай өте ауыр, радистка Зинадан айрылдық. Екінші радисіміз болғанымен, ра- циямыз жоң. Үлкен жермен байланыс үзілді. Александр Васильевич аз тұнжырап отырды да: Жігіттер, мойымаңдар! Біз бұл сапарымызды
да баянды етіп аяқтаймыз. Кеттік! — деп автоматына сүйеніп орнынан тұрды. Өзіміз жүрген таудың басына келесі күні кешке шықтық. Бұл да Карпаттың әр биігі- не тән төбесі жалаңаш ағашсыз алаң, көк майсалы шөпті екен. Кешеден бері жүрген жерімізде адам ба- ласының аяғы тиген бір белгі жоқ. Сол күні ашық алаңға түнедік. Тауға түскен түнгі шықтың қалыңдығы сондай, тіпті таңертең өне бойы- мызда су болмаған жер жоқ, суға шомылғандай — сү-