мектей тұрдық.
Келесі күні сол таудың бір қорғануға қолайлы же-
рін мекен етіп, табысар жерді белгілеп бірнеше топқа
бөлініп барлауға шықтық.
Бізбен бірге ұшңан екі отрядтың составынан адас-
тық. Оның бірін құрама штабының бастығы Виктор
Бурый, екіншісін құраманың комиссары Леонид Страх
бастап ұшқан еді. Міне, осы отрядтардың тағдыры біз-
ге белгісіз. Бұл отрядтарды алып ұшқан самолеттер
ауа райының қолайсыздығынан жау тылына тастамай
Үлкен жерге қайта алып ұшып кетуі де ықтимал. Бі-
раң біздер, әдетте, жау тылына ұшып жүріп қандай да
жағдай болмасын, сол самолетпен ңайта Үлкен жерге
оралмаушы едік. Сондықтан да оларды «ңайта орал-
ды» деген ойдан аулақпыз. Басқа да барлау жұмыста-
рымен бірге соларды іздеуге тура келді.
Совет Одағының Батыры подполковник Тканко бас-
тап шыққан топ бірнеше сағат жүріп таудың күнгейіне
шықты. Алыста, оңтүстік жақта мұнарланып кіші-гі-
рім таулар ғана көрінеді. Таудың күнгейі де қалың
орманды екен. Тау басын қарақошқыл бұлт басып тұр.
Таудың күнгей бетімен біраз түстік. Аз жүріп тың тың-
даимыз да тағы жүреміз. Тек жел соғып теңселген
ағаштың суылы ғана естіледі.
Бір кезде алдымызда келе жатқан отряд командирі
Константин Спижевой алдына үңіліп қарап тұрды да, артында келе жатқан бізге «тұра тұрыңдар» дегендеіі қолымен ишарат білдірді. Біз де тұра қалдық. Спиже- вой кейін қарай бұрылып, ақырын басып келді де, біз- ге қолымен нұсқап 200 метрдей төмендегі тас үстінде отырған адамды көрсетті. Тас үстіндегі адам қолында- ғы таяғына сүйеніп еңкейіп отыр екен.
Құрама командирі бәрімізді ымдап шақырып ал- ды да:
Осы адамды қайткенде ұстап алып жөн сұра- лық. Айрылып қалушы болмаңдар. Бұл тауда жүріп үйренген адам, бізді көрсе-ақ қорқып қашуы мүмкін,— деді.
Біз тұс-тұстан әлгі адамды қоршай бастадық. Әб- ден жақын келгенімізше ол төмен қараған күйі отьіра берді. Арт жағынан жақындаған Митяның сыбдыры- нан әлгі адам елең етіп, басын көтеріп жан-жағына қарады да, бізді көріп орнынан ұшып тұрып, үрейлі дауыспен айқайлап жіберді. Митя Карпатта туған украиндық еді. Бізбен Үлкен жерден әдейі тілмаш ре- тінде ұшып келген болатын. Ол үрейленген адамға Карпат Украинасының тілінде:
Ңорықпа! Біз өз адамдарыңбыз,— деді. Әлгі адам даусын бәсеңдетіп өз тілінде бірдеме деп бажыл- дай бастады. Митя жақын барып амандасты да, үрейлі адамды жеңінен ұстап отырғызып, бізді шақырды. Келсек, жасы отыздың бесеу-алтауына келген адам екен. Жалаң аяқ, үстінде ешкі жүнінен тоқыған ақ кү- пісі, ақ кенеп шалбары бар. Отырған күйінде жас тол- ған козімен үрейленген ол әрқайсымызға жас баладай жалтаңдап қарай берді...
Достарыңызбен бөлісу: |